Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 189 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет191/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 189 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 188



Стр. 190

Қазақстанның ашық кітапханасы


189
Алыстан салынған бір ұран әр жауынгерден өтіп сағаты жеткенше өзгеріп те кетеді. Кең
жайылып келе жатқан жаяу әскердің, бір қанатында туған уран екінші қанатына он өзгеріп
барып қайтады...
Кейде солдат майданда құрбан болған дос жолдасын есіне алып:

Гриша үшін!

Коля үшін!—деп айғай салады. Мүмкін, жолдасының, қайтпаған кегін еселеп алар
бір сәтке кездесіп қалған шығар.

Ольга үшін! Нина үшін! — деген айғайлар шығады.
Әлде қай солдат жау жеріне айдап кеткен жарын есіне алады. Әлдекім хабарсыз кеткен
қалыңдығын есіне алады. Мыңдаған солдаттың, жүрегінде мыңдаған жар да бар, қазір
соның, бәрі еске түсіп, біраз уақыт үстімізден ылғи әйел кектері етіп жатыр...

Шура үшін!.. Соня үшін!.. Галя үшін!..
Қазір сол әйелдердің, бәрі де бізбен бірге соғысып келе
жатқандай болып кетеді. Біреуінің кегін алып келеміз, біреуін сағынышпен еске аламыз...
Әйел атынан солдаттың жүрегі жылынып, қуатына қуат қосылғандай болады.

Женя үшін! (За Женю!) —деген айғай екі-үш ауыздан аман өтіп бізге жақындап
келеді. Ешкім өзгертпей, бір ауыздан бір ауыз қағып алып, Самедке жеткізеді. Әр ісіне
қалжыңы араласа жүретін Самед Женяны «Женаға» айналдырып:

За Жену! — деп, маған қарай жөнелтті...
Мұнысын маған қылжақтап айтқан «әйелің үшін!» деп
те, кепке арналған «әйеліміз үшін!» деп те ұғуға болатын еді. Мен де сол Самед
айғайлаған күйін өзгертпей оң жағыма қарай асырып салдым... Бұда көпшіліктің, жүрегіне
дәл тиген екен алыстаған сайын есе түсіп, күркірей түсіп, оң қанатқа жеткенше
қомақтанып алды.

Дұрыс, дұрыс! — деген сүйемелдер де айтылып жатыр.
Айқастың, қандай қарбалас кезінде де бір жақ шеттен салынған кейбір ұрандар ұзын
шепті он орап қайтса да өзгермей келеді. Кеп ауыз қайталаған сайын қасиетті мағынасы
көкірегіңе нығыздала түсіп, алға қарай жетелей береді.
Менің, оң жағымда бір даусы әлсіз жауынгер келе жатыр. Даусы қарлықпаған да, қорқып
та келе жатқан жоқ, болымы сол-ақ... Денесі де қораш. Өзгемізден гөрі аяғын тезірек
басқанмен адымы қысқа болу керек, басы бұлғаңдап, кейінірек келеді. Жау окобына
кездесіп қалғанымызда менің алдымнан екі ұзынтұра қаша жөнелді. Оның алдында үш
автоматшы бұғып отыр екен. Біздің жауынгер етпетінен түсті. Автомат оқтары қырқып
түсірді. Мен өз алдымнан тұра жөнелгендерді оқпен түйреп үлгіргенше, таныс, әлсіз
дауыстық—«Отан үшін!»—деп қалғанын естідім. Аздан соң жарқ етіп гранатасы да
жарылды.
Зеңбірек оқтары тағы бір ілгері жылжып кеткенше, біз сол окопқа бұға тұрдық. Жаңағы
әлсіз дауыс құлағымнан кетпей, кім екенің не күйде екенін білгім келді. Өзі де өліпті,
бірінің, үстіне бірі құлап, қаны-жыны араласып үш автоматшы да серейіп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет