ІІ Тарау. Стандарттаудың маңызы мен мазмұны
2.1 Стандарттау ұғымы
Стандарттау – нақты қойылып отырған жіне ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы латын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулер нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
Өнім процестер көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамассыз ету.
Өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамассыз ету.
Өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселерінде тұтынушылардың мүделерін қорғау;
Өлшемдер бірлігін қамтамассыз ету;
Ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану.
Елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамассыз ету.
Табиғи және техногенді аппаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
Стандарртау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, қолданылатын технологиялық үрдістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады.
Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер – өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарлату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми – техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.
2.2 Стандарттау саласындағы нормативтік
құжаттар
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.
Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.
Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: Халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар, және техникалық-экономикалық ақпарат жүктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекетердің ұлттық стандарттары жатады.
Ереже (ЕР) – міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық –техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат.
Ұсыныстар – ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін, белгілейтін құжат.
Норма – қамтамассыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай (ИСО/МЭК 2).
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемоекеттік жіктеуші – техникалық – экономикалыө ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |