Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Соғыстан кейінгі кезеңдегі әлемдік экономиканың құрылымындағы өзгерістерді атаңыз?
2.Жаһандану үрдісінің мәні неде?
3. Ақпараттық қоғамның құрылымына сипаттама жасаңыз.
15 тақырып. ХХ ғ. ІІ жартысындағы шет елдердің қоғамдық–саяси дамуы. 4 сағат.
Дәрістің мақсаты: ХХғ. ІІ жартысындағы шет елдердің қоғамдық –саяси дамуына талдау жасап, баға беру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1.Шетелдердің әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.
2. Қазіргі әлем мен аймақаралық қатынастарғы интеграциялық үрдістер.
3. Ұлт азаттық қозғалыстар және отарлық жүйенің күйреуі.
4.Батыс елдері.
5. Шығыс мемлекеттері.
Дәріс тезисі: Шетелдердің әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Партялық-саяси жүйелер мен мемлекеттік құрылыстағы өзгерістер. Консерватизм, либериализм, социалистік ағымдар, национализм мемлекетті қайта құрудағы идеялық негіздер ретінде.
Интеграция және аймақтану қазіргі әлем мен аймақаралық қатынастардың дамуының аса миаңызды тенденциялары ретінде. Мемлекеттердің өзара әрекеттесуінің жаңа формалары және ұлтүстілік институттардың құрылуы. Европа Кеңесі (1949 ж.), ЕҚЫК (1975ж.) құрылуы және адам құықтары туралы халықаралық актілердің қабылдануы.
Ұлт-азаттық қозғалыстар. Отарлықты жою үрдісі және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Жаңа әлеуметтік және демократиялық бұқаралық қозғалыстардың шығуын тудырушы мәселелер мен факторлар. «Қырғи қабақ соғыс» және аймақтық шиеленістер. Жастар мен студенттердің «жаңа солшыл» қозғалыстары, олардың мақсаттары мсен қарсылық көрсету формалары.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Партиялық-саяси жүйелер мен мемлекеттік құрылыстағы өзгерістер қандай болды?
2.Отаршылдықтың түбегейлі жойылуы қашан жүзеге асты?
3. Глоссариймен жұмыс жасау.
16 тақырып. ХХғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар. 2 сағат.
Дәрістің мақсаты: ХХғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастардың сипатына, бағыттарына талдау жасап, баға беру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1.«Қырғи қабақ соғыс» және оның мәні.
2.КСРО-ның ыдырауының халықаралық қатынастарға тигізген ықпалы
3. НАТО мен АҚШ жаңа рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |