Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет7/28
Дата29.03.2022
өлшемі85.69 Kb.
#456515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Силлабус ШЖжҚЗТ

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Ағылшын буржуазиялық революциясы қашан болды?
2.АҚШ «Тәуелсіздік Декларациясы» қашан қабылданды?
3. Германияның бірігуінде қай ел аса белсенділік танытты?
4. Аталмыш кезең бойынша түрлі елдердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, конспект жазу.

6 тақырып. Отаршыл империялардың құрылуы. 2 сағат.
Дәрістің мақсаты: Отаршыл империялардың құрылуы себептері, ерекшеліктерін анықтау.
1.Еуропалық кеңістіктің үш аумағы.
2.Отарлау дәуірінің тарихи алғышарттары
3.Отаршыл империялардың құрылуы және ықпал ету жолындағы күрестері
Дәріс тезисі: Отарлық жаулап алулар мен отарлық сауда капиталдың алғашқы қорлану тәсілі ретінде. Отаршылдық толқындары. Азияны отарлаудың басталуы. Американың отаршылықтан босауының басы.
Европалық державалардың капитализмнің индустриалдық фазасы кезіндегі отарлық саясаты. Европадағы өнеркәсіптік төңкерістің ықпалымен отарлық қанаудың формаларының өзгеріске ұшырауы. Отаршылдық жүйенің қалыптасуының аяқталуы.
Жаңа замандағы отарлықтан босау тенденциялары. Ұлт-азаттық қозғалыстарының бастамасы және сипаты.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Алғашқы отаршыл империяларға қай елдер жатты?
2. Капиталдың алғашқы қорлану үрдісі бойынша әр елдің ерекшелігін көрсететін кесте сызу.

7 тақырып. ХІХ-ХХ ғғ. басындағы халықаралық жұмысшы қозғалыстары. 2 сағат.
Дәрістің мақсаты:
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1.Жұмысшылар қозғалысы және оның ұйымдары.
2.Чартистік қозғалыс және оның әлеуметтік негізі
3.Социалистік қозғалыстар.
Дәріс тезисі: Капитализмнің дамуы және жұмысшы қозғалысының тууы. Жұмысшы табы мен қалың бұқара халықтың әл-ауқатының нашарлауы. Радикалдық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі. Р.Оуэн және А.Смит жұмысшы қозғалысының рөлі жөніндегі ілімі. Чартистік қозғалыс және оның әлеуметтік негізі. Жұмыс күшінің рыногы - нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі. Тред-юниондар.
Жұмысшылардың халықаралық серіктестігінің (І Интернационал) құрылуы. Европа елдерінде І Интернационалдың секцияларының құрылуы. ІІ Интернационалдың құрылуы. Социалистік қозғалыстың шығуы, оның бағыттары. Европа және Америка елдерінде социалистік партиялардың құрылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет