Стр. 15 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 14
Стр. 16
Қазақстанның ашық кітапханасы
15
«дегдом» ұстап ала жаздап, содан қашқанда тағы бүлдіріп алдым,— деді. Бұл жолы өзінің
қашып құтылғанына мақтанатындай жымиып та қойды.
—
Мен де керемет жүйрікпін! — дедім, мақтанғым келіп кетіп.
—
Ойбой... Шегендей емес шығарсың!.. Шеген қайда, ол!.. Ол ағып бара жатқан
машинаны қуып жетіп, асылып кете береді! Біреу көріп қалса, қарғып түсіп, кете беруі де
түк емес. Ол әшейін желаяқ! — деді Бораш, масаттана сөйлеп.
—
Е, сен қалай қаштың, «дегдом» қуғанда?
—
Шеген мені көпірдің үстінен өзенге тастап жіберді де судан басыңды ғана
шығарып, шомылған балалардың ішінде отыра бер басқа баланың басынан сенің басың
кем емес тани алмайды деп, өзі көпірдің, үстімен тартып отырды...
Шеген неліктен үйінен қашып кеткен?
—
Үйінен емес. Оған молдадан қашып кетіпті. Үш жұма бойы арабша оқып, әліп-ки-
күсін-ән деген бірдемеге түсіне алмапты да «мұныңыз немене өзі, мен түсінбейтін нәрсені
оқығым келмейді» деген екен. Оған молда он шыбық сынғанша дүре соғыпты. Оның үйі
жоқ, жездесінің қолында жүреді екен— деді Бораш, еріксіз күрсініп. Сол кезде:
—
Иә! Әуп! — деп, биік жардан бір-ақ секіріп, Шеген де қасымызға келіп түсті.
Шеген мен Бораш екеуі үсті-басыма қарала, торала етіп йод жағып, оның үстінен сарғыш
бір май жағып, ұзын ақ шүберекпен «бинттеп» тастады. Маған олардың емдегені емес,
екеуі бірдей асты-үстіме түсіп, достық көрсеткендері қатты ұнады.
—
Бір жұмада табаның әмірқан етіктің ұлтанындай жылтырайтын болады,— дейді
Бораш.
—
Жоқ, Оған молданың мәсісінің ұлтанындай жылтырайды! — деп, Шеген сақылдап
күледі. «Әмірқан етік» дегені немене, Оған молданың мәсісінің табаны қандай екен менің
онда жұмысым да жоқ, әйтеуір табанымның солқылдағаны басыла бастағанын сезем.
—
Сен әлі тоқтай тұр, Костя! Тозған ескі теріңді түгел сыпырып тастап , тесігі жоқ,
теңбілі жоқ, жаңа тері жасап берем. Теңіздің «ит балығындай», я болмаса, құндыздай
жылтылдайтын боласың! — дейді Шегең менің бар арманым «ит балық» болудай-ақ...
Бірақ мен Шегеннің ешбір сөзіне қарсылық айта алмайтын халге жеткенімді де сезем.
Екі ақсақ, бір желаяқ — үш боздақ, енді базарға қарай бет алдық.
—
Құдай тағала қарын қамы дегенді жаратпаса да болады екен... Амал қайсы... Кейде
өнеріңді соған да жұмсайсың! — деді Шеген.
—
«Зәурешті» айтайын ба, «Айнамкөзді» айтайын ба? —деді Бораш, базар шеті көріне
берген кезде. Шеген басын шайқап:
—
Костя білмейді ғой. Қоя тұр. Әдемі әндерді кез келген күнге қор қыла береміз бе?
— деді.
Балаға білмейсің дегеннен ауыр тиетін сөз болар ма, мен дереу:
—
Неге білмейін! «Зәурешті» зарлатып жіберемін,— дедім.
Достарыңызбен бөлісу: |