Кеуде торының айналымын өлшеу
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбегі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: Физикалық дамуын бақылау
|
|
2
|
Көрсеткіштері:
Балалардың физикалық дамуын бақылау.
Баланың бас айналымы мен кеуде айналымының қатынасын анықтау.
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштері: жоқ.
|
|
4
|
Әзірле: Сантиметрлік таспа, 70%этил спирті, қалам, қағаз, салфетка.
|
|
5
|
Анасына/балаға зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
|
|
6
|
Спиртке малынған салфеткамен сантиметрлік таспаны екі жағынан өңдеңіз.
|
|
7
|
Баланы жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
|
|
8
|
Сантиметрлік таспаны кеуде торына мына бағдар бойынша орналастырыңыз.
а) артынан – жауырынның төменгі бұрыштарына
б) алдынан – емшектердің қоңыр шеңберлерінің төменгі шетіне (пубертатты жастағы қыздарда – сүт бездерінің үстінде, төртінші қабырғаның жоғарғы шетіне).
|
|
9
|
Нәтижені жазу.
|
|
10
|
Нәтижені анасына/балаға хабарлау.
|
|
Баланың дене салмағын өлшеу (2 жасқа дейін)
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: баланың тамақтануының жеткіліктілігін бағалау, физикалық тұрғыда дамуын бағалау.
|
|
2
|
Көрсеткіштері: табиғи салмақтың өсуін бағалау, балалардың физикалық дамуын бақылау, әртүрлі жағдайлар мен аурулар кезінде антропометриялық көрсеткіштерді анықтау, дәрілік заттардың дозасын өлшеу үшін.
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштері: жоқ.
|
|
4
|
Әзірле: астау тәрізді медициналық таразы, резеңке қолғаптар, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, шүберек, қаламсап, өлшеу қорытындысын жазатын қағаз.
|
|
5
|
Міндетті шарт: баланың дене салмағын белгілі бір уақытта, аш қарынға, дефекация актісінен кейін өлшеу. Баланың жалаңаш болғаны жөн.
|
|
6
|
Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіру.
|
|
7
|
Таразыны тегіс, тұрақты жерге орнатып, қою.
|
|
8
|
Қажетті құрал – жабдықтарды дайындау.
|
|
9
|
Таразының ысырмасы жабық тұрғанын тексеру.
|
|
10
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.
|
|
11
|
Таразының астауының ішін шүберек көмегімен дезинфекциялаушы ерітіндімен өңдеу.
|
|
12
|
Таразы астауына бірнеше рет бүктелген жаялықты төсеу(оның шкаланы жауып қалмауын және таразының штангасының қозғалысына кедергі келтірмеуін қарау).
|
|
13
|
Гірді нөлдік бөлікке орнату. Ысырманы ашу. Кері салмақтың көмегімен таразыны теңестіру.
|
|
14
|
Ысырманы жабу.
|
|
15
|
Баланы таразының кең жағына басымен қаратып жатқызу(немесе отырғызу).
|
|
16
|
Ысырманы ашу. Штанганың төменге түскенге дейінгі сәтте таразының төменгі бөлігінде орналасқан «өлшегіш» гірді қозғалту, кейіннен гірді бір бөлікке солға жылжыту. Штанганың жоғарғы бөлігінде орналасқан және граммдарды анықтайтын гірді тепе – теңдік орнағанға дейін ақырын қозғалту.
|
|
17
|
Ысырманы жауып, баланы таразыдан алу.
|
|
18
|
Баланың дене салмағының көрсеткіштерін жазып алу (гірдің сол жақ шетіндегі ғана көрсеткіштер тіркеледі).
|
|
19
|
Жаялықты таразыдан алу. Таразының іс – әрекет жүргізген алаңын дезинфекциялаушы сұйықтықпен өңдеу.
|
|
20
|
Қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғату.
|
|
Балаларға антибиотикті енгізу және оны еріту
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: Балаға дәрігердің тағайындаған антибиотик дозаларын дұрыс енгізуді қамтамасыз ету.
|
|
2
|
Көрсеткіштері: Дәрігердің тағайындауымен (микробтық қабыну процессінің барлық оқшаулауы).
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштері: жеке төзімсіздік.
|
|
4
|
Әзірле: Резеңке қолғап, антибиотигі бар флакон, антибиотикті еріткіш, стерильді бір рет қолданатын ине шприц, 70% этил спирті, стерильді лоток және стерильді мақта шариктері, пинцет, дез.ерітіндісі бар лоток.
|
|
5
|
Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіру.
|
|
6
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.
|
|
7
|
Флаконның бүтіндігін тексеру (аты, доза, жарамдылық мерзімі).
|
|
8
|
Антибиотикті еріткіш ерітіндінің мөлшерін анықтау.
|
|
9
|
Балаға енгізілетін ерітіндінің мөлшерін анықтау.
|
|
10
|
Ине шприцті қорабынан ашып, инені шприцке бекітіп, инеден қалпағын шешу.
|
|
11
|
Мақта шариктерін 70% этил спиртіне салып, флаконның алюминийлі қақпағын өңдеу.
|
|
12
|
Шприцті 90° бұрышпен ұстай отыра, флаконның ортасындағы тығынды тесіп, шприцке қажетті мөлшерде ерітінді сорып алу.
|
|
13
|
Шприцтегі ерітіндіні антибиотигі бар флаконға енгізу.
|
|
14
|
Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастап, инесіне жанастырмай антибиотик толық ерігенше флаконды бірнеше рет сілку.
|
|
15
|
Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, антибиотикті тағайындалған дозада сорып алу.
|
|
16
|
Шприцті инесімен флаконнан алып,инені инъекция жасау үшін инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткіштігін тексеру.
|
|
17
|
Қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек.
|
|
18
|
Бөксенің жоғарғы – сыртқы бөлігін 70% этил спиртімен өңдеу (мақта шаригін қолда ұстап тұру).
|
|
19
|
Антибиотик ерітіндісін бұлшық етке енгізу (бұлшық етке инъекция жасау тәсілі балаларда және ересектерде ерекшеленбейді).
|
|
20
|
Инені алып, инъекция жасалған жерді мақта шаригімен өңдеу.
|
|
21
|
Мақта шариктерін және ине шприцті лотокқа салу.
|
|
22
|
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жою контейнеріне салу.
|
|
23
|
Қолды жуып, кептіру.
|
|
Ескерту: Антибиотикті еріту үшін тек оған келетін еріткішті қолдану керек.
|
100000 ЕД
1г 1000мг
|
500000 ЕД 0,5г 250мг
|
250000 ЕД
0,25г 250мг
|
400000ЕД
|
240000ЕД
|
80000ЕД
|
Еріткіштің еріту үшін көлемі 1:1
|
10 мл
|
5 мл
|
2,5 мл
|
4 мл
|
2,4 мл
|
0,8 мл
|
Еріткіштің еріту үшін көлемі 1:2
|
5 мл
|
2,5 мл
|
1,25 мл
|
2 мл
|
1,2 мл
|
0,4 мл
|
Дифтерияға қарсы сарысу енгізу
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: Дифтерияны емдеу.
|
|
2
|
Көрсеткіштері: Дифтерия ауруында.
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштері: жеке сарысуларға сезімталдығы жоғары
|
|
4
|
Әзірле: Дифтерияға қарсы ампуладағы сарысу, шприц 1 мл - 2 шт, 5 мл – 1 шт, дәрілік препаратқа арналған ине, стерильді материалдар (мақта шаригі), стерильді лоток, қолданған материалға арналған лоток, пинцет, спирт 70%, жылы су бар ыдыс, су термометрі, маска, қолғап.
|
|
5
|
Міндетті шарттар: Безредко тәсілімен енгізу, әрбір енгізу науқастың ауру тарихына жазылып отыруы керек.
|
|
І проба
|
1
|
Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіру.
|
|
2
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.
|
|
3
|
Қажетті құрал – жабдықтарды даярлау.
|
|
4
|
Ампуладағы сарысуды тексеру.
|
|
5
|
Мақта шаригімен 1:100 ерітілген сарысуы бар ампуланың мойынын өңдеу, кесу, қайтадан спиртпен өңдеу, ашу.
|
|
6
|
Ампуланы мензуркаға қою.
|
|
7
|
1 мл шприцті ашып, дәрілік ерітінді сорып алуға арналған инемен шприцке 0,2 мл ерітілген сарысуды толтыру. Көктамырға енгізу үшін инені шприцке жалғастырып, шприцтегі ауаны шығару.
|
|
8
|
Спирттелген 2 мақта шаригімен инъекция жасайтын аймақты 2 рет өңдеу.
|
|
9
|
Тері ішіне 0,1 мл ерітілген сарысуды енгізу. Жалпы және жергілікті реакцияны 20 минут бойы қадағалап отыру.
|
|
ІІ проба
|
1
|
Міндетті шарттар: І проба теріс болған жағдайда жүргізіледі, папуланың диаметрі немесе терінің гиперемиясы 10 мм болған жағдайда.
|
|
2
|
Қолды жуып, кептіру.
|
|
3
|
Ампуланың мойынын 70% спиртпен өңдеу, кесу, қайтадан өңдеу, ампуланы ашып мензуркаға қою.
|
|
4
|
1 мл шприцті ашып, дәрілік ерітінді сорып алуға арналған инемен шприцке 0,2 мл ерітілген сарысуды толтыру. Инені ампулада қалдырып, оны марліден жасалған үшбұрышпен жабу.
Ескерту: ашылған ампуланы 20±2°С температурада 1 сағаттай сақтайды.
|
|
5
|
Тері астына инъекция жасауға арналған инені кигізу. Ауаны шығару.
|
|
6
|
Қолды спиртпен өңдеу.
|
|
7
|
70% спирттелген 2 мақта шаригімен инъекция жасайтын аймақты 2 рет өңдеу.
|
|
8
|
Тері астына 0,1 мл ерітілмеген сарысуды енгізу. Инъекция жасайтын жерді спиртпен өңдеу. Жалпы және жергілікті реакцияны 20 минут бойы қадағалап отыру.
|
|
ІІІ проба
|
1
|
Міндетті шарттар: ІІ проба теріс болған жағдайда жүргізіледі.
|
|
2
|
Қолды жуып, кептіру.
|
|
3
|
Ерітілмеген сарысуы бар ампуланы 36±1°С жылыту.
|
|
4
|
5 мл шприцті ашып, дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инемен дәрігер тағайындаған дозада ерітілмеген сарысуды сорып алу. Бұлшық етке инъекция жасауға арналған инені кигізу.
|
|
5
|
Қолды спиртпен өңдеу.
|
|
6
|
70% спитпен инъекция жасайтын аймақты 2 мақта шаригімен 2 рет өңдеу.
|
|
7
|
Тағайындалған сарысу дозасын бұлшық етке енгізу.
|
|
8
|
Спиртпен инъекция жасайтын жерді өңдеу.
Ескерту: 1 жерге енгізетін препараттың көлемі 20 мл аспауы керек.
|
|
9
|
Дез.ерітіндіге қолданған құрал – жабдықтарды салу.
|
|
10
|
Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіру.
|
|
11
|
Ауру тарихына жазу.
|
|
Әртүрлі жастағы балалардың артериальды қан қысымын өлшеу
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметін бағалау.
|
|
2
|
Көрсеткіштері: Диагностика және артериальды қан қысымының динамикасын қадағалау.
|
|
3
|
Әзірле: тонометр, фонендоскоп, 70% этил спирті, дәкелі салфетка, қаламсап, қызу парағы.
|
|
4
|
Міндетті шарттар: тонометр манжетасы баланың жасына сәйкес келуі тиіс (білектің 2/3 бөлігі).
Манжетаның жалпақтығы:
1 жасқа дейінгі балаларға – 3,5 – 7 см
2 - 4 жас аралығындағы балаларға – 4 – 9 см
4 – 7 жас аралығындағы балаларға – 6,5 – 13 см
10 жасқа дейінгі балларға арналған – 8,5 – 15 см
|
|
5
|
Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіру.
|
|
6
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.
|
|
7
|
Қажетті құрал – жабдықтарды дайындау.
|
|
8
|
Баланы ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу , қолы жазылған, алақаны жоғары қараған,бұлшық еті босаңсыған, баланың эмоционалды жағдайы қалыпта болуыы тиіс.
|
|
9
|
Тонометр манжетасын баланың шынтақ буынынан 2 см жоғары деңгейінде және оның арасына 1 саусақ өтетіндей етіп манжетаны бекіту.
|
|
10
|
Монометрды манжетамен бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексеру.
|
|
11
|
Фонендоскоп мембранасын спиртпен өңдеу.
|
|
12
|
Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясына тамыр соғуды анықтап, фонендоскопты дәл сол жерге қондыру.
|
|
13
|
Алмұрт тәрізді балоншадағы вентильді жауып, манжетаға балоншамен шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және монометр қалыптан жоғары 20 мм. сын. бағ. бойынша (бұл кезде Коротков тоны жойылады) ауаны толтыру.
|
|
14
|
Вентильді ашып және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беру. Бағананың немесе тілдің жылдамдығын түсуін қарау. Көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм. сын. бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артерияда дыбысты тыңдап және монометрдің көрсеткішін қадағалау.
|
|
15
|
Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде монометрдің көрсеткішін белгілеу (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) және дыбыс жойылған кезде (жүректің босаңсу кезіндегі артериальды қысым) манжетадан толығымен ауаны шығару.
|
|
16
|
Баланың қолынан тонометрдің манжетасын шешу.
|
|
17
|
Алынған мәліметті қызу парағына жазу.
|
|
18
|
Фонендоскоп мембранасын дез.ерітіндімен өңдеу.
|
|
19
|
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, кептіру.
|
|
Анасына баланы дұрыс емізу техникасын үйрету
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: Ұзақ және тиімді омыраумен тамақтандыруды қамтамасыз ету. Лактация кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Баланы емізу барысында қолайлы жағдай жасау.
|
|
2
|
Көрсеткіштері: Тамақтандырудың физиологиялық қажеттілігін оңтайлы қанағаттандыру.
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштері: анасының және баласының жақтарынан салыстырмалы және абсалютті көрсеткіштер.
|
|
4
|
Әзірле: үшкіл орамал, бетперде, сабын, орамал, жаялық, омырау сүтіне арналған стерильді ыдыс, анасына табан тірейтін орындық, орауға арналған жиынтық, стерильденген өсімдік майы, мақта салынған жгут.
|
|
5
|
Міндетті шарттар: баланы тыныш жағдайда, тыныштандырылған қалыпта тамақтандыру. Баланы емізіп болғаннан кейін 2 – 3 мин тігінен көтеру, кейін оң жақ қырына қаратып жатқызу. Анасына баланы тамақтандыруға дайындауды, омырау сүтімен емізу ережелерін үйрету.
|
|
6
|
Анасымен танысып, баланы омырау сүтімен қалай емізетінін сұрау.
|
|
7
|
Анасына табиғи тамақтандырудың омырау сүтімен баланы емізудің негізгі ережелерін түсіндіріп, негіздеу.
|
|
8
|
Анасынан омырау сүтімен емізгенде көмек қажет етеді ме сұрау. Баланы қалай тамақтандыратынын бақылау және оның дұрыс жасағанын анықтау.
|
|
Омырау сүтімен емізу туралы анасына келесі кеңестерді беру
|
1
|
Қолды сабынмен жақсылап жуу.
|
|
2
|
Ыңғайлы қалыпта отырып, өзін бос ұстау. Баланы жастыққа жатқызуға болады.
|
|
3
|
Нәрестені кеудеге дұрыстап орналастыру. Сонымен қатар:
Басы мен денесі бір бағытта орналасуы керек;
Баланың беті және бүкіл денесі анасының омырауына бұрылуы керек, оның іші анасының ішіне қарама – қарсы бағытта орналасуы керек;
Баланың денесі анасының денесіне жанасуы керек.
|
|
4
|
Баланы астынан ұстап тұру керек. Егер жаңа туылған нәресте болса, онда иығының артқы жағынан ұстап (бірақ желкеден емес), баланың басы сәл артқа босатылуы керек.
|
|
5
|
Баланы омыраумен емізгенде омырауды төменгі жақтан 4 саусақпен ұстап ал бас бармақты жоғары жағынан емізікке тым жақын емес ұстау.
|
|
6
|
Емізікті баланың ерініне тигізу (дұрысы жоғарғы ерініне).
|
|
7
|
Бала аузын ашқан кезде емізікті баланың ерініне бағыттау және оны осы кезде тек емізікті ғана емес, сонымен қатар ареоланы дем ала алатындай етіп орналастыру.
|
|
8
|
Төменгі еріні сыртқа шығып, ал иегі кеудесіне жақын болуы керек.
|
|
9
|
Баланы емізу барысында омырауды ұстамауғада болады, себебі тыныс алу жолдары жабылмайды, яғни тыныс алу жеткілікті болады.
|
|
10
|
Баланың қаншалықты дұрыс еметіндігін бақылау. Егер сүт жеткілікті болса терең соратын қозғалыстар жасайды, сүтті қалай жұтатындығы естіледі және нәресте еміп болған соң тыныштанады.
|
|
11
|
Бала қанша уақыт емгісі келсе, сонша уақыт емізу керек (әдетте ол 15 – 20 минуттан 30 минутқа дейін созылады). Егер баладан уақытынан ерте омырауды алып алса, онда өзіне қажетті сүтті қабылдамайды. Нәрестені оның сұрауы бойынша емізу, түнгі үзілістерсіз (тәулігіне 7 – 12 рет және одан да көп).
|
|
12
|
Келесі емізуде баланы басқа омырауға бағыттау.
|
|
Омыраумен тамақтандыруда жиі кездесетін мәселелер:
«Менің омырауым сүтке толы және ауырады».
«Менің омырауымда ауырсыну сезімі бар».
«Менің емізіктерім қабынған».
«Менің емізіктерімде жарықшалар пайда болды».
«Менің емізіктерімнің ұшы жоқ».
«Менің балам омыраудан бас тартады».
«Менде сүт жеткіліксіз».
«Менің сүтімде қан араласқан».
«Менің балам тым көп жылайды».
Қолтық асты және шат аралықта дене қызуын өлшеу.
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: Баланың дене қызуын анықтау
|
|
2
|
Көрсеткіштері: Баланың жалпы жағдайын қадағалау.
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштері: қолтық асты қызау, жаралар болу
|
|
4
|
Әзірле: Медициналық термометр, дәке, сағат, температуралық журнал, темперетуралық парақ, қаламсап, дез ертіндісімен ыдыс, КБУ.
|
|
5
|
Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіру.
|
|
6
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
7
|
Баланы отырғызу немесе жатқызу
|
|
8
|
Термометрді алып сынап бағанасы 350С-тан төмен түскенше сілкілеу.
|
|
9
|
Қолтық астын(шатты) қарау.Егер баздану мен бөрітпелер болмаса, дәкемен термометр аймағын сүрту.
|
|
10
|
Қолтық астына (шат қатпарына) сынапты резервуарлы термометрді салу. Сынапты резервуары баланың денесінің барлық жеріне тиюі керек.
|
|
11
|
Баладан иығын кеуде куысына жақындатуын қысуын сұрау немесе өзін қысу, уақытты байқап 10 минуттан кейін термометрді алу.
|
|
12
|
Сынап бағанасы бойынша көрсеткішті байқау. Қорытындыны анасына (балаға) хабарлау
|
|
13
|
Термомер көрсеткішін белгілеу: температуралық журналға жазбаша түрінде, жеке температуралық параққа графикалық сызық түрінде.
|
|
14
|
Сынап бағанасы резервуарға түскенше термометрді сілкілеу.
|
|
15
|
Қолданылған дәкені КБУ- ға салу.
|
|
16
|
Термометрді дез ертіндісі бар лотокқа салып, ағынды суға жуып, кептіріп, қорабына салу.
|
|
Ескерту:
Дене қызуын шат қатпарында орындағанда баланың аяғын бугеді.Қатпар пайда болған жерге термометрды салады.
Дене қызуды тәуліктік бойы жүргізіледі: 6:00 - 8:00 және 16:00 – 18:00де
Дене қызуын экспресс – диагностика кезінде цифрлі термомерт (электронды, инфроқызыл) әр түрлі моделмен жүргізуге болады: Есту жолдарын, ауызда(цифрлі термометр “соска”),тік ішекте. Өлшеу уақыты 1 - ден 30 секунд.
Үлкен еңбек мөлшерін анықтау
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбегі.
|
1
|
Мақсаты: физикалық дамуын бағалау.
|
2
|
Көрсеткіштері еңбек мөлшерінің өзгеруін бақылау.
|
3
|
Қарсы көрсеткіштері:жоқ
|
4
|
Әзірле: Сантиметрлі немесе мөлдір лента,70%Этил спирті, дәке, қағаз,қалам;
|
5
|
Анасы немесе туыстарына зерттеу барысын түсіндіріп, келісімін алу.
|
6
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолғапты киіңіз.
|
7
|
Сантиметрлі лентаны екі жағынан салфетка көмегімен спиртпен өңдеу.
|
8
|
Балаға ыңғайлы қалып беру.
|
9
|
Сантиметрлі лентаны бала басының үлкен еңбек аясына қою және бір жағынан екінші жағының ара қашықтығын өлшеу.
|
10
|
Алынған нәтижені жазу.
|
11
|
Ата-анасына зерттеу нәтижесін хабарлау.
|
12
|
Нәтижелерді ф-112-у жазу
|
Омыраудағы баланың бөртпесі кезінде тері қабатын емдеу әдісі.
№
|
Тәжірбелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: 1.Инфекцияның алдын алу
2. Тері бүтіндігін қалпына келтіру
|
|
2
|
Көрсеткіштері: әр түрлі дәрежедегі бөртпелер
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштер: жоқ
|
|
4
|
Әзірле: резеңке қолғап,стерильді мәрлі майлақтары,стерильді мақта тампоны,жайалық,жөргек, фен немесе желдеткіш,фурацелин ерітіндісі 0,02%,стирильді май,болтушка,эмульсия,дисперсияланған жақпа май.
|
|
5
|
Қауіпсіздік ережесі:баланы қараусыз қалдырмау
|
|
6
|
Мүмкін болатын асқынулар:баланың мазасыздануы
|
|
7
|
Міндетті шарттар:өңдеу гигиеналық ваннадан кейін немесе жуынудан кейін орындалады.
|
|
8
|
Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіріңіз
|
|
9
|
Керекті құрал-жабдықтарды дайындау
|
|
10
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
11
|
Дезерітіндімен үстелді залалсыздандырып, жайалық төсеу
|
|
|
Баланы жайалықтың үстіне жатқызу
|
|
12
|
1 дәрежелі бөртпеде: май жағатын аймақты стерильді салфеткамен кептіру. Фен немесе желдеткіш көмегімен ауалы ванна өткізіледі.
|
|
13
|
2 дәрежелі бөртпеде: ауалы ванна жүргізіп, майға малынған салфеткамен терінің зақымдалған аймағын өңдейміз
|
|
14
|
|
|
15
|
3 дәрежелі бөртпеде: салфетканы фурацелин ерітіндісіне малып,зақымданған теріге ылғалды таңба салу, салфетка кепкенше теріден жеңіл алынбайды,бұдан кейін кепкен теріге эмульсия немесе дисперсияланған жақпа май жағамыз
|
|
16
|
Таза жөргек кигізіп,жайалыққа орап төсекке жатқызамыз
|
|
17
|
Пайдаланған заттарды лотокка жинап,қолғапты шешіп, қолымызды жуып кептіреміз
|
|
Бір жасқа дейінгі баланың дене ұзындығын өлшеу
№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау
|
|
2
|
Көрсеткіштері: физикалық дамуының динамикасын бақылау, бойдың өзгеруіне байланысты ауруларды анықтау
|
|
3
|
Қарсы көрсетілімдері: жоқ
|
|
4
|
Әзірле: көлденең бой өлшегіш, жаялық, резеңке қолғап, залалсыздандыратын ерітіндімен толтырылған ыдыс, қағаз, қаламсап
|
|
5
|
Анасына/ туысына өлшеудің мақсатын түсіндіріп, рұқсатын алу
|
|
6
|
Көлденең бой өлшегіш шкаласын өзіне қарай қаратып түзужерге орналастыру
|
|
7
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
8
|
Көлденең бой өлшегіш бетін залалсыздандыратын ерітіндіге ылғалданған шүберекпен сүртіп әзірлеу
|
|
9
|
Көлденең бой өлшегіш үстіне жаялықты салу
|
|
10
|
Нәрестенің басын жылжымайтын таяқшаға қаратып, жатқызу
|
|
11
|
Екі аяғының тізесін ақырын басып, аяқтарын түзету. Анасына/ туысына нарестенің басын қозғалтпай ұстап тұруын түсіндіру
|
|
12
|
Көлденең бой өлшегіш аспаптың жылжымалы таяқшасын жылжыты, нарестенің аяғының табанына әкеп тіреу
|
|
13
|
Тіремен таяқшаның орналасқан шкаласы бойынша нәтижесін анықтау
|
|
14
|
Нәрестені көлденең бой өлшегіштен тұрғызу
|
|
15
|
Нәтижесін жазу, анасына/туысына хабарлау
|
|
16
|
Көлденең бой өлшегіштен жаялықты алып аспаптың үстіңгі беткейін залалсыздандыратын ерітіндіге ылдалған шүберекпен сүртіп, әзірлеу
|
|
17
|
Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіру.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |