Студенттің практика бойынша есеб І


Жергілікті экологиялық проблемалар



бет4/10
Дата14.06.2023
өлшемі1.41 Mb.
#475041
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жанерке практика (копия) (копия)

Жергілікті экологиялық проблемалар.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Атмосфераның негізгі ластануы түсті металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешені кәсіпорындары мен көлік шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердің нақтылығы халық
денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етеді.
Атмосфералық ауаның проблемасы негізінен республика халқының жартысына жуығы өмір сүретін ірі қалалар мен өнеркәсіптік агломераттарға тән.

Сурет 2. Жергілікті экологиялық проблемалар,қаланың
зауыттардан ластану.

Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның ішінде 8 қала ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейінің себебі - өндірістің ескірген технологиялары, тиімсіз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлі емес көздерінің аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсіпорындардың 20% -тен астамының нормативтік санитарлық-қорғау аймағының болмауы себепті өндіріс орталықтары халқының басым бөлігі зиянды шығарындылардың әсері жоғары аймақта тұрып жатыр. Автомобиль санының күрт көбеюі ірі қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көміртегі оксиді мен азот диоксиді жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жалдық шоғырлануы бұл қалаларда шекті мөлшерден асып түседі. Ауа бассейнінің ластануы, сондай-ақ көмірсутегі шикізатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын дамытумен және кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкіртсутегімен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседі. Алауларда ілеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкірт пен азот оксидтердің едәуір көлемін атмосфераға шығарумен қатар жүреді, кен орындарының төңірегінде жоғары жылу аясы қалыптасады. 1993 жылдан 2000 жыдға дейін зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негізінен өндіріс құлдырауының есебінен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн.тоннаға дейін кеміді. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2-3,4 млн.тонна деңгейінде


тұрақтандыруға міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың жаппай
енгізудің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілді. Мүндай тетіктерді одан әрі жетілдіру
2010 жылдан кейін қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кірісуге мүмкіндік береді. Ауа бассейнінің ластануының жоғарылау қаупін болдырмау жөніндегі қажетті шаралар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қысқа мерзімді бағдармаларда көзделетін болады.
Радиоактивті ластану Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі
нақтылы қатер төндіреді. Олардың көздері мынадай негізгі төрт топқа
бөлінеді:
-жұмыс істемей тұрған уран өндіруші және уран өңдеуші
кәсіпорындардың қалдықтары (уран кен орындарының үйінділері, өздігінен
төгілетін ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желілердің
бөлшектелген жабдығы);
-ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар;
-мұнай өндіру өнеркәсібі мен мұнай жабдығының қалдықтары;
-ядролық реакторлардың жұмысістеуі нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнім (иондаушы сәулеленудің пайдаланудан шыққан көздері).
Қазақстанда табиғи радиоактивтіліктің жоғары деңгейін беретін уран беруші алты ірі геологиялық өңір, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кеніштер, уран өндіруші кәсіпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. Қазақстан аумағының 30 % -інде адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиоактивті газ-радонның жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждар үшін пайдалану қауіпті болып табылады. Қазақстанның кәсіпорындарында иондаушы сәулелердің пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздері бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшін өте қауіпті болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды. Халықтың радиоактивті улануын және қоршаған ортаның ластану қаупінің алдын алу үшін: радиоактивті ластану көздерін түгендеу жөніндегі жұмысты аяқтау және 2006 жылға дейін табиғи радиоактивтіліктің хадықтың денсаулығына теріс әсерін зерттеуді қамтитын бағдарлама әзірлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезінде шектеу шараларын қабылдау;
ауыз судың табиғи көздерінің радиоактивті ластануына бақылау жүргізу және Мұнай ұңғымалары мен өздігінен төгілетін және өздігінен ағатын
гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және конвервациялау бағдарламасының шеңберінде радионуклидтердің жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупі туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнінде шаралар әзірлеу; 2006 жылға қарай Уран өндіру өнеркәсібінің радиоактивті үйінділерін түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін айқындау жөніндегі жұмысты аяқтау қажет. Проблеманың кешенді шешілуі радиоактивті қалдықтарды ұқсату мен көму жөнінде мамандандарылған ұйым құруды көзделуі тиіс. Аталған іс-шараларды жүргізудің нәтижесі халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтік ластануын төмендету болмақ.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдің экологиялық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіреді. Қауіп апатты жер
сілкінісі, көшкін, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндірістік обьектілердегі
қауіпті өнеркәсіп және басқа да авариялардың нәтижесінде адамның өміріне,
денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуіне байланысты. 1994 жылдан
бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шекті. Сараптамалық басқару бойынша төтенше жағдайлардан (жаһандақ дүлей апаттар болмаған кезде) келетін тікелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгені құрайды. Орман өрттерінің экожүйелерге елеулі зиян тигізуі жалғасып отыр. Бұл орайда оларды уақтылы анықтау проблемасы шешілмеген. Орман өрттермен күресудің сенімді және экономикалық жағынан тиімді авиациялық құралдары жоқ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын азайту үшін: өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін, болжау қызметтерінің жұмысын жетілдіруге мемлекеттік материалдық резервті, елдің авариялық-құтқару күштерін және жедел әрекет ету күштерін қалыптастырудың негіздерін қайта қарауға бағытталған. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу; 2007 жылға дейін көмірсутегі кен орындарын игерудің геоди намикалық
қауіпсіздігінің бағдарламасын қабылдау және геодинамикалық мониторинг
жүйесін құру; 2006-2007 жылдары орман өрттерін жою жөніндегі қымбат тұратын шаралардан жеңіл ұшақтардың жеке паркі бар мамандандырылған бөлімшелер құрумен әуе патрулінің көмегі арқылы уақытылы ерте табу мен оларды бастапқы сатысында сөндіру жөніндегі алдын алу шараларына көшу үшін орман өрттері туралы хабарландырудың бірыңғай жүйесін құру қажет. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуы зардап шеккен санын төмендетуге және келеңсіз салдарлардан материалдық зиянды азайтуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет