Сабақтың тақырыбы: «Дәстүрлі күйшілік өнер»
Сабақтың эпиграфы: «Тебіренткен күміс күй....»
Сабақ мақсаты: 1.Білімдік. Оқушыларға күй тағылымы жайлы баяндай келе дәстүрлі саз күй-шежіренің халық арасына кеңінен тараған түрлері туралы мағлұмат беру, сондай – ақ осы күй түрлерін туындаған күй аталарымен таныстырып, саздарын тыңдату, талдату.
2. Дамытушылық. Оқушылар жас ерекшеліктерін ескере келе, аспапқа және аспаптық шығармаға деген қызығушылықтарын арттыру, аспапта ойнау шеберліктерін, іскерлік дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды ұлттық дәстүрлі саз шежіресін құрметтеуге, дәріптеуге, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп мақтан етуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сазгерлер суреті, нақыл сөздер, аспаптар, ән үлгісі, аспаптар суреттері жұмыс қағазы, слайд, буклет «Күй» сөзіне арналған ой толғау тағы басқалар,
Техникалық құралдар: Магнитафон, аудио үнтаспа, CD, күйсандық, компьютер т.б.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер: баяндау, ойын,сұрақ-жауап.
Сабақ жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Өткенге шолу
а) Ой қозғау
-
Жаңа тақырып;
а) Күй түрлерін, аспаптарын таныстыру
ә) Тыңдату, талдау жүргізу
б) Дауыс ашу жаттығулары
в)Әнмен таныстыру, үйрету
г) Саз сауаты
4. Бекіту.
а) Ойындар «Әуенді тап»
5. Қорытындылау, бағалау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпқа күй екпінімен енгізу, оқушылардың
құрал –жабдықтарын алғызып, назарларын өзіме аудару, сазды түрде амандасу, оқушылармен танысу.
Өткенге шолу. – Амансындарма балалар. Көңіл-күйлерің қалай?Менің атым Мейржан Қанатұлы. Сендермен танысқаныма қуаныштымын. Сендер осыған дейін қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен таныс болдыңдар, енді соларды «Әуенді тап» ойынымен еске түсірсек. (компьютерден қобыз,сыбызғы,жетіген,шаңқобыз,домбыра,шертер аспаптарының үзінді әуендері қойылады. Оқушылар қойылған аспап әуендерін шешу арқылы сол аспаптарды еске түсіреді.)
-
Балалар осы аспаптарда орындалатын шығармаларды не деуге болады? Ойланып көріңдерші. Әннің мазмұнын сөзі арқылы білеміз, ал күйде сөз болмайды. Күй дегенде ойларыңа ең бірінші не келеді?
Қобыз
Домбыра
Сыбызғы
шертер
Орындаушылар
Күйшілер
- Өте жақсы,оны қандай аспаптарда ойнауға болатынын жалпы күй туралы ой пікірлерің өте жақсы екен? Балалар әр елді мекеннің өзіне тән әуені,бояуы болады. Оны әр жер өз шеберліктерімен орындайды.
- Иә, күй аспаптық шығарма, оны бірнеше аспапта яғни домбыра, қобыз, шертер, сыбызғыда ойнайды екен. - Өте жақсы, мінекей біз көптеген мағлұматтарымызды еске түсірдік. Ал, енді, балалар осы күйді орындалу мәнеріне орай екіге бөлеміз:
Олар: 1.Төкпе күй 2. Шертпе күй
(
Мазмұны
Екпіні
Әр күйге жеке –жеке мінездеме беріп, ойнау үлгісін және әр күйдің аталары Құрманғазы, Тәттімбет жайлы мағлұмат беріп, ойнап көрсетемін.) Ал енді сендердің назарларыңа Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» күйін оркестрдің орындауында ұсынамын. (Тыңдатып, мазмұны, екпіні бойынша талдау жүргіземін.)
Келесі тыңдайтынымыз Тәттімбеттің «Кокей кесті» күйі . –Екі күйдің айырмашылығын көрдіңдер ме? Қалай ұнады ма? Қобыз күйлері әсіресе жыраулар арасында кең дамыған. Сыбызғышы-күйші ретінде Сарымалай есімі халық арасында кең дамыған.
-Ал,енді
Нағыз қазақ-қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра. (Қ.Мырзалиев) демекші бүгінгі үйренер әнде қазақ аспабы домбыраға байланысты. «Домбырасыз сән қайда» әнін орындап берейін.
(әнді домбырамен орындап беремін). Әні:И.Нүсіпбаев, сөзі: Х.Талғаров
Елдің жырын жырлаған,
Қайғысында толғаған.
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Қайырмасы: Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
Отта лаулап жанбай ма, жанбай ма?
-Әннің сөзіне қараңдаршы, домырасыз өміріміздің әні де, сәні де тіпті мәні де жоқ. Сондықтан домбыра тек күйге арналған аспап қана емес, хабаршы, емші, көңілге жұбаныш екен ия. Ендеше бәріміз үйренейік.
(оқушыларға айтқызар алдында дауыс ашу жаттығуларын жасатамын)
-Ән ұнады ма? Енді қайталаймыз. (әнді қайталату арқылы үйретемін, соңында арнайы жасалған минусовкамен айтқызамын.)
-Қане балалар, біраз шаршасақ миымызды күмбірлі күйдің әуенімен тынықтырайық. Тыңдаңдар балалар. (Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындап беремін.)
Бекіту. –Балалар, Мен Абай жері Семейден келгесін сендер үшін жазған өз өлеңімді оқып берсем.
Жақсылықты жағалар,
Қуған білім балалар
Бәрің жақсы қатыстың
Қалай болад(ы) бағалар?!
Екілік болса бағаңыз,
Ұрсып жүрер ағаңыз
Екі алмағын ешқашан
Жеңіл болсын жараңыз.
Үштік болса бағаңыз,
Тәуба деп қана қаласың.
Екіден әйтеу артық деп
Қанағат қылып қаласың.
Төрттік болса бағаңыз,
Қуанғандай боласың.
Беске жетпес бірақта
Оны да ойлап соласың.
Бес алсаңыз егерде,
Білімің кетпес бекерге.
Биік шыңға жеткенің
Озат болып кеткенің.
Күйде ойна ән шырқа,
Өрге жүзсін өнерің.
Білімің де шыңдалып,
Арта берсін беделің.
Бүгінгі біздің сабақта,
Шындық барда,жалған жоқ
Екілік, үштік бағаны
Ешбір бала алған жоқ.
Қайда жүрсең балалар
Біріңді-бірің мақтап жүр.
Семейдегі ұстазым
Айтты деп есте сақтап жүр.
Үй тапсырмасы: тақырыпты оқу,аспаптық кестені толтыру. (аспап түрлеріне жасалған кесте таратып беремін)
Сау болыңдар! (сазды түрде қоштасамын)
Сабақты қорытындылау: Елбасы Н. Ә. Назарбаев президентіміз айтқандай «Қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аямай еңбек ет, жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа де келе, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз».
СӨЖ тапсырмалары:
-
Тағы басқа қандай ұлттық ойындар білесіңдер?
-
Ұлттық ойын қолдану арқылы сабақ үлгісін көрсет?
-
дидактикалық материалдар әзірле?
-
Қолданылған әдебиеттер:
-
Образовательная технология ХХІ деятельность; ценность, успех.
-
М, 2004. с 96
-
Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений. А, 2001, 295 с
-
Беспалько В.П. Слогаемые педагогические технологий. М, Педагогика1989
Музыка пәнінен 1 – сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
1 – тоқсан
Күн
і
|
Бағдарлама бөлімі
|
Бағдарламаның мақсат, міндеттері
|
Сабақ тақырыбы
|
Практикалық тапсырма
|
Сабақтың теориялық бөлімінің қысқаша мазмұны
|
Саз тыңдау
|
Ән үйрету
|
Музыка сауаты
|
|
Сырлы да сазды әуен
|
1. Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт дәстүрімізбен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
2. Музыкалық іс-әрекеттер барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауымен қиялын дамыту.
3. Музыкалық білімін сауаттылығын дамыту
|
Салем саған мектебім!
Қимыл-қозғалысты әндер
Тұрмыс-салт әндері
Нәрестеге арналған әндер
Әуенді санамақ
Төрт түлік ән-күйлері
Малды төлін емізуге шақыру
Күй жанры
Ойын ойнайық!
Ауылға саяхат
Әндерге шолу
|
Сұрақ, жауап, жатттату
|
«Сүйікті мектебім!»әні
«Балапан» биі
«Бесік» жыры
«Әй-әй бөпем» әні
«Кеңес» күйі
«Құлыншақ» әні
«Төлді шақыру» әні
«Би күйі» күйі
«Ұщты-ұшты» әні
«Ауылым» әні
қайталау
|
«Мұғалім ол біздің!» әні
«Біз-өмірдің гүліміз» әні
«Бала уату» әні
«Тұсаукесер» жыры
«Бала-бала-балақан» әні
«Төлдер» Б.Ғизатов
«Бөрте лақ» Ө.Байділдаев
«Кім қалай дауыстайды?»
«Туған жер» әні
«Қошақаным қайда екен»ән қайталау
|
Әуен
Ән
Би
Күй
Марш
Нота
Дыбыс қатары
Бес сызық
Соль кілті
Бүтін нота
Жарты нота
|
2 – тоқсан
Күні
|
Бағдарлама бөлімі
|
Бағдарламаның мақсат, міндеттері
|
Сабақ тақырыбы
|
Практикалық тапсырма
|
Сабақтың теориялық бөлімінің қысқаша мазмұны
|
Саз тыңдау
|
Ән үйрету
|
Музыка сауаты
|
|
Саздың тұңғиық тағылымы
|
1. Туысқан халықтар музыкасына құрметпен қарауға, оның қазақ музыкасымен байланысын бақылауға тәрбиелеу
2. Музыканың көркемдік жағын түсіне отырып мәнерлі орындатуға баулуталғамын қалыптастырып, дамыту
3. Музыканы талдауға біліктіліктерін арттыру.
|
Көкшенің асқан әншісі
Арқаның асқақ әншісі
Табиғат туралы әндер
Табиғатқа арналған күйлер
Отан-менің ата-анам!
Нәзік сазды әуендер
Аяз атаның базарлығы
|
Дауыстарын қою, ширату
|
«Қазақ жері» әні
«Жаңа жыл» әні
«Біржанның әні»
«Маңмаңгер» әні
«Алатау» әні
«Сарыарқа» күйі
«Қамажай» хал. әні
|
«Шырша» әні
«Сурет сабағы» әні
«Ана тілі» әні
«Шөжелерім» әні
«Алақай» әні
«Құлыншақ» әні
«Менің Отаным» әні
|
Нүктелі нота
Лига
Пиано
Фортиссимо
Қайт-у белгісі
32-лік нота
64-тік нота
| 3 – тоқсан
Күні
|
Бағдарлама бөлімі
|
Бағдарламаның мақсат, міндеттері
|
Сабақ тақырыбы
|
Практикалық тапсырма
|
Сабақтың теориялық бөлімінің қысқаша мазмұны
|
Саз тыңдау
|
Ән үйрету
|
Музыка сауаты
|
|
Күмбірлеген күміс күй
|
1. Күй тағылымы арқылы оқушыларды аспаптарда ойнауға ,сүюге тәрбиелеу.
2. Күй тыңдату арқылы сана сезімін дамыту.
3. Күйдің түрлерін айрықшаландыруға машықтандыру.
|
Күмбірлеген күміс күй
Домбыра құрылымы
Дәулеткерей күйші
Әдептілік әліппесі
Қорқыт -күй атасы
Қобызшы –Ықылас!
Ер есімі есімізде мәңгілік!
Ана -өмір бұлағы!
Наурыз келді алақай!
|
Дауыстарын қою, ширату
|
«Адай» Құрманғазы
«Ақсақ құлан» кұйі
«Қосалқа» күйі
«Жалқаубек» әні
«Әуіппай» күйі
«Жезкиік» күйі
«Сарбаздар маршы»
«Ана туралы баллада»
«Наурыз-думан» әні
|
«Домбырасыз ән қайд»
«Дом.ән қайда?»3-4 ш
«Биші болам өскенде»
«Болайықшы осындай»
«Ана» әні К.Дүйсекеев
«Есеп сабағы» әні
«Теңізші» әні
«Құттықтаймын мама!»
«Наурыз тойы»
|
Күй аспаптары
Қайырма
Халақ күйі
Керней
Қылқобыз
Шертер
Секіртпе
Легато
Стаккатто
| 4 – тоқсан
Күні
|
Бағдарлама бөлімі
|
Бағдарламаның мақсат, міндеттері
|
Сабақ тақырыбы
|
Практикалық тапсырма
|
Сабақтың теориялық бөлімінің қысқаша мазмұны
|
Саз тыңдау
|
Ән үйрету
|
Музыка сауаты
|
|
Күйдің түрлері
|
1. Күй – шежіре мазмұнына сүйене күйші болуға тәрбиелеу.
2. Күй орындату арқылы аспап сырын білуге , ойнау барысында шеберлікке баулу. дамыту.
3. Аспаптарды қастерлеуге және үйренуге деген талпыныстарын арттыру.
|
Ән күйді не жақындатады?
Дина күйші
Сыбызғыға арн-ан күйлер
Үрмелмелі аспаптар түрі
Жетіген,шаңқобыз күйлері
Ұрмалы аспаптар түрі
Ұлттық оркестр
Жазғы сауық
Әншілер сайысы
|
Күйлерді тыңдату барысында үнемі суреттер арқылы бейнелеттіру
|
«Ауылым-әнім» әні
«Бұлбұл»күйі
«Наридірген» күйі
«Сылқылдақ» күйі
«Телқоңыр» күйі
«Көш қызығы» күйі
«Ата толғауы» күйі
«Жазда» пьесасы
Фанфар
|
«Ән сабағы» әні
«Моншақтар» әні
«Ақ тайлақ» әні
«Көктем» әні
«Жаз келеді алақай!»
«Каникулда» әні
«Біздің оркестр» әні
«Ән шашу»әні
«Демеламыз тамаша» әні
|
Сезіну,сезім
Регистр
Эмоция-қ әсер
Асатаяқ
Басқобыз
Баян
Дирижер
Қайталау
қайталау
|
Музыка пәнінен 2 – сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
1 – тоқсан
Күні
|
Бағдарлама бөлімі
|
Бағдарламаның мақсат, міндеттері
|
Сабақ тақырыбы
|
Практикалық тапсырма
|
Сабақтың теориялық бөлімінің қысқаша мазмұны
|
Саз тыңдау
|
Ән үйрету
|
Музыка сауаты
|
|
Ән мен күй – халық үні
|
1.Салт-дәстүрге айланысты шыққан ән-күйлерді үйрету барысында көне саздарымызды сүюге тәрбиелеу.
2. Көне саз тағылымыны деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Орындату барысында шеберліктерін дамыту.
|
Ән мен күй халық үні
Күй дегеніміз не?
Төрт түлік малға арн. ән-р
Табиғатқа арн. ән-күйлер
Сөйлем суырып салмасы
Арнау әндермен күйлер
Қоштасу,жоқтау ән-күйі
Үйлену тойы жырлары
Сазгер И.Нүсіпбаев
|
Орындалып жатқан саздарға қимыл қозғалыстар қостырып ырғақты сезінттіру.
|
«Сүйікті мектебім» ән
«Ортеке» халық күйі
«Қаражорға» хал. күйі
«Саржайлау» күйі
«Қайран шешем» күйі
«Көкіл» Қазанғап
«Базар-Назар» әні
«Беташар» әні
«Дос болайық »әні
|
«Анадай асыл мектебім!»
«Ортеке» әні Ә.Еспаев
«Маңмаңгер» әні
«Алатау» халық әні
«Ұстаз»әні Б.Ғизатов
«Ақ әжем» әні Қуатбаев
«Сыңсу» халық әні
«Жар-жар» әні
«Жарқын жүзді ұстазым»
|
Күй түрлері
Ырғақ
Жылдамдық
Форте,пиано
Крещендо,дим.
Музыка-қ бейне
Пианиссимо
Фортиссимо
Мецофорте
|
2 – тоқсан
Күні
|
Бағдарлама бөлімі
|
Бағдарламаның мақсат, міндеттері
|
Сабақ тақырыбы
|
Практикалық тапсырма
|
Сабақтың теориялық бөлімінің қысқаша мазмұны
|
Саз тыңдау
|
Ән үйрету
|
Музыка сауаты
|
|
Ән мен күй – түрлену сатысында
|
1. ділетсіздік,теңсіздікке арналған ән-күйлер жайлы зор мағлұмат беру.
2. Өжеттікке арналған әндерді орындау мәнеріне баулу.
3. Ертедегі әділетсіздік, теңсіздік саздары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Тарихи әндермен күйлер
Ержүрек ақын –Махамбет!
Әділетсіздікке ар-ған ән-күй
Теңсіздікке арналған ән-күй
Алатау-ң бұлбұлы Кенен ата
Жаңа жыл жарылқа!
Жаңа жылда жаңа жыр!
|
Суырып салмалық дағдыны меңгерту.
|
«Ел айрылған» күйі
«Кішкентай» күйі
«Хаулау» Жаяу Мұса
«Не кричи,не шуми» к
«Көкшолақ» Кенен
«Жаңа жыл келді» әні
«Шырша жыры» әні
|
«Елім-ай»халық әні
«Бақытты балалық шақ»
«Ақ сиса» Жаяу Мұса
«Жас дәуірдің түлегіміз»
«Кеш жарық»
«Біз шадыман бал-з»әні
«Аяз ата» әні
|
Мецопиано
Сфорцандо
Легато
Триоль
Синкопа
Нүктелі нота
Цезура
|
3 – тоқсан
Күні
|
Бағдарлама бөлімі
|
Бағдарламаның мақсат, міндеттері
|
Сабақ тақырыбы
|
Практикалық тапсырма
|
Сабақтың теориялық бөлімінің қысқаша мазмұны
|
Саз тыңдау
|
Ән үйрету
|
Музыка сауаты
|
|
Аңыз – ертегі әлеміндегі ән мен күй
|
1. Аңыз,ертегі жайлы мәлімет беру.
2. Оқушылардың қиял, ғажайып сазға деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Рольдерге бөлініп орындау барысында дауысқа бөліну процесін дамыту.
|
Жыл басы кім болады?муз.ер
«Маңғаз сиыр»
«Әсем жылқы»
«Кербез түйе»
«Айбарлы барыс»
«Жайбасар ұлу»
«Шебер бишілер»
«Момақан қой»
«Үй қорушы ит!»
«Жануар-р талас-ң жалғасы»
«Тышқанның қулығы»
|
Музыкалық спектакльге кейіпкер болуға машықтандыру.
|
«Бастама»
«Жайлауда» әні
«Бозайғыр» күйі
«Ақ тайлақ» әні
«Аңдар» әні
«Тіршілік көзі» әні
«Кішкентай полька»
«Қошақан» әні
«Саққұлақ» әні
«Сұрқоян» әні
«Доңыз,қоян дуэті»
|
«Жануар-ың бір. хоры»
«Сиыр» әні
«Жылқы» әні
«Түйе» әні
«Барыс» әні
«Ұлудың әні»
«Жылан мен маймыл»
«Қойдың әні»
«Иттің әні»
«Жануар-дың екін. хоры
«Тышқанның әні
|
Хор
Фермата
Сапрано
Альт
Тенор
Бас,баритон
Полька
Оперетта
Стаккатто
Унисон
Дуэт
|
Достарыңызбен бөлісу: |