Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 46 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет45/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 46 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 45



Стр. 47

Қазақстанның ашық кітапханасы


46
«Қазақстан!»—деймін ішімнен әрбір қарпына көңіл құлағын тосып. Әрбір қарпы әндей
естіледі. «Қайрақтыдан» басқа жерді өз жерім деп көрмеген басым, енді елімнің атын
тұтас атап, байтақ бір республиканы тұтас елім дей алғаныма масаттанып та келем.
Кеудемді әлдене көріп бара жатқандай, өзімді-өзім үлкен сезінем.
Кеменің ең үстіңгі қабатынан қарағанмен бүкіл Қазақстан көзіңе көрінбейді, әрине. Бірақ
осы көрінгеннің өзі де мен қазіргі Қазақстанмын деп тұр. Алды шұбап өзенге құлап, арты
арғы қырқаларда қыбырлап көрінген көп мал үзбей кездесіп келеді.
Орал кәдуілгі үлкен қала, оның үстіне көркем де қала. Енді міне, орыс қалалары, қазақ
ауылдары жиі-жиі кезіксе бастады. Орыс қалалары жып-жинақ, өзенге қарай еңкейе
салынса, қазақ ауылдары өзеннен қыраңға қарай тырап, оның аржағы жазғы ауылға
айналып, шашырап кетті. Орыс қалаларының өзен жақ беті кестелеп тастағандай бау-
бақша болса, қазақ ауылдарының өзен жақ бетінде қыбырлаған мал жатыр. Әр белде бүкіл
дүниеге таңдана қарап тұрғандай, түйелер тұр.
Кейде оңға бұрылып, кейде солға бұрылып темір жолдар кетіп жатыр. Бұрын бақташы
отыратын бұлақ бастарында үлкен-үлкен үйлер салынып, ұзын-ұзын завод мойындары
көрінеді. Ұзын мойын машиналар шырқ айналып, жерді қапсыра бір тістеп алып, айнала
беріп, әлдеқайда лақтырып жібереді. Сол жақ бүйірімізде үлкен бір құрылыс қалып
барады. Жаңа салынып жатқан биік үйлердің айналасында мыңдаған адам, жүздеген
машиналар құмырсқадай қайнайды.
«Иә, атаң үшін де, бабаң үшін де...»— деген ой келеді. Ол баяғы милиционер жолдастың
айтқаны екені есіме де кіріп шықпайды. Өзім айтқандай болып келем.
Ақ Жайық ел өмірінің өзегі сияқтанып, далада шашылып отырған қазақ ауылдарын да,
жаңа салынып жатқан өндіріс орындарын да өз бойына тартып, жақындата бастаған. Екі
жағың шалғын көк майса, біресе биік белдерге жалғасып кетеді де, біресе керілген кең
жазыққа айналып, кез жеткісіз алысқа тартады.
Кеменің алдыңғы тұмсығында маңдайымды ескек желге тосып, мен тұрмын. Кеменің
маңдайындағы қызыл жалау менің төбемде ғана желбіреп, тырс-тырс етеді. Кеме аты
«Қазақстан» болса, жүргізіп келе жатқан өзім сияқтанып та кетем. Дүние кең, өмір шалқар
теңіз, сен еркін жүзе бергің келеді.
Кеме үш қабат. Астыңғы қабатында әр түрлі машиналар, үйілген астық, тиелген жүк, мал
бар. Екі теңбіл көк ақалтеке, екі қызыл нар бура да келе жатыр. Бұйра нарлар үйдей биік
екен мана кеменің қақпасынан әрең өткен. Еріккен айғырлар анда-санда азынап қояды.
Күңгірлеген жылқы даусы құлағыңа жылы естіліп, еріксіз қасына келесің.
Кемедегі қазақ біткен көбінесе осы төртеуінің қасында.

Пай-пай, Әзірет Әлінің дүлдүліндей-ақ бар екен! Көсілтер ме едім! —дейді біреуі.

Шіркін, дүниені шыр айналып келуге жарайды ғой бұл!—деп, тағы біреуі тамсанып
тұр.
Дүниені дейсің. Оралдан әрі асып шыққаның бар ма еді өзіңнің? Оралға бір барып
қайтсам, Мекеге бармадым деп арман етпес ем дейтін сенің атаң емес пе еді? деп жолдасы
мазақтайды оны.

Е, Мекені біз қайтайық аулыңның әр үйінде бір Ғали бар, сендер-ақ барыңдар!—
деп бұл да бір қиынды нұсқап тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет