Стенозды ларингит (жалған круп) Стенозды ларингит



бет3/7
Дата30.05.2024
өлшемі1.41 Mb.
#502120
1   2   3   4   5   6   7
№17-18 жедел жәрдем

Мұрыннан қан кету
Жедел көмек алгоритмі:

  1. Баланы басын төмен қарай түсіріп отырғызу.

  2. Қысқан киімнен босату.

  3. Таза ауа жеткізу.

  4. Тыныштық жағдай жасау.

  5. Мұрын қанатын қысу.

  6. Мұрынға суықтық ,аяққа жылытқыш қою.

  7. Мұрынды ерітіндіге салынған мұрын тампонымен бітеу (3% сутегі асқын тотығы, адреналин, викасол,гипертоникалық ерітіндісі,кеуде сүті)

  8. Бұлшық етке енгізу: викасол 0,1мл/жас,

10% кальций глюконат 1мл /жас

  1. Қан кеткен себебін анықта және жою.



Метеоризм
Метеоризм- ішекке жиналған газдардың себебінен іштің кебуі.
Жедел көмек алгоритмі:

  1. Баланы шалқасынан жатқызып денесінің төменгі бөлігін киімнен босату.

  2. Таза ауамен қамтамасу ету.

  3. Жайлап сағат тілінің бағыты бойынша ішке массаж жасау.

  4. Тік ішекке газ шығаратын түтік қою.

  5. Шара тиімсіз болғанда келесі препараттарды енгізу: (әр келесі препарат алдыңғы препарат тиімсіз болғанда енгізіледі) Карболен /активтендірілген көмір/ 1мг/кг немесе смекта 1мг/кг/1мл-5мг/, б/етке церукал /реглан/ немесе прозерин 0,1 мл/жас тағайындау.

  6. Тамаққа газ түзуші тағамдарды қолданбауын ескерту: сүт, газды сусындар, бақша өнімдері, қара нан.



Бронх демікпесінің ұстамасы
Клиникасы-бұл жедел демігу ұстамасы. Бала ыңғайлы жағдай іздейді-алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды. Беті бозарған, көгілдір тартқан, суық тер басады. Демалысы ысқырық тәріздес, сырылы алыстан естіледі. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қосылады. Демшығару қиындалады-экспираторлы ентігу. Қақырық қиын бөлінеді, созылмалы, қою. Аускультация: құрғақ ысқырық тәріздес сырылдар көп мөлшерде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет