Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 161 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет163/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 161 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 160



Стр. 162

Қазақстанның ашық кітапханасы


161
Бұл екеуі белім жоспарынан тыс бір міндет атқарып жатыр: атыс қызған кезде, білдірмей
ғана жаудың офицерлерін кездеп атады. Мылтықтарының арқасында дәл кездейтін
қарауыл құралдары бар. Кавказдың қалтасы көп қатпарлы етегінде біздің жақын
жатқанымызды жау абайлаған жоқ. Жаяу шабуылға әзірленіп, тұра жүгіруге дайын жатқан
жау бөлімдері, Петяның оғынан офицерлері ұшып түскенде ұзақ кідіріп, орындарынан
қозғалмай қалады. Васяның атып құлатқандарын Петя офицер емес деп жатыр:

Мұның да офицер емес, кейін тұрғанның бәрі офицер бола бермейді!—дейді.
Петяның бақылауынан қысылып, асыға бастаған Вася бір-екі рет мүлт кетіріп алды...

Бұл жолғың не қалаға тиер, не далаға тиер... — деп, Петя жаққа келіп қосылған
жауынгерді біржола баурап бара жатыр.

Бірің алдыңғы жақты, бірің оң бүйірді аңдыңдар! — деп, мен екеуін екі жаққа
бұрып жатқыздым. Вася оңашаланып алған соң еркінсіп, саспай атып қалды да:

Әне, жүрегін басып, әлі құламай тұр...— Офицер! — деді, менен гөрі Петяға
естірте. Петя баяғы мойнын бұрмаған күйі:

Құттықтаймын ендеше! — деп, мұртын ғана бір бүлк еткізіп қалды.
Мұрындарынан ғана қыңсылап, құйрықтарын бұлғап қойып, иттер ұйлығып отыр. Аш
иттер біріне-бірі азғана соқтығысып кетсе, ыр етіп қалады.

Сендер бір бөлімнің иттерісіңдер... Достық керек! — деп, Володя иттерге өнеге
үйретіп, ұялтып қояды.
Жаумен жанын қия соғысып жүрген иттердің халінде толып жатқан аяныш бар. Бұлар ең
соңғы үмітін жау танкысының астынан іздемек. Бір ғана қауып қаларлық, тамақ іздеп,
зырғып келе жатқан танкының астына кіреді... Бірақ сол бір қауып қаларлық тамақ
табылмайды, танкымен бірге өзі де еледі... Сонда да жау танкыларының жақындауын
асыға күтісіп отыр.

Костя, сен осынша ұзақ емделгенің не? Әлде, еліңе барған соң, үйленіп қайттың ба?
— дейді Володя. Алғашқы кездескен жерде ол мұны қалжың түрінде сұрап қалып еді,
қазір шын сұрап отыр.
Володяның сұрауына өзім де ойланып қалдым. Шынында, мен үйлендім бе осы, жоқ па?..
Әлде Ақботадан біржола айрылдым ба? Үйленгендіктің ата-бабаңа таныс бір белгілері
болатын сияқты еді, ол біздің арамызда болған жоқ. Ақботамен арамыздағы жайды
дәлірек аңғартатын бір сөз іздеп кідіріп қалсам керек, Володя қадала түсіп:

Неге үндемейсің? Әлде, әйеліңмен екі араларыңа түскен көңілсіздік бар ма? — деді.

Одан гөрі де көңілсізірек...— дедім, күрсініп қалып.
Володя менің жауабымды ерлі-зайыпты адамдардың арасында кездесетін ұнамсыз бір
жайға жорыды білем:

Иә, шыдай білуге де күш керек қой...— деп теріс айналды.

Ол емес, басқа...— деп, Володяға бұрылғанымда, алдыңғы жақта бақылауда жатқан
жауынгерім келіп:

Жолдас аға сержант, жау танкілері шабуылға шықты,— деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет