Статистика негіздері


Енді біз іріктемелерді таңдаудағы репрезентативтілік мәселесіне тоқталып өтеміз



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458393
1   2   3   4   5   6   7   8
statistika 11 lecture

Енді біз іріктемелерді таңдаудағы репрезентативтілік мәселесіне тоқталып өтеміз
Ықтимал іріктемені құрудағы мақсат – кейстерді соңғы іріктеме алынған бас жиынтық үшін 
репрезентативті болатындай етіп таңдау. Репрезентативті іріктеме дегеніміз – іріктемеде бас жиынтықтың 
маңызды сипаттамаларының қамтылуы. Мысалы, бас жиынтықтың 60%-ы әйелдер, ал 40%-ы ерлер болса, 
іріктеменің де құрамы соған пропорцианал болуы керек. Негізі, репрезентативті іріктеме – бас жиынтыққа 
өте ұқсас, бірақ ықшам.
Инференциалды статистика үшін іріктеменің репрезентативті болуы өте маңызды. 
Ал іріктеменің репрезентативті екенін қалай білуге болады? 
Өкінішке орай, іріктеменің репрезентативті болатынына кепілдік жоқ. Дегенмен, ықтимал іріктеменің 
түпкі принципін – EPSEM (Таңдау әдісінің тең дәрежедегі ықтымалдығы) қағидасын сақтай отырып
репрезентативті іріктемеге қол жеткізу мүмкіндігін арттыра аламыз. EPSEM-ді ұстану және ықтималдықты 
мейлінше арттыру үшін іріктеме репрезентативті болуы керек. Яғни бас жиынтықтағы әрбір элемент 
немесе кейстің таңдау ықтималдығы тең дәрежеде болатындай етіп іріктемені таңдаймыз. Ойын тасын 
лақтырғанда 1-ден 6-ға дейін мәнді көрсету ықтималдығы тең болғандай бас жиынтықтың да әр кейсінің 
іріктемеге іліну мүмкіндігі бірдей болуы тиіс.


Кітап:
Дәріс:
Статистика негіздері
Ықтимал іріктеменің негізгі әдістері мен басты ұғымдары: бас жиынтық, іріктеме, параметрлер, 
статистика, репрезентативтілік, EPSEM
4
EPSEM мен репрезентативтік екі түрлі нәрсе екенін есте сақтаңыз. 
Іріктеменің EPSEM-ге сәйкес жасалуы оның популяцияны дәлме-дәл репрезентациялауына кепілдік 
бермейді. Ықтималдығы өте жоғары EPSEM іріктемесі репрезентативті болады; бірақ, шындығына 
келгенде, тиынды тастағанда 10 рет қатарынан бір жағымен түскені сияқты, EPSEM іріктемесі де бас 
жиынтықты сипаттауда қателесуі мүмкін. Инференциалды статистиканың артықшылықтарының бірі – 
ол зерттеушіге мұндай қатенің ықтималдығын бағалауға және нәтижелерді тиісті деңгейде түсіндіруге 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет