Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Салааралық стандарттардың жүйелері



бет24/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
Акишев

6.3. Салааралық стандарттардың жүйелері

Салааралық жүйелер мемлекеттік (ұлттық) және мемлекетаралық стандарттар түрінде қалыптасады. Келешекте жалпы техникалық жүйе ролін атқаратын салааралық стандарттардың жүйелері техникалық реттеудің жалпытехникалық жүйесіне айналады. Өйткені олардың құрамына ұлттық стандарттар ғана емес, сонымен қатар техникалық регламенттер де кіреді.


Барлық салааралық стандарттарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз ететін

стандарттар;

  1. басқару және ақпараттық стандарттар;

  2. әлеуметтік саланың стандарттары;

Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз ететін
стандарттар ретінде мыналарды келтіруге болады.

  1. өндірісті техникалық дайындау стандарттары;

  2. өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз ететін

стандарттар;

  1. сапа жүйелерінің стандарттары;

  2. өнімнің кейбір қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын

стандарттар;

  1. сертификаттау жүйесінің стандарттары;

  2. аккредиттеу жүйесінің стандарттары.

  1. Машинаның және приборлардың бөлшектерін өндіруде оны

техникалық дайындаудың негізін конструкторлық және технологиялық дайындау құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қосыла отырып бұлар бөлшекті өндіру және оның сапасын қалыптастыру сатысын құрайды.Бұл деңейде өтініш берушінің, жобалаушының, дайындаушының және тұтынушының мүдделері тоғысады. Осыған байланысты қарастырылып отырған сатыдағы басты мақсат, ол жоғары техникалық деңгейдегі бұйым жасау, жобалаудың және жаңа техниканы игерудің мерзімі мен еңбек сыйымдылығы азайту болып табылады.
Тиімділігі жоғары өнім шығаруға мына салааралық стандарттар жинағы бағытталған:
- жобалау және өнімді өндіріске енгізу жүйесі;
- конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
- технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
- автоматтық түрде жобалау жүйесі.
Аталған стандарттар жинақтарының ішінде техникалық құжаттарды стандарттауға көп көңіл бөлінеді. Стандарттаудың тиімділігі құжаттарды басқа мекемелерге бергенде, оларды қайтадан жасаудың қажет еместігінде, құжаттардың мазмұны оңтайландырылғандықтан құжаттың мәтінін және сызбасын дайындау және жасау шығыны азаяды, жобалауда үйлестіруді кеңінен қолдануға болады. Мысалы, конструкторлық құжаттардың бірыңғай жинағын қолдана отырып жобалау жұмысының еңбек сыйымдылығын 25-30% кемітуге болатындығын анықталған.
Өнім сапасын қамтамасыз етудегі автоматты түрде жобалаудың ролін еуропалық сапа мекемесінің деректерінен көруге болады: техника жұмысында болып тұратын тоқтап қалу себептерін бағалағанда «70-20-10» ережесі анықталған, яғни тоқтап қалу 70% деңгейінде жобалау жұмыстарындағы жіберілген кемістіктерге, ал 20% деңгейінде жасау кезінде жіберілген кемістіктерге, 10% деңгейінде пайдалану кезінде жіберілген кемістіктерге байланысты.
Өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз ететін стандарттар – ол пайдалану құжаттарына қатысты стандарттар жинағы, пайдалануда басшылыққа алынатын стандарттар, паспорттар, этикеткалар (тауарға жабыстырылатын қағаз), т.б. Сапалы жасалған пайдалану құжаттары техниканы, әсіресе күрделі техниканы, дұрыс пайдаланудың, яғни пайдалану ережелерін бұзбаудың кепілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет