Стр. 135 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 134
Стр. 136
Қазақстанның ашық кітапханасы
135
солдаты марғау, көңілсіз деген сөз. Соғыста екі жақтың, да көңіл күйін бірдей бұрап
қоятын жағдай сирек кездеседі. Айқас алдында әрбір командирдің бұ да бір ескеретін
нәрсесі. Жарыста екі аттың біреуі-ақ озады, айқаста екі жақтың біреуі-ақ жеңеді. Жеңіс
лебі солдат бойын сергіте келеді.
Шабуыл күрт көтеріліп, апар-топарға лезде-ақ кірісіп қалдық. Біздің жақтың зеңбірек
топаны оңы мен солынан, шығыс жақ қарсы алдынан қатар соғып, алғашқы жарты
сағаттың ішінде-ақ жау ойын сандалтып тастады. Шын шабуыл қай жақтан келе жатыр,
алдастыру жағы қайсы, оны неміс штабы болжай алмай қалған сияқты. Қаладан атылған
жау зеңбіректері әр жерден бір үймелесіп, тұрақтай алмай жан-жақты түгел атқылап,
аяғында дәл шабуылға қарсы от қорғанын жасай алған жоқ. Оны жабайы солдат біз де
байқап қалдық.
Жұқа мұздың опырылғанына қарамай, біздің атты-жаяу әскерлер Дон өзенінің әр тұсынан
өтіп жатыр. Жаяу әскерлер өзеннен ете сала уралап, күркіреген күндей күңіреніп, бірден
шабуылға көшті. Біздің танкы лектерінің алды көпірге жеткенде, жалаң қылыштары жарқ-
жұрқ етіп, атты әскер де лап берді. Ракета жарығына шағылысқан жалаң қылыштар біресе
тұтанып, біресе сөніп, жылт-жылт ағып бара жатқан көп оққа да ұқсап кетеді.
Бұл күнді біз бес ай күттік. Бес айдан бергі ыза мен кек бүгін тасыған өзендей қопарылып,
алдынан кездескен жау шебін кедергі көрмей жұлып әкетіп, шабуыл қитықсыз ілгері
басып барады. Ұзақ созылып өткен бес айдың ауыр азаптары бір сәтте ұмытылып, солдат
та аяғын қаздаң-қаздаң басады. Көз — ілеккенің қол — сермегенін құтқарар емес. Шегіну
кейісін бес ай тартып, бүгінгі түннің бір минутын көре алмай қаза тапқан ер жолдастар
еске түседі. Әсіресе Семен Зонин.
Жау қолы сол жақтан тиген соққыдан оң жаққа қарай толқиды. Алдынан шыға келген
араннан жапырыла шалқып, кейін бұрылады. Көше-көшені бойлай өтіп өзді-өзі сеңдей
соғылысып қалып жүр. Күздің қараңғы түнінде найзағай оғынан үркіп бір жөнелген
жылқы біріне-бірі соқтығып, өзін-өзі айдап, апат болар құзға келіп тірелгенде де, ес
жиярға шама жоқ, апар-топар жардан құлар еді Бүгінгі жау әскерінде де осыған ұқсас бір
жай бар. Аязды қысты осы жылы қалада өткізерміз деп жайласа бастаған әскер, кенет
соққан дауылдан ес жия алмай қалыпты.
Шабуыл кезінде алда, шегіну кезінде артта болатын әдеті бойынша, біздің взвод та
алғашқы айқаймен араласа қалаға кірген. Қазір біз қаланың оң жақ көшелерін сүзіп
келеміз. Қараңғы түкпірлерден биік үйлердің ең астыңғы қабаттарынан кейде шортан
кейде шабақтар ілегіп қалады.. Дүниелік тиеген машиналар әр көшеден кездесіп келеді.
Кейбір көшелерде ондаған машиналар соқтығысып, тас үйлердің қабырғасына апарып
жастап, аяғында мүйізінен айқасып қалған арқарға ұқсап, сіресіп қатып тұрып қалыпты.
Ондай көшелерден жаяу солдат та өте алар емес. Бірлі-жарымды болмаса, шоферлары да
кетіп қалған.
Қала да халқы да бұл түнді ұйқысыз өткізіп, әр терезеден бас көтеріп, өздері көрген
бірдеменің жайын айтып қалып жатыр.
Анау үйде штабтары болған!..
Анау қызойнақ жасаған үйлері...
Танкы дивизиясы анау заводтың қорасында болды...
Биік үйдің бір төбесінде үлкен бір жалау желкілдеп тұр. Жалаудың қақ ортасында
аяқтарын тарбайтқан бүйіге ұқсаған бірдеме көрінеді. Алаңдардағы дарлар, қатар-қатар
Достарыңызбен бөлісу: |