Стр. 14 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 13
Стр. 15
Қазақстанның ашық кітапханасы
14
—
Судың сорып алмайтын ауруы жоқ... Көзің де ашылайын деді. Тап бір көзін жаңа
ашып келе жатқан сұр күшік сияқтысың. Бір жұмадан кейін бөрі алатын көкжалдай
боласың. Бір ай еткен соң көкжал бөрінің өзі боласың! Ендігі қалғанын дүниенің жалғыз
шамшырағы күнге емдетеміз. Ал, кеттік! — деп, Шеген Борашты арқалап алды да, судан
шыға бастады. Бораштың арқасына мен де барып жармастым. Шеген екеумізді де көтеріп,
жағаға алып шықты. Әуелі ақсия күліп, тулап қалып, мені суға қайта ырғытып жіберді де,
Борашты ақырын ғана жерге қойды. Басым құмға кіріп кетсе де, мен де қыңқ еткенім жоқ.
Қаны шығып тұрған қарала сирақты Шеген енді ғана көріп:
—
Ойбай-ау, бар бәлең аяғыңда екен ғой!—деп, енді менің аяқтарымды құммен
ысқылай бастады.
Жайықтың таңертеңгі түюлі қабағы түгел жадырап, төсін күнге тұтас тосып, күлімдеп
жатқандай сезіледі. Таңертеңгі қатты толқындар өзен түбінің лайын қопарып жатқандай
еді, енді толқын баяулап, жағаның қызғылт құмын меруерттей жуып жатыр. Өзеннің екі
беті де балықтай шолпылдаған бала. Әріректе ақ шағаладай шуласып әйелдер де суға
түсіп жатыр. Ыстықтаған иттер де өзенге келіп түсе бастады. Таңертең тұнжырап көрінген
қоңырқай қаланың ажары кіріп, еңбек үндері біріне-бірі қосылып, үлкен бір гүрсіл-
дүрсілге айналыпты. Кеше менің теңіз демалысы дегенім, бүгін қала демалысы
сияқтанады.
—
Енді қарын қамын ойлалық. Мына қарында түк жоқ,— деп, Шеген қабысқан
қарнын қағып-қағып қойды. Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін,
күнге күйген тобылғы-торы екен. Қақпақ жаурынды, қыздай қыпша бел, кеудесі шалқақ
біткен бәйге атындай жарау, ете оңтайлы бала екен. Келте мұрын, азғана аузы үлкенірек,
қоңыр көздеу болғанмен маған ол өте сымбатты көрінді. Табаны жалпақ та, тайпақ та
емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай. Әлде ақсиған тістері ме, әлде ақкөңілділігі
ме, әлде қабағына қақ тұрмайтын ойнақылығы ма, әйтеуір Шеген мені біржола тартып
әкетті. Бір көргеннен-ақ мен де Шеген болғым келді. Шеген сақылдап қатты күледі.
Өмірдің, ащы-тұщы, қайғы-қуаныш дегендері ойына да кіріп шықпайтын сияқты. Тегі,
оның сүйері — уайымсыз еркіндік, өз ойланғанына өз күшімен жету болу керек.
Шеген менің аяғымдағы толып жатқан жара мен жарықтарын көріп, басын шайқады да:
—
Уай, мынауың болмайды,— деді, түсінемісің дегендей көзіме қадала қарап.— Ең
алдымен адамға бас керек. Онсыз өмір Оған молданың көрінен де қараңғы болады. Онсыз
өмір құраннан жаман, түсіне алмайсың. Екінші, бізге аяқ керек. Қашсаң — құтылатын бол,
қусаң жететін бол. Керек боп қалса, құстай ұшатын бол! Мынадай табан бола ма екен
қырық тесік! Аяғыңның қалпы бітімі жаман болмағанмен қазіргі хәлі қанағаттанарлық
емес деп танимын... Жата тұр құмның үстінде. Мен қазір келем,— деп, Шеген қалаға
қарай жүгіріп кетті.
—
Дәрі әкеледі. Екі күнде жазып береді! —деді Бораш, ұзай берген Шегенге риза
көзбен қарап. Жүзіндегі күрсініс осы арада ғана түгел бір жойылып кетті.
—
Сен қалай ақсадың? —дедім Борашқа, іскен оң, тізесіне қолымды апарып.
Әй апам қораның төбесінен құлатып жіберді.
«Әй апасы» өгей шешесі екенін түсіндім де, одан арғыны қазбалағаным жоқ. Бораш
шорланып бітіп келе жатқан оң тізесін сипалай отырып:
—
Соқаның үстіне құлап түстім... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір... Енді бір айда
жүгіруге жарайсың дейді... Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып қалып еді, әнеугүні
Достарыңызбен бөлісу: |