Статистическая сводка и группировка материалов статистического наблюдения


Статистикалық жинақтаудың түрлері



бет2/8
Дата08.03.2022
өлшемі1.19 Mb.
#456058
1   2   3   4   5   6   7   8
3 лекция

Статистикалық жинақтаудың түрлері

  • Жай жинақтау дегеніміз - жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.
  • Бүл - жинақтаудың ең жеңіл түрі және ол жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептеледі. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын анықтау үшін барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студентгердің санын есепке алып, қосамыз.
  • Күрделі жинақтау деп алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз.
  • Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбір жоғары оқу орындарындары оқитын студентгерді мамандықтарына қарай қосу арқылы есептейміз және т.с.с.
  • Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі түрлі жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бірінші жолы – Орталықтандырылған, бұнда
  • барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Мысалы баланың тууы, адамның өлуі, некелесу және ажырасу туралы есептеулерді алуга болады.
  • Екінші жолы – Орталықсыздандырылған, бұнда алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады. Мысалы, аудандық, қалалық статистика органдары өз аумақтарындағы кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, шаруашылықтар және тағы басқа ұйымдар бойынша бастапқы мәліметтерді жинақтайды, ал қорытынды көрсеткіштері облыстық статистика басқармасына тапсырылады. Ал облыстық статистика органдары өздерінің әрбір аудан, қала бойынша жиналған мәліметтерінің қорытынды көрсеткіштерін Қазақстан Ресмпубликасы Статистика агенттігіне тапсырады.
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет