Стоматит кезіндегі ауыз қуысын өндеу


Шала туылған баланы жылытқышпен жылыту



бет2/6
Дата03.01.2022
өлшемі90.53 Kb.
#451725
1   2   3   4   5   6
Стандарт педиатрия

Шала туылған баланы жылытқышпен жылыту.



Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбегі.

Баға

1

Мақсаты: дененің қалыпты температурасын қамтамассыз ету.




2

Көрсеткіштері: шала туылған нәресте.




3

Қарсы көрсеткіштері: дене температурасының көтерілуі




4

Әзірле: резенке жылытқыш 3 шт, су 42-45 С,жөргек 3 шт,жапқыш,қолғап,маска,КБУ,дез ертіндісімен,ыдыс , шүберек




5

Емшаранын барысы мен мақсатын анасына түсіндіру..




6

Шала туған баланы жөргектеніз,төсекке жатқыз




7

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




8

Жылытқышты 42-45 С.да 1/2 немесе 2/3 көлеміндей болатындай етіп отырыныз.




9

Жылытқыштын үстінен қолмен басып ішіндегі ауаны шығарыныз,қақпағын тығыз жабыныз.




10

Жылыткыштың басын төмен қаратыңыз,иықтың ішкі бетінен 1-2 минутқа қойып,онын иілгіштігіне көз жеткізіп,температурасын тексерініз.




11

Осы түрде тағы 2 жылытқышты дайынданыз.




12

Әр жылытқышты 4 рет бүктелген жөргекпен ораныз




13

Жылытқыштардын ара қашықтығы 8-10 см болатындай денеге екі жақтан және біреуін табан денгейінде қойыныз.




14

Баланы жапқышпен жабыныз(жапқыштың ішіндегі температураны бір қалыпта 28-30 С ұстаныз).




15

Жылытқыштың ішіндегі суды суымай тұрғанда ауыстырыныз




16

Процедура біткен соң, жылытқыштың ішіндегі суды төгініз,жылытқыштың сыртын дез ертіндімімен зарарсыздадырыныз.




17

Қолғапты шешініз,КБУ-ға салыныз..




18

Қолды жуып,кептірініз.




Ескерту- егер бала температурасы 37˚С, жоғары болса , ысып кетудің алдын алу үшін бір жылытқышты аяқ астында қалтыруға болады немесе барлық жылытқышты алып тастау керек.

Балаға туберкулезге қарсы егу жұмысын өткізу.




Тәжірбиелік дағдыны бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: туберкулездің алдын алу.




2

Көрсеткіштері: жаңа туған балалар, 6-7 жастағы балалардың Мнту белгісінің теріс нәтижесінде.




3

Қарсы көрсеткіштер: салмағы 2000 г төмен шала туылған балалар




4

Әзірле: залалсыздандырылған мақта шаригі, залалсыздандырылған салфетка, пинцет, қолғап, БЦЖ вакцинасы және 2,0мл еріткіш, мензурка, туберкулин шприці, 2,0 шприц, дезертіндісі бар ыдыс,70% спирт .




5

Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіріңіз.




6

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




7

Спиртке малынған мақта шаригімен БЦЖ ампуласы мен еріткіш ампуласының сыртын өңдеңіз.




8

Залалсыздандырылған салфеткамен ампуланы ашыңыз.




9

Қолданылған мақта шаригі мен салфетканы дезертіндісі бар ыдысқа салыңыз.




10

Ампуланы мензуркаға салыңыз.




11

Асептикалық ережені сақтай отырып, 2,0 шприцті әзірлеп, еріткішті сорып алыңыз.




12

Еріткішті абайлап, вакцинасы бар ампулаға құйыңыз.




13

Вакцинасы бар ампуланы ақырын шайқап, үстінен залалсыздандырылған салфеткамен жабыңыз.




14

Қолданылған шприцті дезертіндісі бар ыдысқа салыңыз.




15

Асептикалық ережені сақтай отырып, туберкулин шпирцін құрастыр, 0,2мл вакцинаны сорып алыңыз.




16

Вакцинасы бар ампуланы мензуркаға салыңыз. Бетін залалсыздандырылған салфеткамен жабыңыз.




17

Шприцтегі ауаны залалсыздандырылған салфеткаға шығарып, шприцте 0,1мл вакцина қалдыр, салфетканы дезертіндісі бар ыдысқа салыңыз.




18

Вакцинасы бар шприцті залалсыздандырылған үстелге қойыңыз.




19

Баланың сол иығының жоғарғы 1/3 бөлігін спиртке малынған мақта шаригімен сүртіңіз.




20

Сол қолдың 1-2 саусақтарымен ине салатын жердің терісін тартыңыз.




21

Туберкулин шприцінің инесін қиғашынан 10-15˚ бұрыш жасап, вакцинаны тері ішіне ек, «лимон қабығындай» төмпешік пайда болғанша.




22

Ине салған жерді өңдемеңіз.




23

Туберкулин шприцін дезертіндісі бар ыдысқа салыңыз.




24

Қолғапты шешип КБУ-ға сал, қолды жуып, кептіріңіз.




25

Айталмыш вакцинацияларды (күні,вакцина аты,енгізу жолы,мөлшері,сериясы) профилактикалық егу журналына, баланың дамуының тарихына, профилактикалық егу картасына енгізіңіз.




26

Баланы 3 күн бой қадағалау. Вакцинациядан кейінгі пайда болған асқынуларды дәрігерге хабарлаңыз.





Манту сынамасының қойылымы.




Тәжірбиелік дағдыны бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсат: диагностика.




2

Көрсеткіштер: вакцинация және БЦЖ ревакцинациясының алдында ,"қауіп-қатер тобындағы" балалар.




3

Қарсы көрсеткіштер: тері аурулары, аллергиялық күйдегі, ревматизм, бронх демікпесі, эпилепсия.




4

Әзірле: залалсыздандырылған мақта шаригі, салфеткалар,пинцет, стандартты туберкулин, мензурка, туберкулин шприці, 70˚ спирт, қолғап, дезертінді.




5

Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіріңіз.




6

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




7

70˚спиртке малынған мақта шаригімен стандартты туберкулин ампуласын өңдеңіз.




8

Ампуланы ашып, мензуркаға қойыңыз.




9

Асептикалық ережені сақтай отырып, туберкулин шпирцін құрастырыңыз.




10

Туберкулин шприціне 0,2мл туберкулин сорып алыңыз Ауасын шығарыңыз.




11

Баланың білегінің ортаңғы 1/3 бөлігін 70˚спиртке малынған мақта шаригімен сүртіңіз.




12

Сол қолдың1-2 саусағымен ине салатын жердің терісін тартыңыз.




13

Иненің қиығын жоғары қаратып тері ішіне енгізіп, 0,1мл туберкулинді (1 доза-2ТЕ) тері ішіне егіңіз.




14

Қолданылған шприцті дезертіндісі бар ыдысқа салыңыз




15

Қолғапты шешіп КБУ-ға сал, қолды жуып, кептіріңіз.




16

Егер инъекция дұрыс жасалған болса, ине салынған жерде «лимонның қабығындай» төмпешік пайда болады. 15-20 минуттан кейін тарап кетеді.




17

Манту белгісінің нәтижесін 72 сағаттан кейін тексеру керек. Төмпешік көлемін мөлдір сызғышпен өлшеу арқылы:

  • теріс нәтиже – төмпеші диаметрі 0-1,9мм;

  • күмәнді нәтиже - төмпешік диаметрі 2,0-4,9мм;

  • айқын нәтиже – төмпешік диаметрі 5,0мм және одан жоғары.

Манту сынамасының нәтижелерін №063 пішінге тіркеңіз.





Ескерту: Манту сынамасын жасағаннан кейін, инъекция жасалған жерін өңдемеңіз.


Сәбидің және ерте жастағы балалардың асқазаның шаю.




Тәжірбиелік дағдыны бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: Емдік ( асқазанан токсикалық заттарды шығару)




2

Көрсеткіші: Бала уланғанда.




3

Әзірле: Стерильді: №6,8,10 асқазан шаюға арналған зонд (жінішке асқазан зондты), қысқыш,дәке,лотоктар,шаюға арналған ыдыс, 20,0 шприц немесе Жане шприцы,қолғап, алжапқыш,клеенка, жөргек, 20-220С та натрий хлорлы ертіндісі бар шаюға арналған ыдыс, (немесе Ренгере-Локка, 1% ас содасымен ертінді,калий перманганат ертіндісі) шайындыны құюға арналған ыдыс, дез ертіндісі бар ыдыс, ветошь.




4

Емшараның өту барысы мен мақсатын анасына түсіндіру.




5

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз, алжапқыш тағу .




6

Дез ертіндіге ылғалданған ветошьпен жөргектеу үстелін сүрту.




7

Үстелге жөргекпен клеенканы салу




8

Қысқышпен зонтты алып лотокқа салып, зондты енгізу терендігін құлақ сырғалығынан мұрын ұшына және төстің семсер өсіндісіне дейін өлшеп, лейкопластрмен белгі салу, зондтың канюлясын жабу.




9

1 айлық баламен жағдайы ауыр балаларды бір жақ қырына жатқызып бетін аздап төмен қарату, алжапқыш кию.




10

Баланың аяқ астына шайындыны құюға арналған ыдысты қою.




11

7-8 см қашықтықта зондтың ұшын сулап мұрын құысынан белгіге дейін енгізу(Егер зондты негізу кезінде бала тұншығып , жөтеле бастаса тез арада зондты шығарып, процедураны қайтадан қайталау)




12

20-80мл ертіндіні шприцқа(Жане шприц)сорып алып, зондқа біріктіріп,шприцты жоғары көтеріп, ақырындап сұйықтықты асқазанға жіберу.




13

Зонд пен шприцты төмен түсіріп, асқазандағы сұйықтықты сорып алып, шайынды суға арналған ыдысқа төгу.




14

Шаюды су тазарғанша қайталау.




15

Дәке арқылы зондты шприцтан ажырату.




16

Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу.




17

Зондпен қысқышты дез ертіндісі бар ыдысқа салу.




18

Алжапқыш , қолғапты шешіп КБУ –ға салу.




19

Қолды жуып кептіру




Ескерту:

  • Бір уақытта енгізетін ертінді көлемі: сәбилер-айда -5-8мл\кг;

2 -6 айында – 8-12мл\кг

7-12 айында – 15-20мл\кг

1-6 жаста – 16мл\кг


  • Асқазанды шаюға арналған ертінді жалпы көлемі: 1 жасқа дейінгі балаларда мына формула бойынша анықталады: 100×n; мұнда “n” баланың айлық саны, 1 жастан жоғары балаларды 1000мл×m; “M” – бала жасы.

  • Шаю кезінде баланың жалпы күйін қадағалау.

  • Үлкен жастағы балаларды көмекшінің алдыны отырғызуға болады. Ол баланың аяғын өз аяғымен қысып ұстайды, бір қолымен босын,бір қолымен баланың қолын ұстайды.

  • Керек жағдайда асқазанның шайындысын стерильді ыдысқа алып, жолдамамен зертханаға жіберу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет