Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. «Капиталдың алғашқы қорлануы» ұғымының мәні неде?
2. Капиталдың алғашқы қорлану үрдісі бойынша әр елдің ерекшелігін көрсететін кесте сызу.
3 тақырып. XVII-XХ ғғ. басындағы шет елдердің саяси дамуы. 2 сағ.
Дәрістің мақсаты: XVII- XХ ғғ. басындағы шет елдердің саяси дамуы туралы түсінік қалыптастыру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1.Жаңа кезеңдегі Батыс Еуропа және Солтүстік Америкадағы саяси билік механизмі.
2.Буржуазиялық мемлекеттердің қалыптасуы, олардың белгілері.
3.Реформизм және оның бағыттары.
Дәріс тезисі: Жаңа кезеңдегі Батыс Европа және Солтүстік Америкадағы саяси билік механизмі. Мемлекет белгілері. Шығыстағы мемлекет.
Саяси жүйенің әрекет етуінің тұрақтылығы мен өзгермелілігі. Конституцияның әзірленуі мен қабылдануы және оның заң шығарушы, атқарушы, сот билігі – биліктің үш негізгі тармағында қалыптасуы. Буржуазиялық мемлекетіліктің қалыптасуы: конституциялық монархия, буржуазиялық республика. Заң шығару жиналыстарындағы саяси функциялар және олардың атқарушы билікпен қатынасы. Сайлау жүйесінің дамуы. Партиялық жүйелердің дамуы. Саяси партиялар: электорат, функциялары, бағдарламалары. «Демократия» түсінігі, оның эволюциясы.
Реформалық қозғалыстар бағыты. Либералдық реформизм. Консервативтік реформизм. Социал-реформизм.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жаңа кезеңдегі Батыс Европа және Солтүстік Америкадағы және Шығыстағы мемлекеттің даму белгілері қандай болды
2. «Конституциялық монархия», «буржуазиялық республика» ұғымдарының мәні неде?
3. Глоссариймен жұмыс жүргізу.
4 тақырып. Тарихи үрдістегі революциялар. Революциялардың түрлері. 2 сағат.
Дәрістің мақсаты:
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
1.«Революция» түсінігі.
2.Революция түрлерінің құрылу мәселелері.
3.ХҮІІ-ХҮІІІғғ. буржуазиялық революциялар.
Достарыңызбен бөлісу: |