Султанова нургуль камильевна



бет9/17
Дата16.06.2016
өлшемі5.12 Mb.
#139120
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Сурет. 1 Дидактикалық ойын арқылы жалпы баланың қабілетін дамыту жолдары

Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйелегенін 5- кестеден көреміз[4]:



Кесте 5. Ойын түрлерінің жүйеленуі.


Ойын түрлерінің жүйеленуі

Мазмұнды бейнелі ойын:

Отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер

Қимыл қозғалыс ойындары:

«ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан

Дидактикалық ойындар:

Заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.


Рөлді-сюжетті ойындар:

Ертегі, ән айту, би билеу, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.


Құрылыс ойындары:

Лото, және басқа констукторларды пайдалану.


Әр баланың бойындағы талап-талғамдарын арттырып, өмірге, жақсы қасиеттерге құштарлық сезімдерін байытып, әсіресе рухани сезімдерін барынша молайтып, күш-қуатын, жігерін шыңдау – абыройлы міндетіміз.

Осыған орай біздің тәжірибемізде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.

Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланса. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді.



Дидактикалық ойындарда оқу, танымдык міндеттер ойын міндеттерімен өзара байланысты, сондыктан ойынды ұйымдастыруда сабакта баланы қызықтыратын элементтердің болуына ерекше мән беру керек: іздеу, күтпеген нәрсе, бір нәрсені шешу және т.б.

Псдагог ойын-сабақтарында балаларға мақсаттьі әсер етеді, ойынның мазмұнын, оны өткізудің тәсілдерін ойластырады, дидактикалык міндетті барлық баланың қабылдауына қол жеткізуге талпынады. Тәрбиеші бағдарлама талаптарын ескеріп, оқу материалын жүйелі күрделендіреді, тиісті іскерлікті қалыптастырады, психикалық үрдістерін (кабылдау, ойлау, тіл және, т.б.) дамытады.

Бастауыш мектеп педагогикада барлык дидактикалық ойындар үш негізгі топқа бөлінген: заттармен (ойыншықтар, табиғи материалдар) ойналатын ойындар, үстел үсті-баспа ойындары және сөздік ойындар.

Дидактика (гр. didaktikos– тәлімді)– білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы [1, 52 б].

Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIIIXIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды. И.Г.Пестолоций пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.



Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.

Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық дидактикада ойдың терең қазынасы болып табылады. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.

Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған [2, 25 б, 3,92 б, 4,128 б].

Оқу процесіндегі дидактиканың мәні. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы оқытушылардың қызметін, ал оқып-үйренуді ұсынылған білімдерді игеруге бағытталған білімгерлер іс-әрекетін танытады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) оқытушы мен оқып-үйренушінің бірлескен ескен іс-әрекеті; 3) басқару оқытушы тарапынан; 4)жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6)білімгерлердің жас ерекшелік даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) білімгерлердің дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.

Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу: қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса - қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқу қажет деген мәселелерді қарқыңды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары, нәтижесі. Дидактикалық жүйе және оның технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да, ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика– бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым [5, 156 б].

Дидактикалық жүйелер уакыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841)дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Комменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің элементтер болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.






Дидактикалық материалдар – үлестірмелі материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша үлестірмелі материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,жарты жылдық, жылдық), дидактикалық ойындар болып бөлінеді.

Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану оқушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады [6, 5 б]. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы: олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

Музыка пәнің оқытудың тәжірибесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезендегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, визнеске және тағыбасқада салаларға мамандар даярлайтын бағдарламаларды игеру мен қатар қазақ халықының музыкалық ойындарын атап айтып жатқызуға болады.

Себебі: Қазақ балаларының ойын -сауықтары күнделікті көшпенді малшы отбасының еңбек тіршілігіне байланысты болады. Мұның бәрі халық өлеңдерінде, аңыздарында би мен ойын қимылдарында өз көрінісін тапқан. Балалар ойындарының көпшілігі олардың жасына сәйкес қара өлең түріне ғана емес, музыка мен әннің сүйемелдеуімен өткізілген. Мысалы, «Асай мәстек» атты балалар ойынында жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шақырады:

Ер екеніңді білейін,

Ешкі сойып берейін.

Тақия алсаң еңкейіп

Құламасаң теңкейіп,

Ерлігіне сенейін.

Өзінің ептілігін сынап көргісі келген ойында:

Асау мәстек бұл болса,

Үйретейін, көріңіз

Маған таяқ беріңіз деп,-деп , ортаға шығады да жүргізушіден алған таяққа сүйене отырып көрпеше немесе киіз оралған қыл арқанға малдас құрып отырып алып , тепе-теңдігін жоғалтпай , жерден тақия алуы тиіс. Оны орындай алмаса , ойын аяқталысымен «айыбына» ән шырқайды, не күй шертеді. Бұл ойын ептілікті , шапшандықты , машықтануды, баланың музыкалық әншілік қабілетінің дамуына жәрдемдеседі. Байқап қарасақ , балаларға арналған ойындар олардың әндерін жетілдіруге тәрбиелейтін өзінше бір сабақ.



Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.

Біріншіден, ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы баланың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады.

Екіншіден, ойын баланың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда оқушы өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Сонымен бірге олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды.

Үшіншіден, ойын арқылы бала оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі.

Қорытындылай келе айтарымыз, музыкалық-дидактикалық ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау. Ойынды халқымыз балаларын тәрбиелеуде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «...баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» [6] деген қағидасын басшылыққа алған жөн.

Музыкалық-дидактикалық ойын материалдары оқушыларды мен білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, олардың музыка пәніне деген қызығушылықтарын арттырады, бағдарламалық материалдарды оқу-тәрбие үрдісіне қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.


СӨЖ тапсырмалары:


  1. Оқу үрдісінде ойынның әр түрлі жағдайларда қалай колданылады?

  2. Ойынның негізгі қызметтерінің түрлері қандай?

  3. Музыка сабағында дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үрдісіне еңгізудің маңызды функцияларын атақратын орнынын ата?

  4. Дидактика туралы ұғым, оның атасы кім?

  5. Дидактикалық ойын арқылы жалпы баланың қабілетін дамыту жолдарында қандай сабақ түрлерін енгізуге болады?


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030 стратегиясында барлық қазақстандық-тардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» - атты жолдауы. - Алматы: ЮРИСТ, 2001. -104 б.

  2. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы.- A.,1976-223б

  3. СағындыковЕ. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, Рауан, 1992

  4. Әлiмбаев М. Халық - ғажап тәлiмгер. Рауан, 1994

  5. Әлiмбаев М. Халық - қапысыз тәрбиешi - Алматы, 1977. – 112 б.

  6. Әуезов М. Қазақтың халық жұмбақтары - Алматы, 1959. - 65 б.

  7. Әбiлова З. Оқушыларға кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру - Алматы, 1969. - 280 б.

Тақырып 11. Ойын технологиясы арқылы музыканы оқыту – 4сағ.
Жоспары:

    1. Ойын технологиясының мазмұны.

    2. Дидактикалық ойындардың мақсаттары.

    3. Музыкалық ойын түрлері.

Бүгінгі күні дидактика саласындағы орнықты мәселелердің бірі – білім берудегі ойын технологиясы. Музыка пәнін оқытудың тәжірбиесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл- ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және тағы басқа да салаларға мамандар даярлайтын бағдарламаларды игерудегі ойындар жатады.

Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейінен тұрады: кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары. Ойын сонымен қатар оқушылар мен студенттердің, мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілердің бірлемкен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға тиімді.

Оқытудың ойын формасын қолдануға екі жақты дидактика анықталады, біріншіден, ойнау үшін білу, үйрену қажеттілігін,екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алу, өмір тәжірибесін жинау қажеттілігі.

Мұғалімнің балалар ойынындарынғы рөлі маңызды және ерекше. Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі кеңесші әділ, төресіші, сонымен бірге арасында / олардың жолдаксы бола алады.

Ол ойын кезінде оқушылар арасында қарым – қатынастар қалыпты келеді, жеке жетістіктер ысырылып кетеді, талас – тартыс ұмтылады, барлығы да ортақ мүдде туралы ойлайды.

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі негізгі іс әрекеті ойын десек, сабаққа да олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделу керек.Ол сабақ арасында пайдаланатын дидактикалық ойындар арылы жүзеге асырылады.

Дидактикалық ойындардың арнайы мақсаты бар және нақты міндеттерді шешеді.

Ойын мақсаты: бағдарламадағы білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру,тиянақтық және пысықтау немесе тексеру сипатында болады.

Ойын міндеті: балалардың қызушылығын оятып, белсенділік арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен танылады.

Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.

Ойындарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты бар:



  • танымдық, оқушының тану, іздену мақсаты;

  • тәрбиелік, сыныптармен немесе үлкендермен қарым-қатынас кезінде қажетті дағдырларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мына негіздерге сүйенеді:

    1. Балалардың іс- әрекетінде ойын түрлеріне оқытуды байланыстырып және қызықты, жеңіл ойын тапсырмалары арқылы оқу - тәрбие мәселесіне көшу.

    2. Ойыннның шарты мен оқу міндеттерінің күрделенуі.

    3. Тапсырмаларды шешу арқылы оқушының ақыл-ой белсенділігін арттыруы.

Дидактикалық ойындардың маңызы мынада :

  1. Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін нақтылайды.

  2. Әрбір қолданған Дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорн молайтады, ақыл- ой қорын қаыптастырады.

  3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеуде үнемі қызмет атқарады

Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстанымдылықты , тәрбилікті қажет етеді. Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы болып келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.

Дидактикалық ойындар оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білуін дағдыландыруға әсер етеді, ойлау қабілеттерін, ізденістерін арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі.

Дидактикалық ойындардың тиімділігін олардың сабақтың әр әр кезеңдегі орыны мен міндетін, мақсатын дәл анықтайға , оны қолданудың теориясы мен тәжірибесін бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындауға, ойын барысында оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Дидактикалық ойындарды пайдалануға мына төмендегі шарттарды қолдану тиімді:



  • Егер бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың ойын әректін ұйымдастыру жолын меңгерсе;

  • Ойын түрлі типтерінің өзара әрекетін қамтамасыз ете білсе;

  • Бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидактикалық ойындардыға берілсе.

  • Бастауыш сыныптардағы сабақтарда Дидактикалық ойындарда өткен тақырыптарды пысықтау, қайталау кезінде қолданған дұрыс пайдалы.

  • Мен музыка сабағында балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында мынадай бірнеше музыкалық ойын түрлеріне тоқталғым келеді:

  • «Ырғақты аккомпанент» - Оқушыларды 2 топқа бөліп, бірнеше топ әнді орындайды, ал екінші топ ақырын шапалақпен белгілі ырғақты соғады. Мұндай «аккопанент» әннің ырғағын тез үйренуге көмегін тигізеді және әуенге жаңа өң береді.

Оркестр ойыны - Бұл ойынға қатысу үшін оқушыларға алдын ала дайындалған музыкалық аспаптар тартылады (тұяқтас, сылдырмақ, ағаш қасықтар). Бұл аспаптарды балалар үйлерінен де алып келуге болады.Ұнтаспадан музыка тыңдау арқылы, оқушылар ырғақ соза бастайды, және басқа да оркестрде кездесетін аспаптарды қимылымен келтіру арқылы музыканы тыңдайды. Бұл «оркестр» ойынын ойнаған кезде шығарманың көңіл күйін келтіре білу маңызды. Мысалы, көңілді- мұңлы, қатты немесе ақырын, нәзік немесе үрейлі. Бұл ойын тыңдаған музыканың көңіл- күйін ажыратуға және әуенді тәз жадында сақтауға көмегін тигізеді.

«Сурет салу ойыны» - Қандай да бір күйді тыңдар алдында оқушыларға мынадай тапсырма беруге болады: балалар егер композитор болсандар, мына күйді қалай атар едіңдер?

Күйді тыңдап болған соң, осы күйдің желісі бойынша көз алдарында есептеу арқылы суреттер салғызу. Бұл ойын баланың қиялын дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Музыкалық викторина - Оқушылар тыңдаған, музыкалық шығармалардын естеріне мақтау үшін немесе сол шығарманы тереңірек түсіну үшін қайталаудың орыны бөлек. Ол үшін түрлі музыкалық викторина ұйымдастыру керек. Тыңдаған шығармалардан үзінді тыңдатып, оны бірден жадыратуға дағдыландыру.

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында түрлі жолдармен жарыққа шығады. Ал мектеп оқушылары өзіне тән ерекшеліктерін сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Сондықтан, сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған

ойындар ақылын, дүниетанымын кеңейтеді және сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан, ғылыми тұрғыда негізделген ойын түрлерін сұрыптап ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет. Ойындарды ұйымдастыру екі мақсатты көздейді:



  • танымдық яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;

  • тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз достарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Ойынның маңызы мынада:

      1. дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп нақтылай түседі.

      2. оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

      3. адамгершілікке тәрбиелеу құралы. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған

материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді.

Меніңше, оқушы білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастыра білуге, оқушыларды шығармашылықпенжұмыс істеп, білімдері мен дағдыларын біліктілікпен дамытуға, сабақ мазмұнына қарай әр түрлі әдіс- тәсілдерді, ұлтық ойын түрлерін пайдалануға байланысты.

Сабақты осылай түрлендіріп өткізу оқушылардың қызығушылығын оятып қана қоймайды, сонымен бірг олардың талабын ұштап, қиялын дамытып, ой- өрістерін кеңейтуге, өз бетімен ізденуге үлкен септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет