Стенозды ларингит (жалған круп) Стенозды ларингит



бет2/7
Дата30.05.2024
өлшемі1.41 Mb.
#502120
1   2   3   4   5   6   7
№17-18 жедел жәрдем

Клиникалық белгілері:

  • Дауыстың қарлығуы.

  • «ит үрген» тәріздес жөтел.

  • Тыныс тапшылық белгілері.

  • Бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма т.б.).

Жедел көмек алгоритмі:

  1. Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу немесе қолға алу.

  2. Қысатын киімдерден босату.

  3. Таза ауамен қамтамасу ету.

  4. Тыныштық жағдай жасау.

  5. Алдандыру шараларын өткізу (Қыша қағазын балтырға жапсыру,ыстық аяқ ваннасын жасау/экссудаттың төмен кетуіне байланысты ісінуі қайтады/

  6. Ингаляция жүргізіңіз/эуфиллин,ас содасы,қақырық түсіретін дәрілер/ дауыс қуысының ісінуін төмендетеді.

  7. Бұл шаралар тиімді болмағанда - бұлшық етке немесе көк тамырға 2,4 % 1-мл/жасына100-250 мл физиологиялық ерітіндіде енгізу.

  8. Ауыр жағдайда преднизалон бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз 1-2мг/кг тәулігіне.(1мл -30мг)

  9. Десенсибилизациялық ем-тавегил, диазолин т.б.

  10. Муколитиктер-ацетилцистеин, бромгексин.

  11. Оттегі беріңіз


Ларингоспазм
Ларингоспазм – айқын спазмофилияның түрі. Ерте жастағы балаларда дамиды. Ауру ағзада кальциийдің жетіспеулігіне байланысты бұлшықеттердің құрысуға бейімділігімен және ОЖЖ қозғыштығымен сипатталады.
Ларингоспазм-дыбыс желбезегінің тарылуы. Көбіне жылау, айқайлау, баланың қорқуы кезінде дамиды. Шулы және сырылды тыныс алумен және демалудың бірнеше секундқа тоқтауымен анықталады. Бұл кезде бала бозарады, одан әрі цианоз және қысқамерзімді есін жоғалту пайда болады, ұстама терең-«әтеш айқайы» тәріздес тыныс алумен аяқталады. Ұстамадан кейін бала ұйқыға кетеді.
Жедел көмек алгоритмі:

  1. Баланы тегіс, түзу жерге жатқызу.

  2. Қысатын киімдерін шешу.

  3. Таза ауамен дем алдыру.

  4. Дене қызуы қайта көтерілмеуі үшін тыныштық орнату.

  5. Баланың бетіне суық су шашу, жамбасын шапалақтау, шпательмен тілдің түбін басу, мақтамен төменгі мұрын жолдарын тітіркендіру, мұрнына үрлеу.

  6. Бұлшық етке реланиум 0,1мл/жасына енгізу.

  7. Көк тамырға кальций глюконатын 1мл /жасына енгізу.

  8. Интубация,трахеотомия керек болған жағдайда

  9. Жүректің сыртқы массажын керек болған жағдайда

  10. Оттегін беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет