Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 13 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет12/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 13 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 12



Стр. 14

Қазақстанның ашық кітапханасы


13

Атың кім? —деді ересек бала.

Қайырғали... Өзіңнің атың кім?

Шеген... Мынаның аты Бораш... Мұны Боря дейтін боласың. Менің атым онша
бұрмалауға келмейді, Шеген аға дерсің. Мен екеуіңнен де үлкенмін. Әкем байғұс баласын
еркелете алмайтынын білген ғой сорлы, Шеген дей салыпты...
Шеген менің атымды «Қайырғали, Қайрош, Қайрушке» деп, орысша-қазақша оңды-солды
бұрмалап көрді де:

Атың ат емес екен... Сендей жеке батырға түк лайығы жоқ... Бүгіннен бастап Костя
боласың! Оған молдадан көргенім бар, қазір дұрыстап атыңды қойып берем! — деп, екі
қолын құлағына апарып:

Бүгіннен бастап сенің атың: Костя! Костя! Костя!— деді үш рет құлағыма
айғайлап.

Апам ұрсып жүрсе қайтем?—дедім Шегенге қарап.

Апаң қайда еді?
Апам Қайрақтыда.

Сен немене, Қайрақтыңа қайта қайтпақпысың? — деп, Шеген менің үсті-басымды
қайыстай илеп жатқан қолдарын дереу тартып алды. Бораш та қасуын тоқтатты.

Жоқ...— дедім, жаңа қосылған үйірімнен айрылғым келмей. Шеген қолын арқама
қайта салды... Сол күннен бастап күні бүгінге дейін менің атым Костя, Константин болып
кетті. Атымды өзгерткенде Шегеннің берген мықты бір медеуі:

Атыңды бұзып қойған молда ғой сенің! Ол саған не жақсылық тіледі дейсің! Енді
міне, туысыңа лайық Костя боласың! —деді.

Туысым, сондай-ақ бір дәстүрлеуге лайық болып тұрса, бола-ақ қойсын! — деп
ойладым да, мен де көндім. Бораш бір аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері
де жаңа туған бұзаудың көзіндей бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты. Қуануы да,
ренжіп қалуы да оп-оңай. Мөлдір қара кезінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай. Бұл,
шынында да, егей шешенің отын-суына пысықтық жасай алмаған соң, оңай ғана
тентіретіп жіберген бала болу керек. Манағы «Кел, Бораш» дегеннен бастап менің
арқамды әлі тырналаған болып тұр. Қолы батпайды, сипап тұрғандай ғана білінеді. Ол
жаратылысында ауыр еңбекке арналмай жаралған бала сияқты. Жүзінде естен бір
шықпайтын, жүрегіне мәңгі байланып қалған ауыр бір күрсініс бар. Ол күрсініс езу
тартқанда да түгел жойылып кете алмайды.
Өз әліме қарамай, Борашты аяп кетіп, мен оған:
Қара әжең келіп кетсін,— деді... ұрыспаймын деді...— дедім.
Бораш әpeң, ғана езу тартқандай болып еді, көзінің түбінде қуаныш ұшқыны бір ғана
жылт ете түскендей болды да қайта сөнді. Тез ешті, із қалдырмай өшті. Жанары жарқырап
бір қалған әдемі қара кездеріне қайтадан күрсініс кірді.

Ой, өзің бір құдайдың еркесі екесің, ғой! —деп, Шеген мені жаурын ортадан
шапалақпен шарт еткізді де, өзі де күліп жіберді. Үнсіз ғана Бораш та жымиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет