Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет9/28
Дата29.03.2022
өлшемі85.69 Kb.
#456515
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Силлабус ШЖжҚЗТ

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. 1929-1933 жж. экономикалық дағдарыстың себебін анықтаңыз және одан шығудың әр елдегі жолдарына талдау жасаңыз.
2. Этатизмнің мәні неде?
3. Глоссариймен жұмыс жасау.

10 тақырып. Соғысаралық жылдардағы шетелдердегі әлеуметтік құрылым және саяси режимдер. 2 сағат.
Дәрістің мақсаты: Аталған кезеңдегі шетелдердегі әлеуметтік құрылым және саяси режимдерге талдау жасап, баға беру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1.Индустриализация және Батыс елдері экономикасындағы құрылымдық өзгерістер.
2.Реформизмнің күшеюі және оның себептері
3.Фашизм идеологиясының қалыптасуы
Дәріс тезисі: Индустриализация және батыс елдерінің экономикасындағы құрылымдық өзгерістер. Екі тап: буржуазия мен пролетариаттың түбегейлі қалыптасуы. Ғылыми-техникалық революция және батыс қоғамдарындағы әлеуметтік құрылымдық өзгерістер. Батыс қоғамдарындағы әлеуметтік жетістіктер. Әлеуметтік құрылымдағы елтанымдық ерекшеліктер.
Саясатты жүргізу әдістерінің өзгеруі. Соғысаралық кезеңдегі реформизмнің күшеюінің себептері. Дамыған елдердегі реформистік саясаттың нұсқалары және олардың ерекшеліктері. Экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реттеудің фашистік нұсқасы. Реформашыл күштердің социал-демократиямен ынтымақтастығының формалары: коалиция және конструктивті оппозиция.
Фашизм идеологиясының шығуы. Батыс елдеріндегі негізгі фашистік режимдердің сипаты және олардың ерекшелігі. Шетелдердегі әскери-авторитарлық режимдер, олардың түрі, сипаты, ерекшелігі, әлемдік саясатқа ықпалы.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Соғысаралық жылдардағы шетелдердегі әлеуметтік құрылымдағы басты өзгерістер қандай?
2. Саясатты жүргізу әдістеріндегі өзгерістерді атаңыз.
3. Глоссариймен жұмыс жасау.


11 тақырып. Соғысаралық жылдардағы халықаралық жұмысшы және демократиялық қозғалыстар. 1 сағат
Дәрістің мақсаты: Аталған кезеңдегі шетелдердегі халықаралық жұмысшы және демократиялық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарына талдау, бағалау жасау.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. «Капиталдың алғашқы қорлануы» үдерісі, өнеркәсіп төңкерісі түсінігі мен оның елдердегі ерекшелігі.
2. Шығыс елдерінің дамуындағы ерекшеліктер
3. Классикалық либерализм, оның сипаты. Консерватизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет