Тәжірбиелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: тоқ ішекті тазалау.
|
|
2
|
Көрсеткіштері: іш қату, улану (интоксикация), емдік клизма және жел шығару түтігін енгізу алдында, ота алдында, эндоскопиялық зерттеулер (ректоскопия, колонофиброскопия) алдында, асқорыту ағзаларына, бүйрек және зәр шығару жүйелерінің рентгенологиялық зерттеулер алдында.
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштер: тоқ ішектің қабынуы мен ойық жарасы, қан кету, перитонит, аппендицит, тік ішектің ісіктері және жедел жүрек тамыр жетіспеушілігі.
|
|
4
|
Әзірле : қолғаптар, алжапқыш, клеенка және жөргектер, наконечнигі (№1-6) бар резеңке баллон, 20-22oC су мен ыдыс, вазелин майы, лоток, горшок, мақта шариктері, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс.
|
|
5
|
Емшара мақсаты мен барысын анасына түсіндіріңіз.
|
|
6
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз..
|
|
7
|
Клеенка жайып үстіне жөргек жайыңыз.
|
|
8
|
Резеңке баллонға 20-22o С (бөлме температурасы) суды сорып алыңыз:
жаңа туған нәрестеге – 25-30мл;
емшек жасындағы балаға - 50-150мл;
1-3 жастағы балаға - 150-250мл;
|
|
9
|
Наконечникке құю әдісі бойынша вазелин майын жағыңыз.
|
|
10
|
6 айға дейінгі балаларды арқасына жатқызып, екі аяғын көтеріңіз. 6 айдан жоғары жастағы балаларды сол жақ қырына жатқызып, аяқтарын тізе буынында бүгіңіз.
|
|
11
|
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен екі бөксесінің арасын ашыңыз
|
|
12
|
Резеңке баллонның наконечнигін жоғары қаратып, оң қолдың үлкен саусағымен баллонның астынан қысыңыз.
|
|
13
|
Баллонды қысып ұстап аналь тесігіне тік ішек бойымен кіндікке қарай кейін құймышаққа параллель абайлап енгізіңіз.
|
|
14
|
Баллонды ақырындап басып суды ішекке енгізіңіз, баллонды қысып ұстап наконечнигін тік ішекен шығарыңыз.
|
|
15
|
Сол қолмен балның жамбасын 3-5 минут қысып ұстаңыз.
|
|
16
|
Баланы арқасына жатқызып, шат аралығын нәжіс шыққанша жөргекпен жабыңыз.
|
|
17
|
Баланы жуындырып, кептіріңіз, стерильды өсімдік майымен өңдеңіз
|
|
18
|
Қолданылған құралдарды дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
|
|
19
|
Алжапқышты, қолғаптарды шешіп, КБУ салыңыз. Қолды жуып кептіріңіз.
|
|