Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет71/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86
Акишев

Бақылау сұрақтары

  1. ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы
    қашан қабылданды?

  2. Заңның негізгі ерекшеліктері неде?

  3. ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының негізгі мақсаттары мен міндеттерін атаңыз.

  4. Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануындағы Заңның маңыздылығы қандай?

  5. Тұтынушылардың құңыңтары мен мүдделерін қорғаудағы заңның рөлі қандай?

. 6. Заңның қолдану аясын атаңыз?

  1. Мемлекеттік органдармен бақыланбайтын аясында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған калибрлеудің қазақстандық жүйесінің мәні неде?

  2. Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қадағалаудың қандай жаңа түрлері енгізілген?

  3. Заң Қазақстандағы метрологиялық қызмет пен заңнамаға қандай жаңашылдыңтар енгізді?

  4. Қазақстандағы метрология бойынша қандай негізгі құқықтық актілерді білесіз?

VII тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОҒИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
7.1. Мемжекеттік метрологаялың қызметтің үйымдастырушылық негіздері
Қазақстанның мемлекеттік метрологиялың қызметі (ММҚ) мемлекеттік метрологиялың органдардың жиынтыгынан тұрады жөне өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті басқару үшін құрылады.
ММҚ жалпы басшылығын ҚР Мемстандарты жүзеге асырады, оған мынадай міндеттер жүктелген:

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті
    аймақаралың және салааралың үйлестіру;

  • қолдануға жіберілетін шама бірліктері бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар жасау;

  • шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақ-
    тау және пайдалану ережелерін белгілеу;

  • өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне ортақ метрологиялық талаптарды анықтау;

  • мемлекеттік метрологиялық қадағалау;

  • өлшем құралдарын сынау және салыстырып тексеру нәтижелерін мойындау туралы халықаралың келісімшарттардың ҚР-да сақталуын қадағалау;

  • Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және өлшем
    бірлігін қамтамасыз етудің езге де мемлекеттік қызметтерінің іс-әрекетіне басшылық ету;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды бекіту;

  • мемлекеттік эталондарды бекіту;

  • өлшем құралдарын салыстырып тексеруаралық
    интервалдарды белгілеу;


  • техникалық құрылғыларды өлшем құралдарына жатқызу;

  • өлшемдерді орындау әдістемесін жасау және аттес-
    таттау тәртібін орнату;

  • Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың, Мемлекеттік метрологиялық қызметтің, Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметінің, стандарттық үлгілердің мемлекеттік қызметінің, стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің іс-әрекетін жүргізу және үйлестіру;

  • өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік орталықтарын аккредиттеу;

  • өлшем құралының түрін бекіту;

  • өлшем құралының мемлекеттік реестрін жүргізу;

  • заңды тұлғалардың метрологиялың қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу;

  • салыстырып тексеруге жататын өлшем қүралдарының тізімін бекіту;

  • заңды және жеке тұлғалардың өлшем құралдарын
    әзірлеу, жөндеу, сату және жалға беру бойынша іс-әрекеттерін лицензиялау тәртібін орнату;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік инспекторлардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру және үйлестіру;

  • заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің
    іс-әрекетін үйымдастыру және калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредиттеу;

  • метрологиялық жұмыстарды жоспарлау және орындалуын ұйымдастыру.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет құрамына мыналар кіреді (Заңның 14-бабы):

  • стандарттау, метрология және сертификаттау
    жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

  • шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар;

• стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақта өздері туралы ережелермен белгіленген шекті өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер мен функцияларды орындайтын ведомстволық бағыныстағы бөлімшелер.
Мемлекеттік метрологиялық қызметпен қатар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатындар: Уаңыт пен жиілік мемлекеттік қызметі (УЖМҚ); Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі (СУМҚ); Заттар мен материалдардың физикалың тұрақты шамалар және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерінің мемлекеттік қызметі (САДМҚ). Бұл қызметтердің іс-әрекетіне ҚР Мемстандарты басшылық етеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтерді стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды және оның ведомстволық бағыныстағы бөлімшелерін, мемлекеттік метрологиялық орталықты, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерін қамтиды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде қызметін жүзеге асырады.
Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және Жердің айналу параметрлерін анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.
Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралың үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін әзірлеуге және ендіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттың аныңтама деректердің мемлекеттік қызметі аймақаралың және салааралың уйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерді әзірлеу және өндіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды түлғалар ажет болған жағдайларда өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жүмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін метрологиялық қызметтер құрады. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды түлғалардың метрологиялық қызметтерінің жүмысы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен келіскен нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның негізінде метрологиялық қызметті құру мына аумақта міндетті болып табылады: азаматтардың өмірі мен денсаулығың қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жүмыстар; өнімнің және көрсетілген қызметтер сапасының нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігің сынау мен бақылау; қоршаған ортаның жайкүйін бақылау, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін бақылау; сатып алушы мен сатушы арасындағы, соның ішінде түрмыс-тың және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін; көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысулар; мемлекеттік есеп операциялары; бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттардагы, дәнекерлемелер мен қалдыңтардағы бағалы металдардың мөлшерін аныңтауға байланысты операциялар; қару-жарақ, әскери жене арнайы техника, арнайы өнімнің басқа да түрлерін өндіру; геодезиялық және гидрометрологиялың жұмыстар; салық, банк, кеден жеке пошта операциялары; материалдың ресурстардың барлық түрлерін шығару, өндіру, ұстау, тасымалдау, сақтау және тұтыну; құрылыс салу; мемлекеттік басқару органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар; ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу; өлшем құралдарын салыстырып тексеру.
Мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері өз қызметін мынадай Заңдар ережелері негізінде жүзеге асырады: « Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»; «Стандарттау туралы»; «Өнімдермен қызметтерді сертификаттау туралы», сондай-ақ ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Мемстандарты қаулылары, Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары негізінде [24, 25].
Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес метрологиялық қызметтердің негізгі міндеттеріне жататындар: өлшем бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету, өндірісті метрологиялың, қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату, мына жолдармен метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру:

  • өлшем құралдарын калибрлеу;

  • өлшем жасаудың аттестатталған әдістемелерімен шама бірліктерінің эталондары;

  • өлшем құралдарының күйі мен пайдаланылуын, өлшем құралдарын калибрлеу үшін пайдаланатын өлшем жасаудың аттестатталган әдістемелерін, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер
    мен нормаларының саңталуын қадағалау;

  • метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықтың алдын алу, тоқтату немесе жоюға бағытталған міндетті нұсқауларды тарату;

  • өлшем құралының түрін бекіту мақсаттарында өлшем құралдарын сынауға, сондай-ақ салыстырып тексеру мен калибрлеуге дер кезінде берілуін тексеру.

Концерндердің, акционерлік қоғамдардың, ассоциациялардың, салааралық бірлестіктердің құрамында, олардың басшы органдарының шешімімен метрологиялық қызметтердің құрылымы құрылады және қызмет етеді. Кәсіпорындар ікен ұйымдардың метрологиялық қызметтерінің құрамына тәуелсіз калибрлеу лабораториялары, сондай-ақ өлшем құралдарын жөндеу бойынша құрылымдық бөлімшелер кіруі мүмкін. Метрологиялық қызметтіқ жеке функциялары заңды тұлғалардың өзге құрылымдық бөлімшелеріне жүктелуі мүмкін [26].
Орталық аппараттағы, метрологиялық қызметтің бас және базалық ұйымдарындағы, сондайақ ұйымдар мен кәсіпорындардағы метрологиялық қызметтік құрылымдық бөлімшелерінің құқықтары мен міндеттері Мемлекеттік басқару органының немесе басшылары бекіткен заңды түлғалардың метрологиялық қызмет туралы ережемен анықталады.
Метрологиялық қызметтердің іс-әрекеттері өр түрлі бағыттарды қамтитын заңдылық және нормативтік құжаттармен реттеледі, солбағыттардын ішінде: өндіріс пен сапа жүйесін сертификаттауды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша; эталондармен және бақылау мен сынау құралдарымен қамтамасыз ету бойынша; метрологиялың жүмыстар мен қызметтерді орындауда тәжірибесі, біліктілігі және арнаулы кәсіби дайындығы бар мамандармен қамтамасыз ету бойынша.
Кәсіпорындардың метрологиялық қызметтері мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтармен ңемесе ММҚ органдарымен жасасқан келісімшарттар не-гізінде, өлшем құралдарын калибрлеу құңығына аккредиттелуі мүмкін. Кәсіпорындардың мүдделі метрологиялық қызметтері өз ықыластары бойынша өлшем-дердің бірлігі мен талап етілетін дәлдік дәрежесі аясын-дағы техникалық біліктілікке (квалификация) аккредиттелуі мүмкін. Бұл қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін метрологиялық қызмет ретінде де анықталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет