Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет47/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86
Акишев

Өлшем түрлері

Өлшемдер мынадай сипаттары бойынша ажыратылады: ақпаратты алу әдісі бойынша,өлшем процесіндегі өлшенетін шаманың өзгеру сипаты бойынша,өлшенетін ақпарат саны бойынша,негізгі бірліктерге қатыстылығы бойынша.


Ақпаратты алу әдісі бойынша өлшемдер:тура, жанама, жиынтық және қатар болып жіктеледі.
Тура өлшемдер-бұл физикалық шаманы оның өлшемімен тікелей салыстыруда.Мысалы,заттың ұзындығын сызғышпен анықтау кезінде ізделінген шама өлшеммен,яғни сызғышпен салыстырылады.
Жанама өлшемдер тура өлшемдерден ерекшеленеді,мұнда ізделінетін шаманың мәні өзара байланысатын шамалардың тура өлшемдерінің нәтижелерімен анықталады.Осылайша,егер токтың күшін амперметрмен,ал кернеуді вольтметрмен өлшесек,онда барлық үш шаманың функционалды өзара байланысы бойынша электрлік тізбектің қуатын анықтауға болады.
Жиынтық өлшемдер бірнеше біртекті шамаларды бір мезгілде өлшеу нәтижелері бойынша жасалынған теңдеулер жүйесін шешумен байланысты.Теңдеулер жүйесінің шешімі ізделінген шаманы табуға мүмкіндік береді.
Қатар өлшемдер-екі немесе одан да көп біртекті емес физикалық шамаларды олардың арасындағы байланысты анықтау үшін жасалынатын өлшемдер.
Жиынтық және қатар өлшемдер көбінесе электротехника саласында әр түрлі параметрлер мен сипаттарды өлшеуде қолданылады.
Өлшенетін шаманың өзгеру сипаты бойынша статистикалық, динамикалық және статикалық өлшемдер болады.
Статистикалық өлшемдер кездейсоқ үдерістердің сипаттамаларын анықтаумен байланысты,мысалы,дыбыстық сипаттамалардың шуылдар деңгейін.
Статикалық өлшемдер өлшенетін шама тұрақты кезінде пайдаланылады.
Динамикалық өлшемдер өлшеу процесінде қандай да бір өзгерістерге ұшырап отыратын шамалармен байланысты.
Статикалық және динамикалық өлшемдер таза түрде сирек кездеседі.
Өлшенетін ақпарат саны бойынша өлшемдер:дара және көп еселі болып ажыратылады.
Дара өлшемдер-бұл бір шаманың бір өлшемі,яғни өлшемдер саны өлшенетін шама санына тең.Өлшемдердің мұндай түрінің қолданылуы үнемі көп қателермен байланысты болады,сондықтан кем дегенде үш еселі өлшеулер жасап,соңғы нәтижені орташа арифметикалық
мән ретінде анықтау қажет.
Еселі өлшемдер өлшемдердің санының өлшенетін шамалар санынан артық болуымен сипатталады.Әдетте мұндай жағдайда өлшемдердің минималды саны үштен көп болады.Еселі өлшемдердің артықшылығы-кездейсоқ факторлардың өлшем қателіктеріне әсерінің төмендеуінде.
Негізгі бірліктерге қатыстылығы бойынша өлшемдер абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолютті өлшемдер деп бір негізгі шаманың тура өлшемі және физикалық тұрақты пайдаланатын өлшемдер аталады.Осылайша,Эйнштейннің белгілі Е=mc2 формуласында масса (m)-негізгі физикалық шама,ол тура жолмен есептелуі мүмкін (салмағын өлшеу арқылы),ал жарық жылдамдығы (с)-физикалық тұрақты.
Салыстырмалы өлшемдер өлшенетін шаманың бірлік ретінде қолданылатын біртекті шамаға қатынасын орнатуға негізделеді.Ізделінетін мән қолданылатын өлшем бірлігіне байланысты болады.
Өлшемдер «өлшем шкаласы», «өлшем қағидасы», «өлшеу әдісі» сияқты түсініктермен байланысты болады.
Өлшемдер шкаласы-физикалық шаманы өлшеу үшін негізгі болып табылатын оның мәндерінің реттелген жиынтығы.Бұл түсінікті температуралық шама мысалында түсіндірейік.Цельсий шкаласында санақ басы ретінде мұздың еру температурасы алынған,ал негізгі интервал ретінде-судың қайнау температурасы.Бұл интервалдың жүзден бір бөлігі температура бірлігі (Цельсий градусы,оС) болып табылады.Фаренгейттің температура шкаласында санақ басы ретінде мұзбен мүсәтір спиртінің қосындысының еру температурасы алынған,ал негізгі интервал ретінде- сау адамның дене температурасы.Температура бірлігі ретінде (Фаренгейт градусы,оҒ) негізгі интервалдың тоқсан алтыдан бір бөлігі саналады.Бұл шкала бойынша мұздың еру температурасы +32оҒ, ал судың қайнау температурасы +212оҒ.Осылайша,Цельсий шкаласы бойынша судың қайнау және мұздың еру температураларының айырмасы 100оС болса, Фаренгейт бойынша ол 180оҒ-ке тең.Бұл мысалдан біз қабылданған шкаланың ролін өлшенетін шаманың сандық мәнінде де,өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету аспектісінде де көріп отырмыз.Бұл жағдайларда өлшемдердің нәтижелерін салыстыруға болатындай бірліктердің мөлшерінің қатынасын табу қажет,яғни t oF/t oC.
Метрологиялық тәжірибеде шкалалардың бірнеше түрлері бар:атаулар шкаласы,реттік шкаласы,интервал шкаласы,қатынастар шкаласы және т.б.
Атаулар шкаласы-сандық емес,сапалық шкала,онда нөл және өлшем бірлік жоқ.Мысалға бояу түрлері атласын (түстер шкаласы) келтіруге болады.Өлшеу процесі боялған затты түстер үлгілерімен (түстер атласының эталондық үлгілерімен) визуалды (көзбен) салыстырудан тұрады.Әрбір түстің бірнеше нұсқасы бар болғандықтан,мұндай салыстыруды тек тәжірибелі маман жасай алады.
Реттік шкала өлшенетін шаманың мәнін балмен сипаттайды (жер сілкіністерінің,жел күшінің,физикалық денелердің қаттылығының шкаласы [3] (2,3,4-қосымшалар).
Интервалдардың шамасы шартты нөлдік мәнге ие,ол интервалдар сәйкестендіру бойынша белгіленеді.Мұндай шкала болып уақыт шкаласы,ұзындық шкаласы табылады.
Қатынастардың шкаласы табиғи нөлдік мәнге ие,ал өлшемдер бірлігі сәйкестендіру бойынша белгіленеді.Мысалы,масса шкаласы,нөлден басталып талап ететін өлшем дәлдігіне байланысты әр түрлі бөлінуі мүмкін (тұрмыстық және аналитикалық таразыны салыстырыңыз).
Квалиметрияда өнімнің сапасын анықтау үшін сапа көрсеткіштерін осы өнімнің басқа түрлері үшін сол көрсеткіштердің мәндерімен салыстыру қажет (мысалы,кокс сапасын,матаның сапасын. 5,6-қосымша).



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет