Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 89 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет88/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 89 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 88



Стр. 90

Қазақстанның ашық кітапханасы


89
Кек қырғи үлкен бір «қоңыр аланың» соңына түсіп алып, өкшелеп келе жатыр еді, түтіні
будақтаған «қоңыр ала» жерге қарай құйрығынан шаншыла құлай берді. Ұп-ұзын
жалынның бір ұшы аспанда, бір ұшына «қоңыр ала» асылып қалғандай.

Өз шегіне асылып қалғандай болады екен— деді кемпір күлімдеп. Мұны да бір
астармен айтты. Мен:

Иә,— дедім.

Құлап келе жатқан немістікі ғой?

Иә, немістікі.
Өжет көк қырғилар күміс найзадай жарқылдап, біресе ағып аспанға шығады, біресе кекті
тіліп темен ағады. Құлдырап темен ағып кеп, қайта шапшып жоғары кетеді! Әттең, әлі аз!
Тас артып алған машинадай салдыр-гүлдір ауыр «қоңыр алалар» ортаға алып, қамай
бастаған соң, біздің көк қырғилар сытылып шығып, тағы кетіп қалды. Ол кезде аспан
ұрыстарында немістердің қолы бізден кеп ұзын, кеп әлуетті еді...
Аспанда жүрген үлкен бір тарақан тәрізді қоңыр жол сары бауыр көрінетін ауыр самолет
көпірдің жоғарғы жағынан суға келіп құлады. Манағы біреуі темен ұшып келе жатып,
тұмсығынан шаншыла құлап еді, бұл құйрығынан шаншыла түсті. Суға шолп етіп кеп
түсті де, кеуде жағының салмағы басып, өзенге ұзыннан сұлай кетіп, үні ешті. Аспанға
шапшыған сумен бірге, таспадай тарамдалған от та шапшып еді, сумен бірге қайта
тамшылап өзенге түсіп жатыр. Жанып шашыраған бензиннен өзеннің жағасына топ-топ от
торғайлар қонып жатқан сияқтанады. Самолет жарылып, төгілген бензин құшақ-құшақ от
болып лапылдап жанып, көпірдің астымен темен ағып барады. Толқын отқа көбігін
шашады, от лапылдап өрши түседі. От пен су арпалысып, алысып барады.
Кемпір кезін жұмып қалып, қолын алдыңғы жағына нұсқады. Мен көпірге қарадым.
Көпірдің дәл түбінен аспанға атқан су ете биік көтеріліп, гүрс етіп жарылғандай болды да,
аздан кейін арнасына қайта құлады. Су жауып кеткен көпір енді ғана айқын көрінді. Қақ
жартысы опырылып түскен екен. Ойып түскен ауыр бомба көпірді қиратып кетіпті.
Жоқ, немістер бұл көпірді тіпті тегін қиратқан жоқ. Көпір олардан гөрі бізге пайдалы
болып шықты, бір; неміс қолы өзеннің басқа бір тұсынан етпек, екі бұл жайды штабқа
хабарлау керек, үш...

Сіз әзір қозғалмаңыз!—деп, кемпірді сол жерде қалдырдым да, өзім әлгі айтқан
окопқа келдім.

Иә, командир жолдас, ендігі бұйрығыңыз не болмақ? — деп, жолдастарым маған
қарап отыр. Тез бір шара қолдану керектігін бәрі де аңғартып қояды.
Мен оларға:

Жиналыңдар!—дедім.
Көпір солай қиратылып қалды... Құлап түскен екі самолетпен құны ақталды ма, жоқ па,
біз үшін оның енді бір
күн тұра тұруы қымбат еді. Бірақ бізге қымбат — жауға арзан, оның құмары да біздің
қымбатымыз бен қимасымыз болып келе жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет