№
|
Тәжірбиелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: бактерияның қасиетін және оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
|
|
2
|
Қолдану көрсеткіштері:
- Дифтериямен ауыратын науқастарды уақытылы тексеру;
-Ангинамен және назофарингитпен ауыратын науқастар;
-Ауру көзімен қарым-қатынасқа түскен балалар.
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштер: Жоғары тыныс жолдарының шырышты қабаттарының жарақаттары
|
|
4
|
Әзірле : Жолдама, стеклограф , пробирка, шпатель, тампоны бар стерженьді, штатив, резеңке қолғапты, масканы, КБУ
|
|
5
|
Ата-анасына/балаға процедураның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз және оны жүргізуге келісімін алыңыз
|
|
6
|
Баклабораторияға жолдама жазыңыз.
|
|
7
|
Стеклограф пробирканы маркілеңіз, жолдамаға қажетті номерді қойыңыз: Аңқа - №1, пробирканы штативке орнатыңыз.
|
|
8
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.
|
|
9
|
Баланы жарыққа қаратып отырғызып, көмекші келесі іс-әрекеттерді жасайды:
Көмекші баланың аяқтарын екі аяғының ортасына қысып ұстайды;
Қолдарын бір қолымен ұстайды;
Екінші қолын баланың маңдайына қою арқылы баланың басын ұстап тұрады.
|
|
10
|
Оң қолыңызбен «М» белгісі бар пробиркадан тампонды шығарыңыз.
|
|
11
|
Сол қолдың үлкен саусағымен баланың мұрынының ұшын көтерініз
|
|
12
|
Тампонды айналмалы қимылмен мұрын қуыстарының қабырғасына толық тию арқылы енгізіңіз
|
|
13
|
Шырышты алған соң пробирканың шетіне тигізбей тампонды пробиркаға салыңыз.
|
|
14
|
Баладан ауызын кеңірек ашуын сұраңыз, тілінің ұшын шпательмен төменге тартып алдыға шығарып бекітіңіз.
|
|
15
|
Оң қолыңызбен «А» белгісі бар пробиркадан мақта шаригін шығарыңыз
|
|
16
|
Мақта шаригін тіл мен жаққа тигізбей ауыз қуысына енгізіңіз
|
|
17
|
Таңдай доғасы және бадамшалардан шырышты мына тәртіппен алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ бадамша, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ бадамша және көмейдің артқы қабырғасы. .
|
|
18
|
Ауыз қуысынан тампонды шығарыңыз және оны пробирканың шетіне тигізбей ішіне енгізіңіз.
|
|
19
|
Резеңке қолғапты, масканы шешіңіз, КБУ салыңыз.
|
|
20
|
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
21
|
Бикстегі материалды алған уақыттан бастап 2 сағат ішінде баклабораторияға жолдама жазып жіберіңіз немесе бактериолоиялық лабораторияға жіберуге дейін t-37оС термостатқа салып қойыңыз.
|
|