Стр. 92 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 91
Стр. 93
Қазақстанның ашық кітапханасы
92
—
Жолдастарың ұйқтап жатыр екен... Жастар ғой. Кәрі кісі булай ұйықтай да
алмайды. Оған бір ермек керек...— деп, шұңқырдың қабағына отыра берді де:
—
Көпір ғой енді жоқ...— деді, әрі маған көңіл айтқандай, әрі сол жаманшылықты
тағы бір анықтағысы келгендей үнмен.— Енді міне, құлағың бітіп қалғандай тым-тырыс...
Құйын соққандай жым-жылас етті де, тынды..Ана жақты әлі ұрғылап жатыр. Ол бай жер
ғой. Онда не жоқ! Төрт үлкен завод бар. Совхоздар да кеп... Әлде жұмыскерлер
қарсыласып, алдырмай жатыр ма екен?
—
Мүмкін, шеше.
Кемпір байғұстың тірі қалғанына қатты қуанып кеттім. Барлық кәрі аналар сияқты елеусіз
ғана жүріп, ел үшін мұңайып, кеп үшін қайғырып жүрген кемпір кімге болса да құрметті
болуға тиісті. Бұл бір өзім дегенді ұмытып кеткен адам. Мүмкін, ол мыңдаған адамның
көңілін жұбатып, жарасына ем айтып келген шығар. Бізге де сол бір-екі ауыз жылы сөз
айтуға келіп отыр.
—
Өгіздеріңіз қайда? — дедім.
—
Аман, балам, аман,— деді кемпір.— Біздікі дегеннің бәрін құртып кетем дегенмен
бола ма ол!.. Тауықтарым да аман... — деп, маған жып-жылы үш жұмыртқа ұсынды.—
Үшеуі жұмыртқалады да, төртінші бір ұятсыз жез-аяқ құр сылаңдап жүр...
Мен жауынгерлерімді оятып, кемпірді ортаға алып, тамаққа отырдық. Жігіттер де
әрқайсысы өз шешелерін бір көріп қалғандай қуанысып, бар жылы-жұмсақты кемпірдің
алдына қарай ысырып қояды. Кемпір ыңырсып жатқан жаралы қыздың даусын естіп:
—
Біреу ыңырсиды ғой, балалар-ау? — деп, орнынан тұра келді.
—
Отыра беріңіз, шеше. Қолдан келер жәрдемді көрсеттік. Енді жаралыларды таситын
машина кездессе, жөнелтейік деп отырмыз,— дедім.
—
Су бердіңдер ме? — деді кемпір.
—
Бердік, шеше.
—
Дегенмен барып келейін. Анасының даусын есітуге зар болып жатқан шығар, —
деп, кемпір кетіп қалды.
Кесімді уақыттан жарты сағат кешігіп барлаушыларым келді. Азырақ мақтанғандай қалпы
бар, Владимир Толстов қолын сермей көтеріп, шекесіне апарып:
—
Жолдас сержант, тапсырмаңызды орындадым! — деді.
—
Иә? Отыр.
Толстов неміс әскерлерінің қай жерге жеткені түгіл, өздерін де көзімен көріпті. Бірінші
рет берілген соғыстық тапсырманы ойдағыдай орындап қайтқанына көң ілі көтеріңкі
келіпті. Бойына дарытпай, алыстан сермеп, от пен оқтан қоршау жасап алып, әлі ішіне
кіргізбей келе жатқан жауды біз әзір көре алған жоқ едік. Толстов өз көзімен көріп келген
бірінші жауынгер. Киімді өзгертіп киіп, келе жатқан жау лектеріне үш рет араласыпты.
Ақсақ та болған, соқыр да болған... Арнаулы әзірліктен алған кейбір өнерін бірінші рет
орынды қолданғанына мақтаныңқырап та қояды. Өзі кезге көрінбей, бейбіт елді оқ қағар
қылып алдына салып ап, төгіліп келе жатқан жау әскерінің бірталай сырын аңдап қайтқан.
Кезі жарқырап, айтатыным әлі көп деп тұр.
Иә, әже, осындамыз...
Достарыңызбен бөлісу: |