Стр. 16 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 15
Стр. 17
Қазақстанның ашық кітапханасы
16
—
Жоқ, білмейсің. Борашқа қосылып айту үшін бір жеті үйренуің керек. Мұның
даусына бүкіл қала жаңғырығады. Не әбден қысылғанда, не болмаса жексенбі күнгі
базарда айтарсыңдар!—деп, Шеген Борашты сол қолымен бір құшақтады да:
—
Сенің де үсті-басың толған өнер білем, қу шеке! — деп, мені де арқаға қағып-қағып
қойды. Бораштың, жүзі де жадырап сала берді, ал, мен үшін дүниеде бұдан артық достық
болмайтындай көрініп кетті.
Тамақ табу үшін бұлар базар халқына әр түрлі өнер көрсетеді екен. Ән салады, Шеген
доңғалақша айнала біледі, ақсақ та, соқыр да, саңырау да бола алады. Жылатса көзіңнің
жасын тыйғызбайтын, күлдірсе шегіңді қатыратын толып жатқан әңгімелер біледі.
—
Мен әшейін «цирк», Бораш барып тұрған «опера»!— деді Шеген.
Мен «опера» дегенді түсіне алмай қалып ем, Шеген:
—
Опера деген Саратау театры — деп түсіндірді. Мен мұнысына да түсіне қоя
алмаған соң үндемеп едім, Шеген:
—
Оны әлі көзіңмен көресің. Көрсетем,— деді. Шеген қайдағының бәрін біледі. Жасы
он бесте екен. Бораш балалар үйін «детдом» десе, Шеген «детдом» деп әр дыбысын ашық
естіртіп айтады. Өзім іздеп жүрген балалар үйінің атын қалай айту керек екенін мен де
үйреніп ала қойдым — детдом!
—
Детдомды жаратпайтыным — ылғи бір бағында жүргендей боласың. Ерте де
түгендейді, кеш те түгендейді... Өз қолыңнан түк келмейтіндей, бұзаудай бағады. «Детком
мына болса, жеңсігі басылып, желігі бітпеген ойын баласын бірден үлкен адам, естияр
адам қылуға жан таласады. Мен соның екеуіне де көне алмадым. Анда барам десең де
«рұхсат», мұнда барсаң да «рұхсат» керек. Детдом директоры бізді де өзіндей шал көре
ме, немене, рұхсатсыз бір аяқ бастырмайды. Өзі де дүниеге қара қалпағымен көк
сақалымен келген жоқ шығар!.. Жас бала аяқтанар кезде әуелі тәй-тәйлап жүріп, құлап-
жығылып, сүйтіп барып жүгіріп кетпей ме?.. Ол ылғи «ойбай, құлайсың! Жүгірме, отыр!»
дейді саған... Өмір деген ол үшін қазулы жатқан ордай көрінеді ғой деймін... Мен соған
көне алмадым! Желдей ескен еркіндікке жететін не болсын! — деп, Шеген маған қарап
еді, мен оның ұзақ сүресіне түсіне алмай Борашқа қарадым. Бораштың жүзінде
түсінгендік бар екен мен қорланыңқырап қалдым.
Базарға арқан бойы қалғанда Шеген Бораш екеумізді жетелеп алды да:
—
Ал, қырғилар, аздап болса да өнер көрсетіп жіберейік. Өнер жылатуға да жарайды,
күлдіруге де жарайды. Бұл сиқырдан да керемет. Ал, аяқты қиралаңдата түсіңдер! — деп,
өзі де шойнаңдай қалды. Шеген ақсағанда, шын ақсақтар далада қалдық. Оң аяғы ағаштай
қатып, серейіп жер сызып келеді. Жүріп келе жатқан жалғыз сол аяғы сияқты.
—
Алақан жаю, көз сүзу болмасын! — деді де, Шеген бізді базарға алып кірді.
Біз жақындай бергенде-ақ айран, сүт сатып отырған базаршы әйелдер сықылықтап күле
бастады.
—
Мынау бүгін аяқтан айрылыпты ғой... Байғұс-ай!..
—
Ертең бұл басынан да айрылып келер, әлі!..
—
Үшеуінің, жараса кеткенін қара!.. Бүгін үшеу болыпты! — деп базаршы халық мәз
болып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |