Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет139/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 138



Стр. 140

Қазақстанның ашық кітапханасы


139
Жолдастарымның не айтып жатқандарын да естігендеймін бірақ ешбір сөздің мағынасын
аяғына дейін аңғара алмаймын.
Володя менің көзіме қадала қарап, ернін жыбырлатқандай болады. Не айтқаны естілмейді.
Есімнен айрылмайын деп, күшімді жинасам да кейбір нәрселер алыстан бұлдырағандай,
айқын оңдалмай қалады. Володяға өзім де бірдеме айтқым келеді. Теріміз сіңіскен қайғы-
қуанышымыз ортақ болып кеткен қимас дос жолдастарға жүрегімдегі қырынды бір сезімді
айтқым келеді. Бар күшімді жинап алып айтқаным:
Команданы қолыңа ал!—ғана болды. Басқа ойларым айтылмай алқымымда қалды...
Мені көтеріп алып жөнеле бергенде, өзімді атып қалған жауымды тағы бір көргім келіп
тағы бір қадалып қарадым.
Тұмсығы енді қарға түгел көміліп барады екен. Мұрнынан аққан қара күрең қан ұсақ-ұсақ
отау тігіп, алдындағы қарды едәуір шұбатып бояп тастапты. 'Атылған ит осылай елетін еді
деп, ішімнен бір жәбір теңеулер іздегендеймін... Шолақ киімдері жоғары сырылып кетіпті
де, ашылып қалған жалаңаш арқасына айдама жел түйір-түйір қиыршық қарды тығып
жатыр...
Жолдастарым мені көтеріп әкетті. Биік тас үйлерді өткізіп, танк лектерінің әлі өтіп
жатқанын айқын сезем. Сталинградтан келгендері де бар шығар-ау... Семен Зониннің қаза
болғанын айту керек еді-ау, біреуіне... Ондай ерекше адамды білмейтін кім бар дейсің
деген ой келеді. Бірақ бұл ойым да аяқталмай, басқа бірдемеге ауысып кетеді.
Әлі өтіп жатқан ауыр самолеттердің бауырларында балапандай тізіліп бара жатқан
бомбаларын да көргендей боламын. Осылардың ішінде Шеген де кетіп барады, ә? Ол ғой,
менің танып қалғанымды сезген де жоқ?.. Шеген аға, бұл бес айда мен де басымнан
талайды өткіздім. Енді кездессек, ана жылғыдай қысылмай-ақ шерте беретін әңгімелерім
толып жатыр. Жолдас капитан солдатың кепті көрді, ондай-мұндай ұққаны да жоқ емес.
Мүмкін, енді саған жолдастыққа да жарап қалған шығар.
Кеудеме қыздырған темір кіріп бара жатқандай, тек ақырын шайқалған сайын бойлай
түскендей сезіледі. Ойларым тез-тез үзіліп кетеді де, жаңа бір ойлар киіп кетеді. Қанша
уақыт бірге жүрген жолдастарыма ең керекті сөзім айтылмағандай, әр түрлі ойлар
анталап, араласып барады. Ие, ең айтар сөз немене еді?.. Неғып ұмыта қалдым?.. Осы бір
болмашы шайқалыспен келе жатқанда ойың да шайқала бергені ме?.. Бұрын талай
жүгіретін де едік, сонда неғып түсіп қалмай жүрген?..Қап, ұмытыла қалғанын көрдің бе?..
Ұйқылы-ояу бір халде, әйел даусы естіледі.

Ауыр екен... тез жөнелтілсін... ауыр жара... Марина... Бірінші кезекте...
«Ол кім екен жаралы? Володя ма, Петя ма?.. Екеуі де қызу, батыл жігіттер еді. Қайда
жұмсап ем?.. Бекер болған екен... Иә, сарайды тінтіп шық деп дейм-ау, Володяға... Қайда
жөнелтейін деп жатыр екен оларды?.. Адрестерін алып қалуым керек қой.. Адрестеріңді,
адрестеріңді қалдырыңдар!..» Даусым, әрине, шықпайды...

Костя, кейін өзімізге келіп қосыл! Түсінемісің? — дейді бір дауыс. Бұл, әрине,
политрук Ревякиннің, даусы...
Білегіме жұмсақ бір салқын саусақтар тиеді. Ақ киінген Ақбота көзіме шалынып
кеткендей болады. Семен көрдім деп еді, дұрыс екен-ау!.. Ақбота, кішкене ғана қаттырақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет