Султанова нургуль камильевна


Кесте-1. Ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы



бет8/17
Дата16.06.2016
өлшемі5.12 Mb.
#139120
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Кесте-1. Ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы


Ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы




Мотивациялық

компонент



Бағдарлаушы

мақсаттағы

компонент


Мазмұнды – тәсілдік

компонент



Құндылық – еріктік

компонент



Бағдарлаушылық

компонент





















Ойын жағдаяты,


Ойынның

міндеттері



Ойынның ережесі

ойын әректтері



Ойын жағдайлары

Ойынның нәтижесі

Жоғарыда аталған элементтерің барлығы балаларды ойын жағдаятына | ендіруге, қызықтыруға мүмкіндік жасайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін әр компоненттің құрылымдық элементтеріне тоқтала кетейік. Ең әуелі мотивациялық компонент ойын жағдаятын қамтамасыз етеді дедік. Педагог-тәрбиеші балаларды ойынға тартуда «Көз алдыларына елестетіңдер ...», «... болып жатыр», «Біз ... жүрміз» және т.б. тәрізді сөз тіркестерін пайдаланады. Балаларды ойынға тартуда ойынды еткізу үшін алдын-ала ойластырылған орман, мұхит, көлдін жағасы және т.б. айтарлықтай маңызы бар екенін әсте, ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, ойын мазмұнындары ойын әрекеттеріне сәйкес қатысатын балалар саны да алдын ала анықталады. Ойын нәтижелі болу үшін педагог-тәрбиеші балалармен бipiгe отырып, ойын міндеттерін шешу барысында тиісті жағдайларды қалыптастыра білуді де ойластыруы қажет. Сонымен, бiз ойынның мотивациялық компонентіне балалардың ойындағы ic-әрекетін және белсенділігін қамтамасыз ететіп ойынға нұсқау бepeтін элементті және ойын жағдаятын жатқыздық.

Бағдарлаушы-құндылық компонентіне жататын ойынның құрылымдық элементіне ойынның міндеттері жатады. Көптеген зерттеушілер ойын, сонымен қатар, оқу міндеттерін бөледі. Оқу міндеттері педагогқа түсінікті, ал балалар үшін жасырын, айқын болмайды. Оқу міндеттерінің осылайша берілуі арқасында оқыту жүзеге асырылады. Сабақ барысындағы ойын міндеттері балаларды қызықтырады. Мысалы: қатені тап, ойлан және т.б. Дидактикалық (оқу) және ойын міндеттерін байланыстыру үшін ойын ережесінің қажеттігі түсінікті жайт. Ол балалардың әрекеттерін ұйымдастырады, ойынға қатысушылардың тең құқыларын қамтамасыз етеді. Яғни, ереже ойын әрекетін реттеуші рөлінде болады. Осы арада мынадай орынды сұрақ туындайды. Ойынға даярлануда қандай ережелер болуы керек? Ол ең әуелі ойындағы әрекет ету ережесі: сен-дәрігерсің, сен-сатушысың және т.б. Ойынның ережесі ойынға қатысушылардың іс-әрекеттерімен сәйкес келуі және ол белгіленген бірізділікпен әрекетті орындауға бағытталуы керек. Ойында келесі, мына бip жайтты да ескеру қажет. Ойында әрекет ережесімен қатар жеке өзара қарым-қатынас ережесінің болғаны да жөн. Ойынның осы ережелерін енгізбейінше, оның басқарылмайтыны, сондай-ақ мақсаттың жүзеге аспайтыны түсінікті жайт. Ойын барысындағы балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының ережесі тәрбиелеуші рөлді атқарады, сонымен қатар оны дұрыс бағыттайды. Ойын ережесіне бірнеше мысал келтіруге болады, мәселен: өз жұмысыңды аяқтадың ба - досыңа көмектес; қайырымды бол, құрбы - достарыңның айтқанын мұқият тыңдай біл және т.б. Жарыс-ойындарында тәртіпті реттеу үшін айып төлеу енгізуге болады. Бұл балалардың жалпыға ортақ ережені орындаудың қажеттігін түсінуге үйретеді.Ойын ережесі ойын әрекеті барысында жүзеге асырылады. Ал ойын әрекеті ойын мотивтерімен қалыптacтыpылaды. Біз, жоғарыда ойын әрекетінің - максаты болатынын айтып өттік. . Психологтар әpekeтi сь[рткы (тындау, орындау, тапсырманы шешу жэне т.б.) және ойға катысты (салыстыру, талдау жасау, жэне т.б.) деп бөледі. Бүл эрекет әр турлі болған сайын, ойынның да кызыкты бола тусетінін керсетеді. . Ойын эрекетінің дұрыс жүзеге асуында балаларда қалыптасқан іскерліктердің олар орны ерекше болмак. Сондыктан, кандай болмасын ойынды өткізуде, егер оған кажетті іскерлік балаларда жок болса, оны өткізin кажеті жок.

Бұл балалардың. ойындағы эрекетгеріне койьлатын бірқатар талаптардын за болуын меңзейді, ол талаптар мынадай болуы мумкін: ойын әрекетінің нақты мотивінің болуы, сонымен катар, жоспарлануы, басқарылуы және ол ойынға қатысушылардың санына сәйкес біртіндеп курделендірілуі. Біз ойын ережесі мен ойын әрекетін мазмұндык-тәсілдік компонентке жатқызамыз. Ойын барысында балаларда ойынның, ең маңызды элементі - ойын кезіндегі жағдайлар пайда болады. Ойын жaғдaйлapынa балалардың киялын белсендіру, олардын болмыска эмоциялық қатынастары және ойыннан алған әсерлерінің болуы жатады. Ойын жардайлары ойында жарыс элементтерінің болуын, тартымды болуын, әзіл-қалжынның болуын, ерікті әрекеттердің, таңдаудың болуын қамтамасыз етеді. Ойынның аса міндетті құрылымдык элементінің біріне - оның нәтижесі жатады. Нәтиже айқын аз байкалатын және мерзімнен кейінгі болуы мумкін. Ойын нәтижесінде балалардың болмыска және бір-біріне катынастары айқын көрінеді. Ойында балаларды ьнталандыратын ұжымдық бағаның рөлі ерекше болмак. Осы арада әр педагогқа ойынға түзетулер енгізіп, ойынның жағымды жактарын көрсету, ойынды эмоииялык шарыктатып аяқтауды ескерген жөн. Жоғарыда карастырылған ойынның к.ұрылымдык. элементтерінің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ойын және ойын жағдаяттары тақырыптың мазмұнына, балалардың жастык ерекшеліктері және олардынкызығушылықтарына сәйкес аныкталады.

Сонымен, ойын технологиясының рөлін аша отырып. мынаны атап көрсетеміз, ол педагог-тәрбиеші мен балалардың арасындағы серіктестік деп аталатын өзара карым-катынастын ерекше түрін айкындайды.

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Ойын қай уақытта пайда болған? ойын туралы айтылған қандай ғалымдардың тұжырымдарын білесіңдер?

  2. Ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы неде Өздерің қосымша қандай ойын түрлерін сабақта қолданар едіңдер?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары (монография) Алматы, 1978

  2. Төтенаев Б., Диваев Ә. Халық ойындарының тәрбиелiк маңызы жайында //Қазақстан мектебi, 1984, №5

  3. Усова А.П. Роль игры в воспитаний детей. Москва, Просвещение. 1976

Тақырып 10. Оқу-тәрбие үрдісінде музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдану
Жоспары:

  1. Оқу үрдісінде ойынның әр түрлі жағдайларда колданылуы

  2. Ойынның негізгі қызметтері

  3. Музыка сабағында дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үрдісіне еңгізудің маңызды функцияларын атақратын орны

  4. Дидактика туралы ұғымға анықтамалар

  5. Дидактикалық ойын арқылы жалпы баланың қабілетін дамыту жолдары

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  қазіргі қоғамдағы білім саласының маңызы мен міндетіне жан-жақты тоқталып, мектеп оқушысынан студентке, қызметкерлерге дейін тынбай үйрену, үздіксіз іздену талабы туындап отырғанын баса айтты. Елбасымыздың бұл сөзі Қазақ елінің болашағына сара жол, жарқын күндердің керек екенін, бүгінгі заман талабы мен бәсекеге қабілеттілікке ұмтылу әрбір қазақстандықтың, парызы екенін айқындаса керек.


Ел болашағы білімді ұрпақтың қолында десек, өзің таңдаған мамандықтың білгірі болу үшін көп еңбектену, іздену керек.  
Абай атамыз айтқандай: « Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» демекші Отанымызға жарамды азамат болу, қоғамда өз орнын таба білу үшін үйрену мен парасаттылықтың керек екендігін сезіндіреді [1].

ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз шығармашылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген [2].

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.

Ойын оқыту әдісі ретінде халықтык педагогикада, бастауыш мектепте және мектептен тыс мекемелерде кеңінен колданылуда.

Оқу үрдісінде ойын әр түрлі жағдайларда колданылады:

• оқу материалының мазмұнын, бөлімін, тақырыпты, кандайда бір түсінікті, үғымды менгеруде;

• сабақ ретінде немесе оның бөлімі (кіріспе, бакылау, бекіту) ретінде;

• серуенді ұйымдастыруда және т.б.

Бүгінгі күні практикада қолданылып жүрген «ойын технологиясы» түсінігі білім беру мекемесіндегі педагогикалык үрдісті әр түрлі педагогикалык ойын формасында ұйымдастырудын әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын көрсетеді. Осы арада ойыннан педагогикалык ойынның айырмашылығын көрсетудің қажеттігі туындайды. Педагогикалык ойынның өзіне тән белгісі -окытудың нақты мақсатының болуы және оку-танымдык бағыттылығымен сипатталуы.

Сабақтың ойын тәсілдері және жағдаяттарының көмегімен ойын формасында өткізілуі, оқу іс-әрекетіне ынталандырушы кұрал ретінде қызмет атқарады,

Сабакта ойын тәсілдері мен жағдаяттарын пайдалану бірнеше негізгі бағыттарда жүзеге асырылады: ,

• оқу (дидактикалық) мақсаты балалардың алдына ойын міндеттері ретінде қойылады;

• оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;

• оку іс-әрекетіне дидактикалық міндеттерді ойынға ауыстыратын жарыс элеменетері енгізіледі;

• тапсырманың нәтижелі орындалуы ойын нәтижесімен байланыстырылады.

Ойынның негізгі қызметтері. Оқу үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оку элементтерінің үйлесуі, көп жағдайда педагогтың ойынның аткаратын қызметін дұрыс түсінуіне тікелей байланысты болады. Ойынның аткаратын кызметтері дегенді оның пайдалылығы, тиімділігі деп түсінген дүрыс. Соған сәйкес әр ойынның өзінің пайдасы болады. Ойынның ең маңызды деген кызметтерін бөліп көрейік:

Ойынның мәдени-әлеуметтік қызметі. Ойын - баланың әлеуметтенуінің

Ең күшті кұралы болып табылады. Баланың әлеуметтенуі - бұл оның әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылыктарды меңгеруі. Ойын барысында бала үлкендермен және құрбы- құрдастарымен қарым-қатынаста бола отырып, Болашак өміріне кажетті білім, іскерлікті, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды меңгереді. Ойынның мәдени-әлеуметтік кызметі осыдан көрінеді.

Ойын адамның өзін- өзіі жетілдіруіне қызмет етеді. Бұл ойынның негізгі қызмтінің бірі. Адам үшін ойын өзін жеке адам ретінде жетілдірудің аса маңызды саласы болып табылады. Осы жағынан алғанда адамға қандай да бір мақсатка жету немесе оның нәтижесі емес, ойынның нак өзі маңызды болып табылмақ. Ойын үрдісі - бұл адам үшін өзін-өзі жетілдіру кеңістігі болады. Практика керсетіп отырғандай, ойында адам өзін де бар немесе мүмкін болатын мәселелерін ашады, Тіпті олардан арыла алады.

Ойынның коммуникативті қызметі. Ойын - коммуникативті іс-әрекет. Өйткені, бала адамдар арасындағы өте күрделі карым-катынаска енеді. Егер ойын адамдардың карым-катынас формасы болса, онда өзара әрекетсіз, өзара Түсінусіз, өзара карым-катынассыз ешқандай ойынның болуы мүмкін емес.

Ойынның диагностикалық қызметі. Диагностика - диагнозды қою, тану -дегенді білдіреді. Ойынның алдын ала болжау касиеті бар десек артык емес,өйткені, біріншіден, индивид ойында барлык жағынан көрінеді; екіншіден, ойын өз-өзінен - «өзін-өзі көрсету маңы болады, оны 2 кестеден байқаймыз:

Кесте 2. Дидактикалық ойынның негізгі қызметтері

Коммуникативті қызметі Диагностикалық қызметі



Ойынтерапиялық Коррекциялық Көңіл-көтеретін

қызметі қызметі қызметі
Ойынның ойынтерапиялық қызметі. Ойынды адамның мінез-құлкында, оқуында. қоршаған ортамен карым-катынасында туындаған әр түрлі қиыншылықтарын жеңуде қолдануға болады. Д.Б.Эльконин ойын тәсілдерінің «терапевтік маңызын бағалай келе, ойын терапиясының тиімділігі бала рөлдік ойындарда алатын жаңа әлеуметтік катынастар практикасымен анықталады деп көрсетті.

Ойынның коррекциялық қызметі. Егер барлық бала ойыннын ережесі мен сюжетін меңгерсе, әрбір ойынға қатысушы өз рөлін ғана емес, сонымен катар, серіктесінің рөлін де жақсы білсе, ойын үрдісі мен мақсаты оларды біріктірсе, онда ойында психологиялык коррекция өз-өзінен табиғи өтеді. Жалпы коррекциялык ойындар топта құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста мәселесі бар және өзін қалыпты сезінуіне бөгет жасайтын қылықтарынан арылуға көмектесуге, мінез-құлкында ауытқу бар балаларға көмек керсетуге бағытталады.

Ойынның көңіл -көтеретін қызметі. Көңіл-көтеру - бұл әр түрлі нәрсеге әсерлену, қызығу, құмарту. Ойынның көңіл-көтеретін қызметі нақты комфортты жағдайды, жағымды атмосфераны, қорғаушы механизм ретінде рухани қуанышты, яғни жеке басты тұрактандыруды калыптастырумен байланысты болып келеді. Ойынның фантазияға «азық» беретін, сикырлы күші бар десек артык айтпаған болар едік.

Ойыи мотивтері және ойынды ұйымдастыру. Оқытудың ойын формасында өтуі мотивтердің (мотив - адамды әрекет жасауға итермелейтін



Қарым-қатынас мотивтері:

• балалар ойын барысында, бірігіп берілген тапсырмадарды шеше отырыи, қарым-катынас жасауға, құрбы-достарының пікірін тыңдауға

турткі) көптүрлілігін камтамасыз етеді. 1. үйренеді;

• ұжымдық тапсырмаларды шешуде балалардың әр түрлі мүмкіндіктері қолданылады;

• ойын барысындағы бірігіп бастан кешкен эмоциялык әсерлер жеке өзара қарым-қатынастың бекуіне мүмкіндік жасайды.

2. Моральдық мотивтер:

• әр бала ойында өзін, өз білімін, ісерлігін, мінезін, ерік қасиеттерін, іс-әрекетке, адамдарға катынасын көрсете алады.

3. Танымдық мотивтер:

• әр ойынның жақын нәтижесі (ойынның аяқталуы) болады, ол баланы мақсатқа жетуге (жеңіске) және мақсатка жету жолын түсінуге (басқалардан көбірек білу керек) ынталандырады;

• ойында әр топ немесе әр бала бірдей болады (барлығы ойынға катысушылар). Ойынның нәтижесі ойыншының өзіне, оның даярлык деңгейіне, кабілетіне. іскерлігіне, ұстамдылығына, мінезіне байланысты болады;

• ойындағы оқытудың жеке тұлға үшін маңызы артады;

• ойындағы табыс танымдык қызығушылық дамуы үшін жағымды эмоциялық фонды қалыптастырады. Ойындағы сәтсіздік жеке жеңілу ретінде емес. ойындағы женілу болады және ол танымдық іс-әрекетті ынталандырады (кек қайтару);

• жарысу - балалар үшін ойынның бөлінбейтін бөлігі болады;

• ойында үнемі кандай да бір құпия - алынбаған жауап болады, баланың ойлау іс-әрекетін белсендіреді, жауап кайтаруға итермелейді;

• ой үнемі шығатын жол іздейді, ол танымдык тапсырманы шешуге бағытталады.

Біздің ойымызша, балалар ойынын ұйымдастырудың педагогикалык шарттарына кслесі жайттарды жатқызған жөн.

Ойынды таңдау. Ойынды таңдау, ең әуелі, балаға, оған ненің кажет екендігіне, кандай тәрбиелік міндеттер өзінің шешімін талап ететіндігіне тікелей байланысты болады. Егер ойын ұжымда ойналса, онда ойынға катысушылардың құрамын, инттсллектуалдық дамуын, дене даярлығын, жас ерекшеліктерін, қызығушылыктарын, карым-катынас деңгейін, бір-біріне сәйкес келулерін және т.б. өте жақсы білу кажет. Сонымен катар, ойынды таңдау оны өткізу уақытына, ауа-райына, климат жағдайларына, уақыттың созылуына, күнге және оны өткізген айға, ойынға кажетті материалдардың жеткілікті болуына, балалар ұжымында қалыптаскан нақты жағдайларға да байланысты болады.Ойынның тағы бір кереметтігі ол кандай да бір нәрсені алудың құралы да бола алатындығында болмақ.

Ойын барысында бала өзара байланысты бірнеше мақсатты жүзеге асыра

алады. Мәселен, бірінші, ойын үрдісінің нак өзінен қанағат алу; екінші, қызметтік, ол ойын ережесінің, сюжеттің. рөлдің орындалуымен байланыстьі; үшінші, ойынның шығармашылык міндеттерін көрсетеді - шешу, шиеленістіру,нәтижеге жету және т.б.

Ойынның міндеті. Ойынның басты міндеті - тәрбие мақсаты мен бала тілнгінің сәйкес келіп, оған қызығушылықты ояту. Сонымен қатар, оған оның ережесін және әрекет ету техникасын түсіндіруде жатады. Ойынды түсіндіру бұл аса жауапты іс екендігін еш ұмытпау керек. Ойынды өз ерекшелігіне карай ойын алдында қыска және анық түсіндірген жөн. Түсіндіруге ойынның аталуы, оның мазмұнын әңгімелеу және оның негізгі және қосымша ережелерін түсіндіру жатады.

Ойын алаңын құралдармен жабдықтау. Ойын өткізілетін орын оның сюжетіне, мазмұнына, ойынға қатысушылар санына сәйкес келуі. балалар үшін қауіпсіз, қолайлы, гигиеналык нормаларға жауап беруі керек. Онда балаларды жақындататын әр түрлі факторлардың болмауында ескеру кажет.

Ойын, мейлі аулада, мейлі балабақшада өткізілсін өзінің шешімін талап етеді. Сонымен катар, балалардың жасына, олардын жаңаға, ерлікке, ұшыраулары. жоқ киялға талпынысына жауап беретін эстетикалық жоспары болуы керек екенін есте ұмытпаған жөн.

Ойында командаларға, топтарга, рөлдерге бөлу. Ойыншылар деп кәдімгі жағдайда ойынды өткізуге қатысатын балалар ұжымын айтады. Қазіргі практиикада ойынға катысушыларды топқа, рөлдерге бөлуді жеребе салу, санау тәрізді тәсілдермен жүзеге асыру орныққан.

Балалар ойынындағы ең жауапты сәттердің бірі - рөлдерге бөлу. Олар негативті және пассивті, басты және қосалкы болуы мүмкін.

Бөлу баланың жынысына, жасына, дене дамуының ерекшеліктеріне байланысты болмауы керек.

Әр тәрбиеші бала үшін кай рөлдін тиімді болатынын ескере отырып, келесі тәсілдерді қолдана алады:

• рөлге тікелей ересектерді тағайындау;

• рөлге ересектер аркылы тағайындау (капитан, бастаушы);

• рөлге сайыс нәтижесі бойынша таңдау (ең жаксы костюм);

• баланың тілегі мен ерікті қабылдау;

• ойында рөлдерді кезектесіп орындау.

Ал командалык рөлдерді бөлуде кейбір жайттарды ескеру керек, мәселен, ойындағы рөлдің беделі төмендерге беделін көтеруге, белсенді еместерге -белсенділік көрсетуге, тәртібі дұрыс еместерге - ұйымшыл болуға, жаңадан кезгендерге, балалар ұжымынан шет қалғандарға өзін көрсетуге. басқалармен достасуға кемектесуі және т.б.

Сонымен катар, рөлде әрекеттің болуьн ұмытпау керек: егер рөл әрекетсіз болса, бала істейтін ештеңе болмаса, айтпаса да түсінікті ол ойыннан шығады. Ойында жағымсыз рөлді колданбау керек, оларды тек әзіл-калжың жағдайларында пайдаланған жөн.

Ойын жағдаятын дамыту. Ойын жағдаятын дамыту деп ойынға катысушылардың жағдайын өзгертуді, ойын ережесін күрделендіруді, жағдайды ауыстыруды, ойын әрекеттерін эмоциямсн байытуды түсіну керек. Ойынға катысушылардың әлеуметтік жағынан белсенді болатындығы сонша, олардың ешқайсысы ойында өз міндетін орындаудың барлык жолдары мен әрекеттерін соңына дейін біле бермейді. Баланың ойыннан алатын қанағаттану сезімі мен қызығушылығын камтамасыз ету механизмінің өзі осыдан тұрады.

Ойынды ұйымдастырудың негізгі принциптері де есте ұстайтын керекті шарттардың бірі болмак. Оларға жататындар:

• балалардың ойынға өз еркімен катысуы;

• ойын динамикасының даму принципі;

• ойын атмосферасын қолдау принципі (балалардың шынайы сезімін қолдау);

• ойын іс-әрекетіндегі өзара байланыс принципі;

• ойынның қарапайым формасынан күрделі формасына өту принципі: карапайым ойыннан күрделіге өту ойын тапсырмасы мен ережессін мазмұнын біртіндеп күрделендірумен байланысты болады.

Ең соңында, ойынның тәрбиелік, білім берушілік құндылығы, сөзсіз оған педагогтардың катысуына байланысты болады.

Дидактикалық ойындар оқытудың құралы қызметін орындай отырып, сабақтың құрылымдык бөлімі бола алады. Ол білімді меңгеруге, бекітуге, | танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Балалар заттардың ' белгілерін, қасиеттерін біледі, топтастыруға, жалпылауға, салыстыруға үйренеді. Дидактикалык ойындарды оқыту әдісі ретінде қолдаңу балалардың сабақка кызығушылығын арттырады, бағдарлама материалын жақсы меңгеруге мүмкіндік жасайды. Әсіресе, бұл ойындар қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, қарапайым математикалык түсініктерді қалыптастыру сабақтарында аса тиімді.

Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады [2].

Ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орнының ерекшелігіне қарай былайша жобалаймыз, оны 4 кестеден байқауға болады:
Кесте 4. Музыка сабағында дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үрдісіне еңгізудің маңызды функцияларын атақратын орны


Музыка сабағында дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үрдісіне еңгізудің маңызды функцияларын атақратын орны

Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.

Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші

Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.

Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.


Коммуникативтік ойын.

Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.


Ойынның диагностикалық функциясы.

Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.


Ойынның емдеу функциясы.

Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.

Ойынның түзету функциясы.

Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.

Ойынның көңіл көтеру функциясы.

Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.

Музыка сабағында ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды, оны төмендегі 1 суреттен көруге болады:









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет