Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет11/28
Дата29.03.2022
өлшемі85.69 Kb.
#456515
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Силлабус ШЖжҚЗТ

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Соғысаралық жылдардағы шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі неде?
2. Гандизм идеясының мәнін түсіндіріңіз.
3. Глоссариймен жұмыс жасау.

13 тақырып. Екінші дүние жүзілік соғыс. 2 сағат.
Дәрістің мақсаты: Екінші дүние жүзілік соғыстың адамзат тарихындағы орнын, себептері мен салдарын анықтау.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері, сипаты мен кезеңдері.
2. Антигитлерлік коалицияның құрылуы және Қарсыласу қозғалысы
3. Соғыстың халықаралық-саяси және әлеуметтік-экономикалық нәтижелері.
Дәріс тезисі: Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері, сипаты мен кезеңдері. Оккупацияланған территориялардағы фашистік «жаңа тәртіп». Қарсыласу қозғалысының басталуы: оның қатысушылары, мақсаты, сипаты және негізгі кезеңдері. Антифашистік коалицияның құрылуы, оның бағдарламасы. Антифашистік коалициядағы қарама-қайшылықтар.
Соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс. Африкадағы әскери қимылдардың аяқталуы. Фашистік Италияның талқандалуы және оның соғыстан шығуы. Соғыстан кейінгі реттеу мәселелері және антигитлерлік колалиция елдеріндегі алауыздықтар. Соғыстың шешуші кезеңіндегі Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Европадағы азаттық күрес.
Антифашистік коалиция елдері басшыларының саммиттері. Екінші дүниежүзілік соғыстың халықаралық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері, сипаты мен кезеңдерін атаңыз
2. Антифашистік коалицияның құрылу мақсаты қандай, қай елдер құрды?

14 тақырып. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер және ХХ ғасырдың екінші жартысындағы шет елдердің экономикалық дамуының негізгі тенденциялары. 2 сағат.
Дәрістің мақсаты: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы шет елдердің экономикалық дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасау, баға беру
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер.
2. Батыс елдер экономикасындағы қалыпқа келтіру мен модернизация.
3. ХХ-ХХІ ғғ.аралығындағы әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктері.
4.Жаһандану.
Дәріс тезисі: Соғыстың Америка мен Европа елдері үшін салдары. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу мәселелері. БҰҰ құру үдерісіндегі Европа мен Америка елдері.
АҚШ-ң Батыс Европа елдеріне экономикалық көмек көрсету жоспары. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінде коммунистік жүйенің құрылуы.
Батыс елдері экономикасын қалпына келтіру мен модернизациялау. Экстенсивті сипаттағы индустриалдық дамудың аяқталуы (50-60жж.). Кемелденген индустриалдық қоғам кезеңінің аяқталуы (70-ші жылдардың ортасы). Ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі. Экономикалық үдерістің интернациаландырылуы. Бреттон-Вуд қаржы жүйесінің құрылуы. 70-80 жж. құрылымдық дағдарыс. Стагфляция. Монетаризм саясаты.
ХХ ғ.соңы – ХХІ ғ. басындағы әлемдік шаруашылықтың даму ерекшеліктері – жаһандану. Жаһандық индустриаландыру және постиндустриалдық кезеңге өту. Әлеуметтік және экономикалық үдерістердегі жаһандану, халықтар мен елдер арасындағы қарым-қатынастардағы күрлеліліктер. Ұлттық және ұлтүстілік бастаулардың астасып кетуі. Ақпараттық қоғамның түзілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет