Стр. 159 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 158
Стр. 160
Қазақстанның ашық кітапханасы
159
біледі, кездесіп те қалармыз... Қара қағаздарда да қаталықтар болады ғой... Болады,
болады, бауырым!..
Егер мен жазушы болсам, біріне-бірі ұқсас уақиғаларды қайталамаған болар едім. Әсіресе,
әскердің кейін шегінуі сияқты ең бір көңілсіз нәрселерді қайталаудан қашар едім.
Амал не, соғыс жазушымен де, оқушымен де есептеспейді, қайталағысы келсе —
бөгелмейді де. Өзі бұлдыр алыс заманнан бері жасап келе жатқанмен шындап келгенде,
мінезге де бай емес. Шабуыл, я шегіну, қырылу, я қыру, жеңу, я жеңілу сияқты екі жақтың
халін қарама-қарсы көрсететін екі-ақ түрлі жайы бар. Айларға созылып тең-тарта тұрған
табан тіркестер де түптеп келгенде осындай екі жайдың біріне әкеліп соғады. Кеп
жасағандардың ішіндегі мінезі өспегенің бірі де осы обыр болады.Жоқ, бұл оның бір ғана
жағы, сыртқы бір көрінісі. Екі түрлі жайдың, бірінен-біріне ауысу үшін мыңдаған ойлар
соқтығысып, тынымсыз жұлқысады. Оқ есепсіз төгілген сияқты болғанмен мағынасыз
төгілмейді. Бойдағы күштен ойдағы күшке салмақ ауыр түседі. Өзен біресе темен қарай
ағып, біресе жоғары қарай ағып жатқандай, ой мен сезімнің әрбір қас қаққанның арасында
талқысы көп сындарға түседі. Шабуыл — жеңіс емес те, шегіну — жеңіліс емес. Көбік
атып кеп жағаға соғылған толқын кейін лықсығанда күш алып қайта ма, күшінен айрыла
ма? Әлде сол жағада өле ме? Жай көзге толқын жағаға соғылып, күш алып кейін шалқып,
қайта кеп соғылып, үздіксіз қайталанып жатқандай көрінеді. Майдандағы ұқсастықтар да
осындай. Бірақ әр айқастан кейін, бір жағы жеңіске қарай, бір жағы жеңіліске қарай
жақындай береді. Бір жағы шабуылмен жүріп шандырын созып алса, екінші жағы шегініс
үстінде шегелене беруі мүмкін.
Сырт көрінісі осындай көңілсіз бір жайда мен де майданға жеттім. Біздің әскерлер Кавказ
кеудесіне қарай өрмелеп, ұзақ шегіну әлі аяқталмаған екен. Аяқтау үшін арқаңды Кавказға
тіреу керек болған сияқты. Қызылды-жасылды оқтар жазғытұрғы сонадай өріп, ерсілі-
қарсылы жосылып тұрған бір түнде Гришин екеуміз взвод командирі Мирошниктің жер
жаппасына кірдік. Ревякин екеуі ауыр бір жайды кеңесіп, әзір байламын таба алмай
қаңтарылып тұрған бір кездері сияқты. Екеуі де жылтылдақ шамның қасында түрегеліп
тұр. Екеуінің жүзінде де командирдің солдатқа сездірмес бір қобалжудың ізі бар. Ревякин
едәуір ашаң тартып қалыпты, аққұба жүзді Мирошник күнге күйіп, қоңырқай тартқан.
—
Жеттің бе... Бөліміңді өзің қолыңа ал! — деді Мирошник, амандасқан жерден.•—
Әмірді орныңда күт!
Айрылысқалы алты ай болған жолдастарыммен де жөндеп амандаса алғаным жоқ. Бір-бір
ғана құшақтастық та әзірлене бастадық. Әзірлене жүріп ара-тұра сұрап қалғандарына
қарағанда, жолдастарым да ел жайын сағынып қалыпты:
—
Бізге берілген жаңа бір жаубасарлар, жолдас командир...— деп бастайды да сөз
аяғын— я, Қарағанды қалай екен? Шын-ақ Донбасстың орнын баса алып па?— деседі.
Бірақ ел хабарын пайымдап айтуға уақыт жоқ. Қойны қонышым елдің жойқын күшіне
толы келгенмен қазір бірін бастай алар емеспін. Ел әңгімесінің аузын бір ағытсам,
таусылмайтын сияқтанады.
Қарағандыдан Кавказға дейін жүрген жолымда мен көп нәрсені көріп ем. Егін мен көмір
сияқты ел шаруасын былай қоя тұрғанда, бізге келе жатқан танкілерді, өн-бойын ұзын-
ұзын брезентпен жауып алған поездарды көріп ем. Әңгімемді бір бастасам, сол ұзын
поездарға ұсап, тоқтаусыз ағып кете беретін сияқтанады. Сондықтан мен де өзімді-өзім
ірке бердім.
Достарыңызбен бөлісу: |