Стр. 136 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 135
Стр. 137
Қазақстанның ашық кітапханасы
136
асылған адамдар сол бүйінің ісі. Ататын жауың аздық қылмаса да, алдымен сол бүйіні
атқың келеді. Үйдің төбесіне бізден бұрын шыққан әлдекім жау жалауын жұлып алып,
біздің алдымызға қарай лақтырып жіберді. Жауынгерлерім жүгіріп бара жатып, әдейі
бұрылып, бүйіні бір-бір таптап өтіп барады.
Атыс-айқас қаланың батыс жақ шетіне ауды. Таңертеңгі алакөлеңкеде тізбек-тізбегімен
келген ауыр самолеттер қалаға айналмай батысқа қарай өтіп жатыр. Самолеттің баурына
тізіп алған бомбалары да көрініп қаларлықтай төмен ұшып барады. Анда-санда бір естіліп
қалатын гүмпілдерге қарағанда, біздің самолеттер немістер қашқан жолдарға түйіліп жүр,
қала айқасына қатынасқан да жоқ.
Күн шыға қалалық мекемелердің төбесіне қызыл тулар қайта орнап қалды. Шығып келе
жатқан күннен емес, сол қызыл тулардан жарық молайып бара жатқандай көрінеді.
Шығыстан соққан қатты желмен бірге толқынданған қызыл тулар солдат жолының бетін
батысқа қарай сілтеп тұрғандай болады.
Енді қалаға шабуылдың артқы қорлары кіре бастады. Танкы лектері түнде көргенімізден
енді көбейіп бара жатқан сияқтанады. Атақты Сталинград танкыларын көргенде Семен
еске түседі.
Көлденең бір көшемен қалың киінгендіктен төртбақ көрініп, аласа бойлы бала жүгіріп
келе жатыр. Екі қолын ербеңдетіп, асығып келеді. Аяғында өзінікі деуге келмейтін үлкен
қара пима. Кейде басындағы бөркін жұлып алып бұлғайды. Керемет бірдемені
хабарлағалы келе жатқаны даусыз-ақ. Бірдемеге жарап кеткеніне қуанғаны да айқын.
Артына қарап қойып, бізге қарай ұшып келеді.
—
Біздің заводқа жүріңдер... Завод сарайында толып отыр. Көп-ақ! — деді бала, менің
алдыма тұра қалып. Әрине, бала үшін өз кезімен көргеннен артық жақсылық та жоқ,
жамандық та жоқ.
—
Кім, кімдер толып отыр?—дедім, аптығын баса алмай тұрған балаға.
—
Немістер, аға, немістер! Әкем күзетіп қалды. Мен сіздерге жүгірдім...
—
Әкең күзетіп қалса, айрылмас...— дейді Володя, баланың көңілін жұбатып.
—
Тез, тез жүріңдер! — деді бала, Володяға жәбірленген көзбен бір қарап қойып.
Бала томпалаңдап қасымызда келе жатыр, біз едәуір қираған заводқа қарай бұрылдық.
Терезе біткеннен түгел айрылып, әр жерінен опырылған завод үйлері тұнжырап тұр.
Түтіні жоқ ұзын мойны жараспай, босқа сораяды. Завод маңындағы құлағың үйренген көп
дыбыстың жоқтығына таң қалғандайсың. Еңбек оты сөніп, еңбек үні тынған.
—
Мына бір жерден ете беруге болады,— деп, бала ойылып қалған бір қабырғадан
ішке қарай етіп кетті. Оның артынан Петя Ушаков етіп, ішкі жақты бір шолып алып, бізге
қолын бұлғады. Біз де еттік. Завод қорасы аударылып, құлап жатқан кішкене-кішкене
темір вагондар, үйіліп жатқан темір жаңқалары, ораулы жатқан темір сымдар, жәшікке
салып жөнелтуге әзірлеген жүктер... Қираған терезелер мен опырылған қабырғалар
арқылы заводтың ішіне атжал-атжал қар үйіліп қалыпты. Әр жерде жеңді білектей
жыланға ұқсап резеңке өңештер жатыр.
Әр машина орнынан бір қозғалып, бір жағына қарай бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: |