Стандарттау жүмыстарының тиімділігі одан қоғам көлемінде (халық шаруашылығында) алынған пайда мөлшерінің осы пайдаға қол жеткізуге жүмсалған қар-жыға қатынасы түрінде анықталады.
Стандарттау жүмыстарының тиімділігі мына мақсат-тарда анықталады:
нақтылы стандарттау жүмыстарын мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау жүмыстарының жос-парларына қосудың орынды екенін дөлелдеу үшін;
стандарттарға енгізі луі мүмкін шешімдердің ішінен оңтайлысын таңдап алу үшін;
стандарттау саласындағы жүмыстың нәтижелілігін бағалау үшін.
Стандарттау жүмыстарының тиімділігі оның мынан-дай негізгі түрлерімен сипатталады.
экономикалық;
техникалық және аңпараттық;
әлеуметтік.
1. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері ретінде қолданылады:
пайда (э). - нақтылы стандартты (стандарттар топ-тарын) халық шаруашылығында қолданғанда оған сәйкес жекелеген өнімге жүмсалатын жалпы шығын мөлшерінің азаюы;
шығын (з) -*• нақтылы стандартты (стандарттар топ-тарын);
халық шаруашылығында қолданғанда оған сәйкес жекелеген өнімге жүмсалатын жалпы шығын мөлшері;
жекелеген өнімге (қызметке) шаққандағы экономи-калық тиімділік - стандартталатын өнімді өндіру, сату, ңолдану жөне жою кезендерінде жекелеген өнімнен алы-натын пайда (э) мен жүмсалған шығын (з) айырымы түрінде анықталатын көрсеткіш;
стандарттау жүмыстарының экономикалық тиімділігі нақтылы стандартты (стандарттар топтарын) қолданудан халық шаруашылығында алынған экономикалық пайда-ның жүмсалған шығынға қатынасы түрінде аныңталады.
Экономикалық тиімділік стандарттардың мына түрлерін өзірлегенде және қолданғанда анықталуы тиіс:
А) өнімге (қызметке) техникалық талаптар немесе шарттар тағайындалатын стандарттарды;
Б) процеске (жүмысқа) арналған стандарттарды;
С) баңылау өдістеріне арналған стандарттарды.
Стандарттардың экономикалық тиімділігіне қатысты бірер мысал. Ресейде тоңазытқыштарға қатысты стандартты енгізгенде олардың әрқайсысынан жылына 200 кВт-қа дейін өнім түсіп отырады. Тоңазытқыштар әр үйде қолда-нылатынын ескерсек үңемделетін электр энергиясының мөлшері жаңа электр станциясын салғанмен пара-пар.
Материалдарды тот басудан (коррозиядан), тозудан жөне биологиялық бүлінуден қорғауға арналған стандарт-тарды әзірлеу және қолдану жылына 600-800 млн. теңге шамасында пайда түсіреді.
2. Техникалық тиімділік негізге алынатын (үйым-
дық-техникалық, жалпы техникалық) стандарттарға
қатысты анықтау үсынылады.
Стандарттау жцмыстарының техникалық тиімділігі Стандартты қолданудан алынатын техникалық пай-
даның салыстырмалы көрсеткіштері түрінде анықта-
луы мүмкін.
Мысалы, қауіпсіздік деңгейінің артуы, материалдың және энергиялың сыйымдьілықтардың азаюы, т.б.
Стандарттау жүмыстарының ақпараттық тиімділігі қоғамға қажетті өзара түсіністік'ке, ақпаратты түсіну біркелкілігіне қол жеткізеді жөне осы жағдайларға ша-руашылық субъектілерінің бір-бірімен келісімдік-қүқықтық қатынастарында жөне халықаралық ғылы-ми-техникалық, сауда-экономикалық қатынастарын мемлекеттік басқаруда да жету.
3. Әлеуметтік тиімділік негізгі төжірибеде ңолда-
нылатын өнімге (қызметке, процеске) қойылатын
міндетті талаптардың көпшіліктің денсаулығына,
түрмыс деңгейіне және басқа да өлеуметтік маңызы бар
жағдайларда оң өзгерістер өкелуінде. Мысалы, өндірісте
жарақаттану, ауырып қалу деңгейлерінің төмендеуі, т.б.
Әлеуметтік тиімділікті тікелей есептеп шығару көп жағдайда ңиын немесе мүмкін емес. Мысалы, балалар тағамдарына қатысты стандарттар тобын өзірлеу және қолдану көп мөлшерде шығын шығаруға байланысты. Бірақ та стандарттау жүмыстары негізінде қол жеткізіп отырған балалардың денсаулығының жақсаруы - үлкен әлеуметтік жетістік.