2.2 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары мен негізгі
қағидалары.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы экологиялық мониторингті
дамытудың деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді. Өлшеу
аппаратурасымен жарақтануы қажетті деңгейдің 40-тан 80 %-іне дейін бола
отырып, бақылау пункттерінің мемлекеттік желісі олардың оңтайлы санының 20% - ін ғана құрайды. Бақылау және өлшеу техникалық құралдарының тозуы алынатын ақпараттың көлемі мен растығының азаюына әкеледі. Түрлі
министрліктер мен ведомстволар мониторингінің жүйесін жеткіліксіз
ведомствоаралық үйлестіру қоршаған ортаның жай-күйін толық көлемде әділ
басқаруды жүзеге асыруға және уақтылы жедел ақпарат алуға мүмкіндік
бермейді.
Сурет 4.Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары мен негізгі
қағидалары
Ведомстволық мониторингтің барлық кәсіпорындары мен мекемелерін,
сондай-ақ өндірістік мониторинг жүйелерін енгізе отырып, геоақпараттық
жүйелер негізінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың экологиялық
мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру жөніндегі шараларды шұғыл түрде қабылдау талап етіледі. Оның жұмыс істеуі үшін ақпаратты жинау, жүйелеу, сақтау және тарату үшін экологиялық ақпарат қорын құру, бақылау және өлшеу жүйелерінің қазіргі материалдық-техникалдық базасын жағғырту, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет.
2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2005-2008 жылдары атқарылатын шаралар Жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 сәуірдегі №316 Қаулысымен бекітілген 2005-2015 жылдарға Стратегиясының шеңберінен шыға отырып жасалған. пайдалануға қойылатын эколгиялық талаптарды жетілдіру. Үшінші кезең (2011-2015 жылдар) - қоршаған орта сапасын қоғамның жоғары дәрежелі экологиялық тұрақты даму бойы арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы Қазақстан-2030 Қоршаған орта жағдайының нормативтік көрсеткішіне жетумен қатар экологиялық қауіпсіздіктің оптимальді деңгейін қамтамасыз ету аталмыш тұжырымдама ережелерінің кезеңмен жүзеге асырылуын ұсынады. Бірінші кезең (2005-2008 жылдар) - қошаған ортаның ластануын төмендету және оны қалыпқа келтіру әрекеттерінің жоспарын жасау. Екінші кезең (2010-2010 жылдар) қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін тұрқтандыру - және табиғатты жақсарту және деңгейіне жету.
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін – қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат тозуымен сипатталады. Қоршаған ортаны қорғау барлық салаларын қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік- экономикалық дамуды жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әлі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің эколгиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын. Ұлттық экономиканың реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, жүзеге асыруға негіз болды. Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы 1997 жылы Қоршаған ортаны қорғау туралы, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, Экологиялық сараптама туралы, 1998 жылы - Радиациялық қауіпсіздік туралы Заңдар, ал 2003 жылы Атмосфералық ауаны қорғау туралы Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы (1996 жыл) және Мұнай туралы (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2004 - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді. Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жетілдіру және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау- инспекциялық жұмыс жолға қойылды. Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді.
Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр. Жоғарыда айтылғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр. Жоғарыда айтылғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады.
Олардың ішінде:
экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету;
қоршаған ортаның жай- күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу;
Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және аталған аймақтарды арнаулы картографиялау ұсынылады. Осыған орай, Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді олар;
-Табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен
мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге
экожүйелік тәсіл;
-Экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандақ және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
-Қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді);
-Өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық
теңгермелі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
-Шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен басқарудың міндеттілігі;
-Халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның эколгиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
-Халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау. Мемлекеттің экологиялық қауіпсіздік шолымен
дамыуымыз, Қазақстан Республикамыздың дүние жүзілік деңгейде өз орнын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |