Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет50/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
Акишев

1.5. Физикалық шамалардың Халықаралық

бірліктер жүйесі

Өлшемдер мен салмақтар бойынша Бас конференция (ӨСБК) 1954 жылы халықаралық қатынастарда қолдану үшін физикалық шамалардың алты негізгі бірлігін анықтаған: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және свеча. Өлшемдер мен салмақ бойынша ХI Бас конференция 1960 жылы Бірліктердің халықаралық жүйесін бекітті, ол SI (француздік Systeme International d`Unites) орысша СИ деп белгіленеді. ТМД елдерінде және Экономикалық көмектестік одағына кіретін елдерде СИ жүйесі 1980 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.


Кейінгі жылдар Бас конференция бірқатар толықтырулар мен өзгертулер қабылдады, соның нәтижесінде жүйеге жеті негізгі бірлік, қосымша және туынды бірліктер енді (Қосымша 8). Сондай-ақ, негізгі бірліктердің мынадай анықтамалары жасалды [2, 3, 4, 5]:

  • ұзындық бірлігі – метр (халықаралық белгіленуі – m, қазақшасы - м) – вакуумдағы жарықтың 1/299792458 үлес секундта жүріп өтетін жол ұзындығы;

  • масса бірлігі – килограмм (халықаралық белгіленуі – kg, қазақшасы - кг) – килограммның халықаралық үлгісінің массасына тең масса.

  • уақыт бірлігі – секунл (халықаралық белгіленуі – s, қазақшасы - с) – сыртқы өрістер әсер етпеген 133-цезий атомының негізгі күйінің аса жұқа құрылымының екі деңгейінің арасындағы ауысуға сәйкес келетін сәулеленудің 9192631770 периоды;

  • элект тогының күш бірлігі – ампер (халықаралық белгіленуі – А, қазақшасы – А) – вакуумда бір-бірінен 1 м арақашықта жатқан екі параллель шексіз ұзын дөңгелек қима ауданы өте кішкентай өткізгіштер арқылы өтетін ток күші; мұнда өткізгіш ұзындығының әрбір метріне осы өткізгіштердің арасында 2*10-7 Н-қа тең күшті тудыратын ток әсер етеді;

  • термодинамикалық температура бірлігі – кельвин (халықаралық белгіленуі – К, қазақшасы – К) – судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі;

  • заттар мөлшерінің бірлігі – моль (халықаралық белгіленуі – mol, қазақшасы – моль) – массасы 0,012 кг көміртегі – 12 нуклидінде бар атомдар санына тең құрылымдық элементтері бар, жүйе заттарының мөлшері;

  • жарық күшінің бірлігі – кандела (халықаралық белгіленуі – cd, қазақшасы – кд) – шығу көзінен берілген бағытта таралатын және осы бағыттағы энергиялық күші 1/683 Вт/ср-қа тең, жиілігі 540*1012 Гц монохроматты сәуле шығаратын жарық күші.

Негізгі бірліктерден басқа СИ жүйесінде қосымша бірліктер пайдаланылады, олар – жазық және денелік бұрыштарды өлшеу үшін – радиан және стерадиан.

  • Радиан – шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш, олардың арасындағы доғаның ұзындығы радиусқа тең. Тәжірибеде мынадай бірліктер пайдаланылады:

градус 1º = 2π/360 рад = 0,017453 рад;
минут 1΄= 1º/60 = 2,9088*10-4 рад;
секунд 1΄΄ = 1΄/60 = 1º/3600 = 4,8481 *10-6;

  • Стерадиан – сфераның бетінде қабырғасы сфераның радиусына тең квадратты қиып алтын төбесі сфераның центрінде орналасқан денелік бұрыш.

Сондай-ақ, жүйеде көптеген туынды бірліктер, механикалық шамалар, электрлік және магниттік шамалар, жылулық, жарықтық және акустикалық шамалар, сондай-ақ иондағыш сәулеленудің бірліктері бар. СИ жүйесінің туынды бірліктері негізгі және қосымша бірліктерден туындайды (9-қосымшада көп қолданылатын бірліктер келтірілген).
Келтірілген анықтамалар біршама күрделі және жеткілікті біліктілік деңгейін, ең алдымен физикалық білімді талап етеді. Бірақ бұл анықтамалар қабылданған бірліктердің табиғаты, табиғи жаратылысы туралы түсінік береді, ал олардың түсіндірілуі ғылымның дамуына қарай, теориялық және тәжірибелік физиканың, механиканың, математиканың және білімнің өзге де іргелі салаларының жаңа жетістіктерінің арқасында күрделене береді. Ол бір жағынан, негізгі бірліктерді сенімді және дәл көрсетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, әлемнің барлық елдеріне түсінікті етуге мүмкіндік береді, ол бірліктер жүйесінің халықаралық болуы үшін басты шарт болып табылады.
Халықаралық жүйе СИ алдындағыларға қарағанда дәл және әмбебеап болып саналады.
ӨСБК-сы Халықаралық бірліктер жүйесі қабылданғаннан кейін барлық ірі халықаралық ұйымдар оны өздерінің метрология бойынша нұсқауларына енгізді және осы ұйымдарға мүше барлық елдерді осы жүйені қабылдауға шақырды.
Бүгінгі таңда көптеген елдердің халықаралық ұйымдар құрамына кіруге ұмтылуына байланысты СИ жүйесі шынында халықаралыққа айналды, бірақ сонымен қатар жүйеден тыс бірліктер де қолданылады. Мысалы, тонна, тәулік, литр, гектар және т.б. (10-қосымша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет