Спирттің көмегімен физикалық салқындату алгоритмі
Мақсаты: дене қызуын түсіру.
Көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
Су 14-160С.
Мақта шариктері.
Сағат.
Лоток.
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
700 этил спиртін 2:1 қатынасымен сумен араластыру.
Спирт ерітіндісіне малынған мақта шариктерімен ірі қан тамырлары орналасқан жерлерді сүрту: самай, ұйқы артериясының маңы, қолтық асты, тізе асты және шат қыртыстары.
Мақта шариктерін лотокқа тастау.
Қолды жуу және құрғату.
20-30 минуттан кейін дене температурасын өлшеу.
Нәтижені бағалау: өткізіліп жатқан әрекеттерден соң 20-30мин кейін дене қызуы.0,2-0,3градусқа түсуі керек
Ескерту: 1. Сүртуді әр 10-15 минут сайын қайталап отыру қажет.
2. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдістеріне көшу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |