Стр. 76 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 75
Стр. 77
Қазақстанның ашық кітапханасы
76
Сонша әдемі ашық күнде түскен жай таңдандырып, үрпиіп тұр. Аспанда бір бұлт жоқ! Дәл
бүгінгі демалыс күні мұндайды күтпеген екеміз.
Жоқ, аспанды бұлт торлағалы қашан! Соғыс аспанын кесек-кесек қара бұлт торлап
алғанын біз күнде керетінбіз. Фашизм тозған дүниенің соңғы дем алысы. Іште шіріген уын
сыртқа шығармасқа амалы жоқ. Өсер дүние қанатын кең жайып, демін еркін алып,
теңіздегі кемедей жайқап есе береді. Өшер дүние жанталасады. Әл-дәрменнен айрылмай
тұрғанда айбар шегіп, азуы әлі мықты екенін көрсеткісі келеді. Мүмкін, осымен өзін
арашалап қалар, мүмкін, тіпті тынысын кеңітіп алар!.. Төсегін түзеп, жастығын
жөндеушілер көбейіп, талай пандар алдында тәжім етіп тұр ғой. Әр күнгі оқыған
сабағымыз, фашизмның қанжары қайраулы екенін құлаққа құятын. Германияның ескі
кегін ту етер ме, дүние құлағына кірерлік ұран іздер ме, қай күнімізді қапыға санар, әңгіме
тек осында сияқтанатын.
Дүние өртінің, жалыны көрінгелі кеп болған. Олай шалқып, бұлай шалқып, қурауы жеткен
елдерін оп-оңай құшағына алып болып, енді міне, біздің шекараға жетті. Батыс
мемлекеттерінің басшылары үйіне ерт келіп қалғанда оны сөндіру амалын істеудің
орнына, ерттің шоғын алып, көршісінің қорасына тастап жатты. Өзі күйсе, өзгенің де бірге
күйгенін тілеген мінез көрсетті. Ақыры, қандасқандар ымыраға келіп өрттің бетін бізге
бұрды. Дүниелік ерт орман демей, үй демей жолындағыны түгел жалмап келеді. Адам
баласының ғасырлар бойы тырнақтап жасаған қазынасы мен қорын қурайдай өртеп, судай
шашып, құтырынып алған. Қанға сусыны қанар да емес, адам етіне тояр да емес. Соғыс
бізге осындай құтырынып алған кезінде кездесті.
Бірінші дүниежүзілік соғыста капиталистер бір солдатты өлтіруге бес жарым-алты тонна
металл төккенін Горькийдің бір есептеп шығарғаны есіме түседі. Ол соғыста отыз
миллион адам қырылып, он миллиард пұт қорғасын, мыс, қола, қалайы, темір шашылған
екен. Қираған қару, құрал дүниелікті есепке алсаңыздар әрбір солдатты өлтіруге жұмсаған
байлықта мөлшер жоқ. Оны жеңген ел де қайырып ала алмайды, жеңілген ел де тауып
бере алмайды. Бірақ капитал дүниесі олай есептемейді. Талай елдер туралап жатса,
капиталистер соғыстан пайда табады. Күректеп түсетін, құйылып-үйіліп қалатын пайда
соғыстан ғана түседі. Сол обырлар дүниелік ертті тағы тұтатып жіберіп, етектерін алтынға
тосып отыр!
Кеше кешке ғана соғыс демалысы жақын деп, өзара біраз айтысып алып ек. Қарсы болған
ешкім болмаса да әрқайсымыз өз болжалымызды айтып, соғыс басталды десе
таңданбайтын сияқты едік. Ол әңгімемізден кейін әлі он екі сағат та өткен жоқ. Соғыс
қақпаны бұзып, қораға кірді. Бірақ:
— Батыс шекарада соғысып жатырмыз!—дегенге ешкім сене алмайтын секілді.
Лақылдап от түкіргенде шығатын соғыс тәңірісі — зеңбірек үні бізге әлі естілген жоқ.
Айналаңдағы маужырап, балқып тұрған жасыл дүние ешбір бүліншілікті сездірмейді де,
тілемейді де. Ойың әлі өз мүдделерінен арылған жоқ, арт жағына қарайлай береді. Көз
алдыңа үлкен бір құрылыс сияқты елің келеді де, бүліншілікке қия алмайсың. Сонау
Балтық теңізінен басталып Ұлы мұхитқа дейін іргесін ашпайтын ұлы құрылысты соғыс
өртіне шалықтыру ойыңа сыймайды.
Алғашқы күндерде от астында қалып, ерсілі-қарсылы жосыған кемпір-шал, бала-шағалар
да бұл бүліншілікке сене алмағандай еді. Елеуіш, оқтауына дейін, тауығы мен үйрегіне
дейін артып алған жұрт, бүгін-ертең үйлеріне қайтатындай, ел маңынан ұзай алмай,
қарайлай беріп жүр. Ауыр бір сандырақ түс, оянып кетсең өзінен-өзі сейілетіндей әлі
үмітін үзген жоқ еді.
Достарыңызбен бөлісу: |