Дәріс тезисі: ХХ ғ. 20-шы жылдарындағы халықаралық жұмысшы және демократиялық қозғалыс. Ресейдегі социалистік революция мен коммунистік партиялардың жұмысшы, социалистік қозғалыстарғы ықпалы. Орталық Европа елдеріндегі революциялық толқулар. 1920 жылы ІІ Интернационалдың қайта жандануы және оңшыл реформистік партиялар. Жұмысшы Социалистік Интернационалдың құрылуы.
Әлемдік коммунистік қозғалыс. Коммунистік Интернационалдың құрылу себептері. Коминтерннің идеялық негізі мен қызметі.
ХХ ғ. 20-30-шы жылдардағы халықаралық жұмысшы және демократиялық қозғалыстардың соғыс пен фашизмге қарсы жүргізген күресі. Кәсіподақтар, олардың идеологиясы және халықаралық жұмысшы қозғалысындағы рөлі.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Соғысаралық жылдардағы халықаралық жұмысшы және демократиялық қозғалыстарының негізгі бағыттыры қандай?
2. Социалистік және Коммунистік Интернационал қызметтеріне талдау жасаңыз.
3. Глоссариймен жұмыс жасау.
12 тақырып. Соғысаралық жылдардағы шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы 2 сағат.
Дәрістің мақсаты: Соғысаралық жылдардағы шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1.Қытайдағы азамат соғысы мен революция.
2. Қиыр Шығыстағы соғыс ошағының құрылуы.
3. Үндістан, Иран және Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері.
Дәріс тезисі: Қытайдағы азамат соғысы және революция. Жапон басқыншылығының Қытайдың ішкі үрдісіне ықпалы. Қытай халқының партизандық соғысы. Қытайдың азат етілуі. ҚХР құрылуы. Жапониядағы билік кабинетінің агрессиялық саясаты. Қиыр Шығыста соғыс ошағының құрылуы. Үндістандағы ағылшын монополистік капитализмнің нағаюы. Үнділік отарлыққа қарсы қозғалыстың діни ерекшеліктері. Гандизм. Ирандағы ағылшын оккупациясы. Иранда ықпал ету жолындағы Англия мен АҚШ қарама-қайшылығы. 1925 ж. әулеттік төңкеріс және елдің орталықтануы. Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыстар(1918-1923жж.). Мұстафа Кемал-Паша Ататүрік және оның қызметі. Түркияның екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы саясаты.
Достарыңызбен бөлісу: |