Стр. 43 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 42
Стр. 44
Қазақстанның ашық кітапханасы
43
—
Қайда жіберсе, сонда барам да. Комиссар бол десе, комиссар болармын!
Бастық теріске тартқан соң екеуміздің әңгімеміз де оң жөнін таба алмай, шәлкем-шалыс
бірдемелердің айналасынан ұзай алмады. Аяғында ол кісі:
—
Қанша жыл халықтың қаражатын шығарып оқыттық. Енді сол халыққа қызмет
етесің! — дегенге дейін барды.
—
Соғыс мектебін бітіріп шықсам, онда халқыма қызмет істемеймін бе? — деп, мен
де қарысып тұрмын.
Сағатқа жақын сөйлескен сөзімізден мен бір-ақ нәрсені аңғардым. Бұл кісі бір облыстың,
оқу белімін басқарады. Мұғалімдер жетпей жатыр. Әрі кетсе Бүкіл Одақтың, бері қалса
Қазақстанның қамын ойлау бұл кісінің міндеті емес. Әсіресе, өмір мен өнердің өзге
жағында бұл кісінің, жұмысы жоқ, өз облысына кететін мұғалім әзірлеп алуы керек. Бұл
түбінде тап осы кісінің өзінен сұралатын жұмыс...
Мұндай адамды өз жұмысына жанын салады, жақсы көреді деп, мақтауға да болады,
өмірдің өзге тілектерінде жұмысы жоқ деп, кінәлауға да болады. Өз жұмысына не жаны
ашымайтын, тапсырылған жұмыстың болашағы мұрынына да кірмейтін, бірақ білген боп,
сүйген боп отыра беретін адамдардан бұл кісі көш ілгері. Дегенмен таяздықтан да қолы
құр емес, сыңар езулігі тағы бар. Басқа жағынан қарағанда, бұл кісі бұдан төрт жыл бұрын
көрген ағайдың қысқартылған вариантына ұқсап, ықшамдалып, жинақыланып,
шымырланып қалыпты.
—
Мен сені осындағы мұғалімдер әзірлейтін институттан басқа ешқайда жібере
алмаймын,— деп, ағай менің арызыма «қиғаштама» сала бастады.
—
Ағай-ау... Мен сізден...— деп, қолымды ұсына бергенде, бар қағазым столдың
тартпасына сүп беріп кіріп те кетті.
—
Болмаса, ауылға мұғалім болып барасың! Мұғалім болып, халыққа қызмет етесің...
Әлі кім болатынымды мен өзім де біле білмейтінмін. Әйтеуір оқып шықсам бірдемеге
жарармын деген шала құдыр ойым болатын. Бірақ бұл күнге дейін болашақ жағын
ойланғанда, өз басымның мәртабасын баса ойлап, осы үшін деген жағым тұмандау екені
осы арада есіме түсіп тұр. Бұл жағынан ұтылған сияқтанам. Бұл жөнінде жауабым өзіме де
ұнап тұрған жоқ. Ағайдың қорлығы да әделет көрінбейді. Менің күрмелгенімді
пайдаланып, ар жағын тізеге салып жіберді. Ол ие білмеді, мен кеттім.
—
Комсомолда барсың ғой?—деді ағай, мені біржола ноқталағысы келіп, мен
үндемей, басымды изедім. Оным, бәрібір көнбеймін дегенім еді.
Салым суға кеткендей, жабырқау тартып үйге келсем, жастығымның үстінде Шегеннен
келген хат жатыр екен. Үлкен көзілдірігін маңдайына ысырып қойған ұшқыш суретін
салған таныс марка... Көгілдір конвертте Шегеннің таныс қолы. Ол ешбір қарпын
иректемей, тура жазатын. Ашу қысып, қатал келіп ем, хатты көргенде, тартқан жапа-
зәбірімді шағатын әке-шешеме бірдей кездескендей, босап кеттім.
Хатты олай оқып, бұлай оқып басынан аяғына дейін бір дұрыс оқып шыға алмай қойдым.
Ойым әрбір жеке сөздің маңында айналақтап қалады да, көзім жүйткіп, ілгері кетеді.
Ұшқыш болғалы қызуына қызу қосқандай, Шеген хатты желдірте жазыпты. Біресе, байтақ
елімізді жазып кетеді, біресе, ұшқыр ойлы, ұшқыш жігіт, биік армандарға тартады. «Биік»
деген сөз жол сайын кездеседі. Ылғи бір лапылдап тұрған сөздер өлеңдей шалқып, нағыз
Достарыңызбен бөлісу: |