Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 91 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет90/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 91 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 90



Стр. 92

Қазақстанның ашық кітапханасы


91

Өзі атпен баратын жер ме, машинамен баратын жер ме? Бұрыштамаңды дұрыстап
жазсайшы... Қалаңның атын цифрмен жазғаныңа мен қалай түсінем, қалқам-ау?..— деп
жазады шешем.
Шешем қатты сағынып жүрген сияқты. Соғыс пен неміс жайында жұрттың не айтатынын
шеше не қылсын, колхоздың бір желбезегіне мініп алып, баласын бір сүйіп қайтқысы
келетін сияқты... Менің адресім цифрмен жазылғандықтан қайда екенімді біле алмайды...

Қалалы жерде почта жәшігі деген кеп болады, балам. Мен оның қайсысының
номерін қарап тауысам... Қаланың өзінің атын жазып жібер...— дейді.
Шешемнің хаты бесіктей тербетіп әлдеқайда туған елге алып кетеді. Ояу отырып, түс
көргендей болам. Оралдағы балалар үйінде төсегімнің бас жағына келіп тұрған
шешемді көрем. Жүзінде бар ананың қуаныш нұры, көзінде қуаныш жасы, буылтық
саусақтарымен басымды бір сипап қойып, енді маңдайымнан сүюге еңкей іп келе жатыр...
Шешенің ыстық дем алысы, шешенің таныс исі. Әуелі маңдайымнан сүйеді, одан кейін
маңдайың ба, көзің бе, бетің бе, мұрның ба, бәрібір, құмары қанғанша сүйе береді, сүйе
береді.

Апа, болды, болды...— дейім, көзімді ашпай, өзіне қарай тығыла беріп.

Ойбай-ай, мына жаманды қарай гөр... Жігіт боп қалдым деп ұяламысың? Мә, саған
жігіт болған, мә саған...— деп, көрпеммен бірге құшақтай көтеріп, алдына өңгеріп алады.
Мен бәрібір көзімді ашпаймын. Әрі еркелегім келеді, әрі жас балаша тыраңдап еркелей
беруге ұялатыным рас. Сондықтан көзімді ашпай еркелеймін. Қасымдағы балалардан
ұялып:

Апа, жіберші, жіберші...— деп, бұлқынған болып жатып, өзіне қарай жабыса
түсем... Қолына бұлай бір түсіп қалған соң, сағынып келген шеше, шын айтсам да
жібермес еді. Енді көрпенің ішінен желкемді де тауып алып сүйеді, аяғымды да тауып
алып сүйеді... Әлден бір уақытта, сүзгілеп жүріп, құлағыммен бүлк-бүлк соғып тұрған
жүрегін тауып алам. Сол жүрекке құлағым мен бетімді жапсырып қозғалмай, ұзақ жатып
қалам. Бір кезде, шешесі жоқ Бораштың қызыға қарап отыратыны есіме түсіп кетіп атып
тұрғанда, апам құлап қала жаздайды.

Жігіт болып қалыпсың ғой, құлыным!..— дейді апам, енді түгел бойыма қуана
қарап отырып.— Қане, енді бір келші...— дейді. Мен бармаймын...
Баласын өсіріп, ұясына қондыру — барлық ананың ерекше қуанышы ғой, шешем мені
айналып, толғанып, күн бойы кез алдынан шығармайды. Біресе мен «жігіт боп
қалыппын», біресе әлі баяғы он жасар Қайрош... Еркелетерде мал баласының, бәріне теңеп
шақырады да, ақыл айтарда «енді жігіт болдың» дейді.
Ойыма осы өткен шақ түсіп кетіп, өзім де сағыныш құшағында отыр едім, сырт жағымнан
бұтақ сылдыры естілді. Баяғы екі құбақан өгіз жеккен кемпір келе жатыр екен.
Айналасына сығалай қарап, оң қолымен көздерін қалқалап, әр ағаштың қанша ауыр
жараланғанын қарап келе жатқандай. Мені көріп:

Осында екесің ғой, балам,— деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет