Студенттің практика бойынша есеб І



бет10/10
Дата14.06.2023
өлшемі1.41 Mb.
#475041
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жанерке практика (копия) (копия)

Қорытынды

02.06.2023 жылғы №1102С бұйрық негізінде 05.06-09.06 2023 жыл аралығында Тіршілік қауіпсіздігі және Қоршаған ортаны қорғау кафедрасында оқу практикасын өттім.
Оңтүстік Қазақстан облысында атмосфераға ластайтын заттардың шығарылуы, оларды тазалау және қайта пайдалануын анықтау үшін статистикалық мәліметтер талқыланды, ОҚО атмосфералық ауасының ластану дәрежесіне баға берілді. Ол үшін ОҚО Арыс қаласы, Кентау қаласы, Түркістан қаласы, Қазығұрт, Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандары бойынша 8 атмосфераны ластаушы заттардың (күкіртті ангидрид,күкіртсутек, көміртотығы, азоттотығы, аммиак, көмірсутектер, ұшпалы органикалық қосылыстар, галогенденген қорғасынның қосылыстары және басқалары) мөлшері анықталды. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2010 жылы атмосфераға ластайтын стационарлы көздерден шығарылатынластайтын заттардың көлемі 29,8 пайыз артып, 211,0 мың тоннаны құрады (2006 жылы 162,6 мың тонна), Оның ішінде 133,9 мың тоннасы жалпы көлемінен - 63,5 пайыз) қатты заттар, 77,1 мың тоннасы (36,5 пайыз) газ тәрізді және сұйық заттар түрінде. 2010 жылы жалпы ластайтын стационарлы көздерден шығарылатын ластайтын заттардың ішінен 174,3 тоннасы ұсталды және зарарсыздандырылды немесе барлық ластайтын заттардың 82,6 пайызын құрады. Тазалау қондырғыларында ұсталған ластайтын заттардың өндірісі қайта пайдалану (қолдану) көлемі көбейді. 2010 жылы барлық ұсталған және зарарсыздандырылған қалдықтардың 95,7 пайызы қайта пайдаланылды (166,3 мың тонна).Осыған қарамастан, зарарсыздандырудан, тазалаудан, және қайта пайдаланудан кейін атмосфераға 36,8 пайыз мың тонна (17,4 пайыз) ластайтын заттар жіберілді, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға көп.
Оңтүстік Қазақстан облысы атмосфералық ауасының ең ipi ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған, оларға келесі кәсіпорындар жатады: Петро Казакстан Ойл Продактс ААҚ (45,8 пайыз), Энергоорталық 3 ААҚ (5,04 пайыз), Южполиметалл Өндірістік Корпорациясы АҚ (18,5 пайыз), Шымкентцемент ААҚ (5,3 пайыз). 4. Халықтар арасында, жүргізілген сұқпаттасу қорытындысымен өнеркәсіп және автокөлік шығарындыларының ауа ластаушы факторының белгілеп 61,3 пайыз респонденттер көрсетуі, табиғатты қорғау шараларының өз деңгейінде жүрмегенін, ал 29,1 пайызы осы табиғатты қорғау шараларының жетілдірудің қажеттілігін көрсетті. қала тұрғындарының өнеркәсіп және автокөліктер газы, атмосфералық ауаның ластаушы шығарындыларының әсерінен 18,0 пайызы көңіл- күйінің жабырқау болатынын көрсетеді. Бұл көңіл-күйінің төмендеуін жолаушылардың 39,5 пайызы орталық жүйке жүйесінің аурушаңдығымен, 24,9 пайызы жүрек-қан тамыр жүйесінің және 35,6 пайызы тыныс алу жүйесінің аурашаңдығына әсерін тигізген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. «Жер туралы заңнамалар». Алматы, 2019 ж
2. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. – Алматы:ЮРИСТ, 2010.– 100 б
3.Интернет материалдары: http//www.google.kz.
4 Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2017. ISBN 9965-32-491-3

5. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-
6. Экология (оқулық) - Алматы, 2018 - ISBN 9965-32-223-6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет