Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет23/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86
Акишев

6.2. Қызмет көрсетуді стандарттау

Қоғам өмірінде және экономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады:


- өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынады;
- елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 30%-дан астамы қызмет көрсету саласында істейді және бұл көрсеткіштің әрі қарай өсуі байқалады, т.б.
1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының ақылы қызмет көрсету саласындағы басты келісімі іске асырылды.
Келісімнің мақсаты халықаралық нарықта барлық ақылы қызмет көрсету түрлерін ынталандыру және құқықтық қамтамасыз ету.
Қызмет көрсетулер біртекті топтар түрінде жіктеледі. Бұл топтарға мыналар жатады:

  1. Тұрмыстық радио электрондық аппараттарды, электр машиналары

мен приборларын жөндеу және техникалық қызмет көрмету.

  1. Авто-мото транспортқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

  2. Сұйық отынмен және газбен жанатын аспаптарды жөндеу.

  3. Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметі.

  4. Тұрмыстық-экскурсиялық және қонақ үй қызметі.

  5. Жолаушыларға көрсетілетін көлік қызметі.

  6. Жиһаз жасау және жөндеу.

  7. Байланыс қызметі.

  8. Киімді тігу және жөндеу.

  9. Аяқ киімді жөндеу, бояу және тігу.

Көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп келеді. Оның жаңа түрлері, яғни,
аудиторлық, кеме кіресі, жарнамалық, т.б. түрлері дамып келеді.
Қызметті стандарттау жұмыстары 1992 жылы басталды. Оған себеп
Қазақстан Республикасында қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң.Заң тұтынушылардың қауіпті қызметтен қорғаудың жүйесін құрудың қажеттілігін айқындады. Жүйенің басты бағыты ретінде міндетті сертификаттау белгіленді.
Қызмет көрсету саласында қолданылып келе жатқан ережелер, нұскаулар, т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандақтан міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды.
Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды.
Мемлекеттік стандарттарды дайындау үшін техникалық комиттеттер құрылды. Қызмет көрсету сапасының көрсеткіш атауларына, қызмет сапасын бағалау әдістеріне стандарттар дайындау жоспарланып, қазіргі кезде жүзеге асырылып келеді. Міндетті сертификаттауға жататын қызмет түрлері анықталды (шаштараз қызмет, бөлшек сауда қызметі, т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет