Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет73/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
Акишев

Салыстырып тексеру. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың екінші құрамдас бөлігі-өлшем құралдарын салыстырып тексеруді қарастырайық.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру-өлшем құралдарының белгілінген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе оған уәкілетті басқа органдар орындайтын операциялар жиынтығы.
ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құралдары өндірістен және импорт бойынша әкеліну кезінде салыстырылып тексеріледі. Сатуға және жалға беруге тек салыстырып тексерілген өлшем құралдары ғана жіберіледі.
Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет,мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар (МҒМО), тіркелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді осындай тексерушілер ретінде аттестатталған жеке адамдар жүзеге асырады.Салыстырып тексерудің нәтижесі-өлшем құралдарының пайдалануға жарамдылығын растау немесе өлшем құралдарының пайдалануға жарамсыздығын мақұлдау. Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралына және пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және салыстырып тексеру сертификатымен куәландырылады немесе салыстырып тексеру туралы куәлік беріледі.Егер салыстырып тексеру нәтижелері бойынша өлшем құралы пайдалануға жарамсыз деп танылса,онда салыстырып тексеру таңбасы және «Салыстырып тексеру туралы» куәліктің күші жойылып, «жарамсыздық туралы» құжат беріледі немесе техникалық құжаттамада сәйкес жазулар жазылады [28].
Қазақстанда салыстырып тексерудің мынадай түрлері қолданылады :алғашқы,мерзімді,кезектен тыс,инспекциялық және сарапшылық.
Алғашқы салыстырып тексеруге Қазақстанда өндірілген немесе жөнделген,импортпен алып келінген (ҚР Мемстандарты мен өзге елдердің метрология бойынша ұлттық ұйымдары арасында салыстырып тексеру нәтижелерін өзара мойындау туралы келісімшартқа сәйкес жағдайлардан басқа) түрі тексерілген өлшем құралдары жатады.Дара өндірістегі өлшем құралдарының түрін бекіткен кезде олардың әрқайсысына түрін бекіту туралы сертификат беріледі,ал алғашқы салыстырып тексеруді бұл өлшем құралдары іске асырмайды.
Мерзімді салыстырып тексеруге пайдаланудағы немесе сақталудағы өлшем құралдары жатады.Мұндай құралдардың тізімін мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың қызмет ету аясын ескере отырып,бұл құралдардың иелері жасайды.Салыстырып тексеру аралық интервалдар қолданыстағы заңдылық ережелер негізінде белгіленеді.
Өндірілген немесе жөнделген өлшем құралдары,оларды техникалық бақылау бөлімі қабылдағаннан кейін,алғашқы салыстырып тексеруге жіберілуі керек. Ұзақ сақталуда тұратын өлшем құралдарын мерзімді салыстырып тексеруден өткізбеуге болады.Ол туралы шешімді заңды тұлғаның бас метрологы қабылдайды.Салыстырып тексеруге өлшем құралдарының тек өлшем пайдаланылатын аумақтағы сипаттамалары жатады.Бұл жағдайда өлшем құралдарында олардың қолдану аясын көрсететін анық жазу немесе шартты белгі болу керек.Сәйкес жазулар пайдалану құжаттарында жазылуы керек.
Кезектен тыс салыстырып тексеру келесі жағдайларда өлшем құралдарын пайдалану кезінде жасалынады:
-салыстырып тексеру таңбасы бүлінгенде және салыстырып тексеру туралы куәлік жоғалғанда;
-ұзақ уақыт сақталғаннан кейін өлшем құралдарын пайдалануға енгізгенде;
-өлшем құралына соққымен әсер етуден кейін немесе аспаптың қанағаттанарлықсыз жұмыс істеуі кезінде қайтадан қалпына келтіру кезінде;
-жарты салыстырып тексеруаралық интервалға тең мерзім өткенде өткізілмеген өлшем құралдарын тұтынушыға сатқанда;
-жарты салыстырып тексеруаралық интервалға тең мерзім өткеннен кейін өлшем құралдарын құрама (қосалқы бөлшек) ретінде пайдаланғанда.
Инспекциялық салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізілген кезде өлшем құралдарының пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін жасалады.
Срапшылық салыстырып тексеруді метрологиялық сипаттамалар,өлшем құралдарының дұрыстығы мен олардың пайдалануға жарамдылығы бойынша қайшылықты мәселелер туындағанда жүргізіледі.
Лицензиялау.Өлшем құралдарын өндіру,сату және жалға беру бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау-мемлекеттік метрологиялық бақылаудың үшінші құрамдас бөлігі.
Лицензиялау деп міндетті лицензиялауға жататын және заңмен тыйым салынбайтын қызметпен айналасуға заңды және жеке тұлғаға лицензия берудің міндетті түрде жасалынатын тәртібі аталады.Қарастырылып отырған жағдайда лицензия-Мемлекеттік метрологиялық қызметтің өлшем құралдарын өндіру,жөндеу,сату және жалға беру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғаларға беретін рұқсаты. Лицензия ҚР бүкіл территориясында жарамды болып табылады.
Лицензия мына жағдайларда берілмеуі мүмкін:өтінішке қосылған құжаттарда ақпарат толық емес болғанда,лицензияланатын қызметтің жүзеге асыру шарттары талаптарға сәйкес келмесе,алдыңғы лицензия жойылғаннан кейін белгіленген мерзім өтіп кеткенде.Лицензия 5 жылдан көп емес уақытқа беріледі.Лицензия берген орган өзі орнатқан лицензияланатын қызметтің шарттарының сақталуын үнемі бақылап отыруы міндетті.Бұзушылық анықталған жағдайда ол бұзушылық жойылғанға дейін лицензия қызметін тоқтатуы немесе мүлдем лицензияны алып қоюы мүмкін.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау.Мемлекеттік метрологиялық қадағалауға Заңның,өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің,халықаралық шарттардың және метрологиялық ережелер мен нормаларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақталуын тексеру тәртібі жатады [29].
Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың тиімділігінен Заңның негізгі мақсаты-азаматтар мен жалпы мемлекеттің мүдделерін өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау тиімділігі байланысты болады.Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың функциялары Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарына жүктеледі.Оларды орындау үшін нормативтік база,материалды-техникалық қамсыздандыру және білікті,жауапкершілікті кадрлар болуы қажет.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері болып мыналар табылады (Заңның 22-бабы):
1)шама бірліктерінің эталондары;
2)өлшем құралдары;
3)өлшемдерді орындау әдістемелері;
4)жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау келесілерді қамтиды (Заңның 24-бабы):
1.Өлшем құралдарының шығарылуын,олардың жай-күйін және қолдануын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолдануын,шамалар бірліктерінің эталондары,метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалау.
2.Сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын қадағалау.
3.Бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет