5.4. Стандарттау жұмыстарын Еуропалық Одақ (ЕО) щеңберінде ұйымдастыру
Қазірегі кезде экономиканы интеграциялауға, аймақтық біріккен нарықтар құруға бетбұрыс айқын байқалады.
Интеграцияның кең дамыған аймағы – Еуропалық Одақ шеңбері (ЕО).
1993 жылы Еуропаның 15 елі бірігіп құрған нарық осы елдердің шамамен 400 млн. Тұрғындарын қамтиды. Осыған байланысты ұлттық кедергілерді жою мақсатындааймақтық стандарттарға басты назар аударылып отыр.
1961 жылы стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет (СЕН ЭЛЕК) құрылды. Бұл комитеттердің құрамында 239 техникалық комитеттері бар.
Біріккен нарық жағдайында сәйкес ЕО «Еуропаның жасыл кітабы» деп аталған (Еуропада техникалық интеграцияны жеделдету үшін еуропалық стандарттарды дамыту) бағдарлама жасалды.
Бұл бағдарлама Еуропада стандарттауды қайтадан құру және дамыту жоспары қарастырылған. «Жасыл кітапта» көрсетілгендей еуростандарттар техника мен технологияның ең соңғы жетістіктерін қамтуы керек, ал директивалар – тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіпсіз емес немесе зиянды өнімдерді Қоғамдастыққа енғізбеу үшін тиімді шараларды қарастыру қажет. Осындай шаралар негізінде стандарттау жұмыстарында көптеген өлгерілеу жасалды. Мысалы, 1991 жылы ЕО 200 дериктивалар және 1200еуростандарт болған болса, 1993 жылы дерективалар саны бірнеше мыңға жеткізілді.
Қазіргі жағдайға СЕН және СЕНЭЛЕК-тің басты саясаты - ИСО /МЭК халықаралық стандарттарын аймақтық ретінде кеңінен қолдану. Осының нәтижесінде ЕО шеңберінде қолданылатын нормативтік құжаттардың 45% -ын ИСО/МЭК шығарған халықаралық стандарттар.
5.5. Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім
Қарастырылып отырған келісім Дүиежүзілік сауда ұйымынының (1993 жылы бұрынғы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім осы ұйым түрінде қайта құрылды) халықаралық стандарттау шеңберіндегі жұмыстар ережелеріне арналған 40 құжаттың бірі.
Бұл ережелер мыналар:
Үйлестіру. Егер халықаралық стнадарттар (ерікті техникалық құжаттар ретінде), регламенттер (міндетті түрде орындалуға тиісті құжаттар) немесе сәйкестік бағалау ережелері (сертификаттау жұмыстарында) болса, онда Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшелері оларға сәйкес келмейтін ұлттық құжаттарды дайындамауға тиісті.
2. Ұлттық режим және дискриминацияламау. Шетелдік өнімдердің сапасын бағалау жағдайының қолайлылығы отандық өнімдерді бағалау жағдайынан кем болмауы тиісті, яғни шетелдік өнімдерге қойылатын талаптар отандық өнімдерге қойылатын талаптардан қатаң болмауға тиісті.
3. Хабарлау және айқындылық. Егер жекелеген елдердің халықаралық нормативтік құжаттардан өзгеше құжаттар қабылдау туралы ниеті болса, онда ол ДСҰ секретариятына оның дәлелді себептерін және құжат жобасының қысқаша мазмұнын хабарлауға тиісті. Барлық қабылданған нормативтік құжаттар жедел жариялануы керек және олар барлық ел ішіндегі және сыртқы мүдделі жақтардың қол жеткізуіне (айқындылық) ыңғайлы болуы қажет.
4. Стандарттау туралы ақпарат. ДСҰ мүше болу олардың арасындағы сауда қатынастарында кедергі болуы мүмкін деген стандарттау жүйесінде болып жатқан өзгерістер туралы ескеріп отыруды талап етеді. Осыған байланысты ДСҰ әрбір мүшесі бір немесе бірнеше ақпараттық орын ашады. Бұл орындарда ешбір қиындықсыз елде қолданылып жүрген және дайындалып жатқан стандарттар, регламенттер ж. б. жөнінде ақпарат алуға болады.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне
байланысты туындайтын негізгі мәселелер 3-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |