Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 38 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет37/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 38 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 37



Стр. 39

Қазақстанның ашық кітапханасы


38
қалады. Сағатын оң, білегіне байлап, сол білегіне жіңішке алтын білезік салады. Анда-
санда күрсініп қойып:

Түбінде мен осы Катюшаға үйленіп жүрем бе деп қорқамын,— дейді.

Мен де содан қорқам, шаһизадам... Сақ болайық,— деп, Катюша кекетіп жауап
береді.
Менің қызығатыным Сашаның бұл қасиеттері емес, басқа жағы. Ол адамның шашын алып
жатқанда, аузы құрғамайды. Қайшысын үсті-үстіне қайшылатып, басқа жаққа қарап
тұрып-ақ, шашыңызды ала береді. Соған и,арап, мен оны нағыз шебер екен деп ойлаймын.
Күндеймін қызығамын да...
Алдында отырған адамның бет-аузын сабындап жатып, Мухин:

Катюша, сен Настяны көрдің бе осы? —дейді.
Иә, көрдім. Кеше ғана кіріп шықтым,— дейді Катюша.

Иә, кім бар екен үйінде? - Саша Мухин бар екен...
Е, ол не қылып отыр екен? Настяға үйленетін түрі бар... Настяға ма? Иә, Настяға. Қой,
өтірік шығар... Бет-ауызды сабындайтын қыл-шоқ сақалын алдырып барған адамның
мұрнына барып тіреліп, әлдеқашан қалғанын Мухин сезбейді де. Ол түгіл, Саша Мухин
екенін де қапелімде аңғара алмай қояды.
Менің кім бола алатынымды сендер білемісіңдер? — дейді.
Иә, кім бола алар едің?
Нағыздың өзі бола алар ем! Бірақ маған оның керегі жоқ...
«Құс баласы аспанға қарайды, мал баласы жерге қарайды» дегендей, мұның «нағыздың
өзі!» дейтіні өзіміздің бас маман ғана... Күнделік құлы, күйкі ой содан аса алмайды.
Мен мұнда күндізгі сағат үштен тоғызға дейін істейік. Басқа уақытым балалар
коммунасының егін жұмысында етеді. «Коммуна» деген жалғыз сөз жаңа дүниенің
естіледі! Күні кешегі көшпенді елдің баласы бүгін ұшып аспанда жүрсе, өнерлі
техниканың ішінде өскем баладан оның тәкаппарлығы да жоғары, қуанышы да жоғары.
Күні кешегі батырақ баласы, бүгін коммуна дүниесін құрысып жатса, оның
тәкаппарлығына тағар сын қайсы! Ойым өзінен-өзі жоғары өрлеп, басым оңай иілгісі
келмейді! Мен неміс пен француз, Ағылшын мен Америка сияқты мәдениетті елдерден
адам баласының ең тұнық ойына бұрын түсініп, өз қолымен жаңа дүние жасап жатқан
елдің баласымын. Арғы атам Ешкібай, Итбай болса қайтейін, мен өзім жаңа дүниенің
солдатымын. Шыным сол, басым оңай иілмейді, тізем оңай бүгілмейді.
Осындай жоғары ойлармен коммуна жұмысынан келіп, қолыма қайшы ала бергенде, ойым
сылқ етіп темен түсіп кетеді. Торға түскен қырандай болам. Бас маман шым-шымдап
жемге үйретіп, жуасытып келе жатқандай сезінем. Сезінем де шегіне түсем.
Бұл енеріммен ат құйрығын кесіп айрылысуым бірінші май мейрамының қарсаңында
болды. Ең қызығы, еңбегім бағаланып, бәйге алған күні болды. Мейрамға қарсы:

Біздің жақсы мамандарымыздың бірі, жылдық жоспарын төрт айда орындаған
Сарталиевке берілетін бәйге...— деп, ақ костюм, елу сом ақша, жалтыр қара ботенкені


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет