Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. «Жаңа тарих» және «Қазіргі заман тарихы» ұғымдарының мәні қандай?
2. Курстың негізгі кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз.
2 тақырып. Капитализм генезисінің мәселелері және ХҮІІғ.-ХХғ.басындағы шетелдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тенденциялары. Жаңа заманның экономикалық және саяси доктриналары. 1 сағат.
Дәрістің мақсаты: Капитализм генезисінің мәселелері туралы түсінік қалыптастыра отырып, осы кезеңнің экономикалық және саяси доктриналарына талдау жасау.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. «Капиталдың алғашқы қорлануы» үдерісі, өнеркәсіп төңкерісі түсінігі мен оның елдердегі ерекшелігі.
2. Шығыс елдерінің дамуындағы ерекшеліктер
3. Классикалық либерализм, оның сипаты. Консерватизм.
Дәріс тезисі: «Капитализм» түсінігі. «Капиталдың алғашқы қорлануы» үдерісі. «Өнеркәсіп төңкерісі» түсінігі және оның түрлі елдердегі ерекшеліктері. Әлемдік нарықтың қалыптасу кезеңдері. Фабрика-зауыт кезеңі мен олардың сипаттамалары.
Өндірістің капиталистік түрінің қалыптасуы мен дамуы. Европалық елдердің «еркін сауда» саясаты. Жаңа тарих кезеңіндегі дворяндықтың жаңа рөлі. Буржуазия табының қалыптасуы, оның билік үшін күресі. Ұлттың қалыптасу үдерісі және оныңелтанулық ерекшелігі. Әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың мүдделері мен олардың рөлінің ара қатынасы.
Батыс пен Шығыс өзара қатынасының өркениетаралық өзара әрекетінің белең алуының модернизациясы. Шығыс қоғамы трансформациясының көптүрлілік нұсқасы. Модернизация түрлері: «қорғанысты модернизация» мен «даму модернизациясы». Модернизация үдерісінң қарама-қайшы сипаттамасы мен Жаңа заман соңындағы оның нәтижелері.
Классикалық либериализм, оның сипаты. Экономикалық және саяси либериализм. Консерватизм. Консерватизм қоғамдық-саяси ойдың түрі ретінде.
Жаңа заман дәуірінде экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеудің пайда болу себептері. Физиократтардың экономикалық доктриналары.
Достарыңызбен бөлісу: |