Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет74/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86
Акишев

Бақылау сұрақтары

1.ҚР сеслекеттік метрологиялық қызметі (ММҚ) қандай ұйымдардан тұрады және оның негізгі міндеті қандай?


2.Мемлекеттік метрологиялық қызметтен басқа өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелерімен қандай ұйымдар айналысады?
3.ММҚ қандай жолдармен метрологиялық қадағалауды жүзеге асырады?
4.Метрологиялық қызметті құру қандай аяда міндетті болып табылады?
5.Метрологиялық қызметтердің іс-әрекеттері қандай бағыттарды қамтиды?
6.Кәсіпорындардың метрологиялық қызметтері қандай мақсатта құрылады және қандай қызметтер атқарады?
7.Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың қандай түрлерін білесіз?
8.Өлшем құралдарының түрін бекітуді жүргізудің мақсаттары?
9.Қызметті лицензиялау дегеніміз не және ол қандай қызметтерде жүзеге асырылады?
10.Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау қандай аяда жүзеге асырылады?
11.Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу қандай мақсаттарда орындалады?
12.ҚР «Стандарттау бойынша» Заңына сәйкес міндетті мемлекеттік стандарттар талаптарын атаңыз?
13.ҚР Мемстандартының қажеттілігі мен міндетін сипаттаңыз.
14.Өлшем құралдарының түрін бекіту мақсатында сынақтан өткізу процедурасы неден тұрады?
15.Өлшем құралдарын сынау бағдарламасы не үшін қажет?
16.Қазақстанда салыстырып тексерудің қандай түрлері қолданылады?
VIII тарау.МЕТРОЛОГИЯ БОЙЫНША
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР


8.1. Өлшемдер мен салмақтардың халықаралық ұйымы

Өнім сапасын сынау және бақылау,метрологиялық лабораторияларда сертификаттау,аккредиттеу өлшемдердің ұлттық жүйелеріне негізделген қызметтермен байланысты болады.Өнімнің стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде түрлі параметрлердегі өлшеулер жүргізіледі: өнімнің өзінің сиапттамаларынан бастап,оларды сақтау,тасымалдау және пайдалану кезінде сыртқы әсерлер параметрлеріне дейін.Тауардың міндетті талаптарға сәйкестігін белгілейтін сертификаттаушылық сынақтар кезінде өлшемдердің әдістемесі мен тәжірибесі нәтижелердің салыстырылуына тура әсер етеді,ол сертификатты мойындаумен тікелей байланысты. Сәйкесінше, метрология халықаралық сауданың мүдделерін қамтамасыз етеді,егерөлшем нәтижелері мен өнімнің сертификатталуының салыстырылуына қажетті шартты ретінде өлшемдер бірлігі сақталатын болса.Бұл метрология бойынша халықаралық ұйымдар қызметінде ең маңыздысы болып табылады.Осы ұйымдар қызметінің нәтижесінде әлемнің көптеген елдерінде физикалық шамалар бірлігінің халықаралық жүйесі (СИ) қабылданған,өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау әдістері бойынша, өлшем құралдарын сертификаттау бойынша нұсқаулар қабылданған. Халықаралық метрологиялық ұйымдар ИСО және МЭК бірлесе отырып жұмыс істейді,ол өлшем құралдарының кеңірек халықаралық таралуына ықпал етеді.


Ең ірі халықаралық метрологиялық ұйымдар-өлшемдер мен салмақтардың халықаралық ұйымы (ӨСХҰ) және Халықаралық заңдылық метрология ұйымы (ХЗМҰ) [2].
1875 жылы 17 ел (солардың ішінде Ресей де) Метрлік конвенцияға қол қойды,оның мақсаты-өлшем бірліктерінің ұлттық жүйелерін жаңғырту және ұзындық пен массаның (метр мен килограмның) бірегей эталондарын орнату.Осы конвенция негізінде үкіметаралық Өлшемдер мен салмақтардың халықаралық ұйымы құрылған.Ұйымның ресми тілі-француз тілі.Ұйымды құруды ынта білдіргендердің бірі Петербор Ғылым Академиясы болды. Метрлік конвенция бүгінгі күнге дейін қызмететуде (1921 жылы түзетулер енгізілген).2001 жылы оның мүшелігіне әлемнің 57 мемлекеті кірді.Конвенцияға сәйкес Өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросы құрылған (ӨСХҰ).Ол-алғашқы халықаралық ғылыми-зерттеу лабораториясы,ол халықаралық эталондар-метр мен килограмның прототипін,иондағыш сәулелену,электрлік кедергі бірліктері және басқа эталондарды сақтайды және сақталуын қамтамасыз етеді.ӨСХБ Францияда орналасқан (Севр қ.),оның қызметін Өлшемдер мен салмақтардың халықаралық комитеті (ӨСХҰ) басқарады. ӨСХҰ-ның басты тәжірибелік міндеті-өлшемдердің әр түрлі бірліктерінің ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен салыстыру. ӨСХҰ 100 мемлекеттік метрологиялық ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
Бұл ұйымның ғылыми бағыты-өлшемдердің метрлік жүйесін жетілдіру.ӨСХБ халықаралық эталондарды үнемі жетілдіріп отырады,дәл өлшемдердің жаңа әдістері мен құралдарын жасайды және қолданады,негізгі өлшем бірліктерінің жаңа концепцияларын жасайды және ескілерін жаңартады,мүше елдердегі метрологиялық зертеулерді үйлестіреді.
ӨСХБ ғылыми және тәжірибелік қызметінің бағдарламаларын өлшемдер мен салмақтар жөніндегі Бас конференция бекітеді.Ол-бірліктерді,олардың анықтамаларын мен бейнелеу әдістері жөніндегі жоғары халықаралық орган.Оның жұмысына Конвенцияға қосылған барлық елдер қатысады.Бас конференция төрт жылда бір рет жиналады,ең алғашқысы 1898 жылы өтті.Конференциялар арасындағы уақытта ӨСХҰ жұмыстарын конференцияда сайланатын ӨСХК басқарады.Комитет құрамына әлемнің ірі физиктері мен метрологтары кіреді,барлығы 18 мүше.Кезінде комитет құрамына Ресей атынан Д.И.Менделеев кіретін.
Өлшем мен салмақтардың халықаралық комитеті құрамында 8 Кеңесшілік комитет жұмыс істейді,олар Бас конференция үшін материалдар мен шешімдерді дайындайды.Комитеттер атаулары ӨСХҰ қызметінің ауқымын көрсетеді:электр бойынша,термометрия бойынша,масса бойынша, фотометрия және иондағыш сәулелену үшін эталондар бойынша комитеттер. ӨСХҰ-на мүше мемлекеттер атынан комитеттерде олардың ғылыми институттары жұмыс істейді.
ӨСХҰ-ның ғылыми әдістемелері үлкен тәжірибелік мәнге ие.Мысалы,СИ Халықаралық Бірліктер Жүйесінің қабылдануы (1960ж),секундтың жаңа анықтамасының қабылдануы (1967ж) және жиіліктің жаңа стандартының жасалуы.Соңғысы уақыт пен жиіліктің ұштық эталондарының дәлдігін 100-1000 есе көбейтуге мүмкіндік берді,ал ол өз кезегінде ғарыштық ұшу дәлдігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізді,сонымен қатар ол бірқатар іргелі ғылыми-зертеулерде пайдаланылды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Метрология бойынша үш халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады:ХЗМҰ,КООМЕТММҰЕАӘ (Мемлекеттік Метрологиялық Ұйымдардың Еуро-Азиялық Әріптестігі),МСК (Стандарттау,метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес).1994 жылыҚазақстан толық мүше ретінде ХЗМҰ кірді.КООМЕТ 1991 жылы Варшавада құрылған.Оған Қазақстан 1998 жылы мүше болды.1992 жылы стандарттау,метрология және сертификаттау аясында өзара келісілген саясат жүргізу мақсатында МСК құрылды [30].
ӨСХҰ мүшесі Ретінде Қазақстан уақыт шкаласын халықаралық атомдық уақыт шкаласымен үнемі салыстырып отырады.Бұл шкаланы белгілеуде АҚШ,ГФР,Канаданың ұлттық эталондары,арнаулы байланыс серіктері,жұмысшы эталондар және батысеуропалық мемлекеттердің жиіліктің өнеркәсіптік атомдық стандарттары пайдаланылады.Қазақстанға ол уақытпен жиіліктің мемлекеттік алғашқы эталонының берілген дәлдігін ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Тағы бір мысал-1983 жылы метрдің жаңа анықтамасына көшу.Оған себепші болған он шақты жылғы дайындық,сол уақыт аралығында көптеген елдердің мамандары (солардың ішінде КСРО-да) бірнеше млн.долл.сомаға әзірлемелердің үлкен көлемін жасады.Бірақ әрбір елдің шығындары жалпы соманың 30%-нан аспайды.
ӨСХҰ жұмысына қатысудың маңызы салдары болып елдердің жаңа өлшем бірліктеріне немесе негізгі бірліктердің жаңа эталондарына бірдей көшу табылады.Бұл өлшем нәтижелерін өзара мойындау үшін негіз салады, халықаралық саудада (әсіресе машиналар,құрал-жабдықтар,аспаптар, т.б.саудасында) ғылыми-техникалық ақпарат,технологиялармен алмасуда техникалық қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет