Стенозды ларингит (жалған круп) Стенозды ларингит



бет5/7
Дата30.05.2024
өлшемі1.41 Mb.
#502120
1   2   3   4   5   6   7
№17-18 жедел жәрдем

Жедел көмек алгоритмі:

  1. Баланың аяқ жағын жоғарылатып жатқызу немесе басын төмен салып отырғызу.

  2. Қысатын киімдерді босату.

  3. Таза ауа жеткізу.

  4. Бетін сумен бүркіп,мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскету.

  5. Кордиамин 6 айға дейінгі балаға -0,1мл/жас , 6-12 ай-0,1-0,2 мл/жасына , 1 жастан жоғары-0,3-0,5 мл/жасына тері астына енгізу.



Гипергликемиялық комада көрсететін жедел жәрдем.

  1. Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құйыңыз.

  2. Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуыңыз.

  3. 4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қойыңыз.

  4. Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құйыңыз (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.

  5. 3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.

  6. Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеріңіз.

Гипогликемиялық комада көрсететін жедел жәрдем

  1. Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріңіз.

  2. Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйыңыз.

  3. Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіңіз.

  4. Дымқылданған оттегі беріңіз.

  5. Бала есін жиған соң тамақтандырыңыз.



Күн өту
Күн өту-күн сәулесінің қарқыны немесе ұзақ әсерінің себебінен дамитын жүйке жүйесінің және оның ұзыншақ мида орнналасқан маңызды орталықтарының зақымдануы.
Көбіне күн өту ерте жастағы балалар күн астында ұзақ уақыт баскиімсіз жүргенде дамиды.
Белгілері: бастың ауыруы және айналуы, құлақтың шулауы, лоқсу, әлсіздік, құсу. Дене температурасы 400С және одан да жоғарығ көтеріліп қалтырау , мұрыннан қан кету болуы мүмкін. Тексергенде: беті қызарған, тершеңдік артады, пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда-есінен тану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет